Алеуметтану тероиясы indb


Драматургиялық сараптама: Эрвинг Гоффманның еңбегі



Pdf көрінісі
бет187/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Драматургиялық сараптама: Эрвинг Гоффманның еңбегі
Эрвинг Гоффман жайлы Чикаго мектебінің ең соңғы ірі ойшылы ретінде жиі 
айтылады (Scheff, 2006; D.E. Smith, 2006; Travers, 1992; Tseelon, 1992). Файн 
мен Мэннинг (2000) оны ХХ ғасырдағы Американың ең беделді әлеуметта-
нушысы деп санайды. 1950–1970 жылдар аралығында Гоффман символдық 
интеракционизмнің басқа нұсқасы ретінде драматургиялық анализ жайлы бір-
неше кітаптар мен очерктер жазды. Гоффман кейінірек өзінің көзқарастарын 
өзгерткеніне қарамастан, драматургиялық теорияның негізін қалаушы ретінде 
танымал (Alieva, 2008; P. Manning, 2005a, 2007).
1959 жылы Гоффманның драматургиялық теория жайлы айтылатын атақ-
ты Presentation of Self in Everyday Life («Күнделікті өмірдегі менің таныстыры-
лымым») кітабы жарық көрді. Гоффман театрланған көріністер мен күнделікті 
өмірде, қарым-қатынас кезінде қолданатын «ойын/act» арасында байланыс көп 
екенін аңғарған. Әлеуметтік қарым-қатынастар өте нәзік құбылыс ретінде қа-
растырылады. Дұрыс орындалмаған немесе сәтсіздіктер театрланған қойылым-
дардың баламасы ретінде әлеуметтік қарым-қатынасқа үлкен қауіп деп санады.
Гоффман сахна мен әлеуметтік қарым-қатынасты бір-біріне балама түрінде 
өте жиі салыстырумен болды. Әрбір әлеуметтік қарым-қатынаста театр қойы-
лымдарындағы авансахна секілді алдыңғы орын болады. Сахнадағы актерлерге 
сыртқы бейне, киім, реквизит қаншалықты маңызды әрі керек болса, күнделік-
ті өмірде де адамдарға олар соншалықты қажет. Одан бөлек екеуінде де дайын-
далып алу үшін сыртқа шыға тұратын артқы орын бар.
Театр терминімен айтар болсақ, орындаушылар ол жақта өз «бетперделе-
рін» шешіп, өздерімен-өздері бола алады.
Драматургиялық анализ символикалық интеракционизммен тамырлас. Ол 
актерлерге, әрекеттерге және өзара әрекеттесуге баса назар аударады. Дәстүрлі 
символикалық ин теракционизм тәрізді алаңда жұмыс істеу арқылы Гоффман 
сол театрдағы ойынды әлеуметтік процестерге айналдырудың керемет жолын 
тапқан болатын (P. Manning, 1991, 1992).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет