Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет196/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   596
Теориялық синтез
Микро- мен макро-, агенттік пен құрылым бағыттары 1980 жылдары пайда 
болып, екеуі де әлеуметтануда 1990 жылдарға дейін жоғары позицияда тұр-
ды. Олар жалпы кең арналы ағымға бастау болды, 1990 жылдардың басында 
басталған теориялық синтезге бағыт берді. Реба Льюистің (1991) пікірінше, 
әлеуметтанудың салыстырмалы төмен деңгейі үлкен интеграцияға апарар 
жолда жіктелген болуы мүмкін, әрі ол пәннің мәртебесін көтеруі ықтимал 
еді. Мұнда біз екі не одан көп әртүрлі теориялардың ашық түрде бірігуіне 
деген талпынысты байқай аламыз (мысалы, құрылымдық символизм мен 
символикалық интеракционизм). Ондай талпыныстар әлеуметтік теория 
тарихында көбірек кездеседі (Holrnwood and Stewart, 1994). Сонымен қатар 
әлеуметтік теорияда жаңа синтетикалық қызметтің екі ай рықша сипаты ай-
қындалды. Біріншіден, ол кең таралған әрі синтездің бір та рапты талпыныс-
тарымен шектелмеген. Екіншіден, оның мақсаты, ең бастысы – барлық әлеу-
меттік теориялардың орнын басатын үлкен синтезделген теорияны жасап 
шығару емес, теориялық идеялардың салыстырмалы түрде кең синтезделуі. 
Бұл синтезделген еңбектер осы тарауда талқыланған көптеген теориялардың 
арасында аталып өтті.
Кейіннен әлеуметтанудан тыс перспективаларды әлеуметтік теориялар-
дың ішіне енгізуге тырысты. Мәселен, әлеуметтік және саяси теорияларды 
бі рік тіруге тырысатын «әлеуметтік және саяси ой» атты бірнеше зерттеу 
бағ дар ламалары бар. Шынында да, шыққанына көп болмаса да, жоғарыда 
көрсетілген European Journal of Social Theory журналының негізгі қағидала-
рының бірі – «Классикалық ойларды қайтадан пайымдап, әлеуметтік және 
тұжырымдардың арасындағы бөліністі жою» болды (Delanty, 1998:1; see 
also B. Turner, 2009). Бұл дегеніміз – қазіргі әлемдегі оқиғаларды дұрыс тал-
дау пәнаралық перспективаларды талап етеді деген сөз. Theory, Culture and 
Society, сонымен қатар Body and Society журналдары негізгі заманауи әлеу-
меттік теориялар мен пәнаралық перспективаларды қамтиды. Биологиялық 
идеяларды әлеуметтануға, соның нәтижесінде социобиология (Crippen, 1994; 
Maryanski and Turner, 1992) және аффект теориясына (Clough, 2008; Gregg 
and Seigworth, 2010; Massumi, 2002) енгізуге деген ынта болды. Экономиканың
дамуы нәтижесінде рационалды таңдау туындады, ол әлеуметтанудан басқа 


246
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
өзге де білім салаларын қамтыды (Coleman, 1990; Heckathorn, 2005). Жүйе-
лік теорияның тамыры XX ғасырдағы қолданбалы ғылымға жатады. Никлас
Луман ([1982] 1995) жүйелік теориялар тізбегін құрудың керемет үлгісін көр-
сетті, оның әлеуметтік әлемде қолданылуы әбден мүмкін еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет