Алеуметтану тероиясы indb


Нәсіл және отаршылдық теориялар



Pdf көрінісі
бет192/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   596
Нәсіл және отаршылдық теориялар
Заманауи әлеуметтік теорияның тағы бір маңызды жаңалықтары нәсілшілдік 
пен отаршылдық теориясы дүниеге келді. Олардың өз кезіндегі және бүгінгі 
таңдағы маңыздылықтарына қарамастан, ғалымдар нәсілшілдік пен отаршыл-
дық теориясына көп көңіл бөлмеген. Нәсіл, У.Э.Б. Дюбуа ([1903] 1996) айт-
қандай, өзінің америкалық және жаһандық қоғамда басты ұйым дас тырушы-
лық қызмет атқаратыны үшін маңызды. Барлық заманауи нәсіл теориялары 
нәсілдің табиғи, биологиялық категория еместігімен келіседі. Керісінше, ол 


241
6-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
уақыт пен орынға қарай өзгере алатын әлеуметтік құрылым. Осы тұрғыдан 
келгенде, заманауи нәсілдердің құрылымында отаршылдықтың алатын орны 
ерекше маңызды. Қазіргі біздің түсінігіміздегі нәсіл отаршылдыққа дейін бол-
маған (Omi and Winant, 2015). XVI ғасырдан бастап, XX ғасырдың ортасына 
дейін еуропалық елдер Африкада, Азияда, Латын Америкасында, Солтүстік 
Америкада өз отарларын құрды. Әлеуметтік дарвинизм сияқты, нәсілдік ие-
рархия нәсілдік зорлық-зомбылықты заңдастыру үшін ғылыми теорияларды 
пайдаланды.
Нәсіл, әсіресе отаршылдық теориясы бойынша аса маңызды талдау жа са-
ған автордың бірі – Франц Фанон (1925–1961). Ол психиатр әрі философ еді, 
оның идеялары нәсіл мен отаршылдық тақырыбындағы көптеген әлеуметтік 
теорияларға ықпал етті. Фанон ([1952] 2008) Black Skin, White Masks («Қара 
нәсіл, ақ бетперде») атты еңбегінде адамдардың психологиялық жағдайын си-
паттады. Осындай түсініктерге қатысты Дюбуа марксизмге сүйеніп, отаршыл-
дық субъектілер «саналық құлдырауға» ұшырайтыны туралы айтты (Fanon, 
[1952], 2008:170). Фанон The Wretched of the Earth («Қарғысқа ұшыраған жер») 
еңбегінде Маркстің теориясымен қанаттанып, отаршылдық революция тео-
риясын тұжырымдауға ұмтылды ([1961], 2004). Онда ұлттық сана дамуы мен 
отаршылдық үстемдіктің алдын алудағы зорлық-зомбылық революциясының 
орнын сипаттайды.
ХІХ ғасырдың ортасында әлемнің біраз бөлігі деколонизацияланды. Бі-
рақ, постколониалды теорияшылардың ойынша, деколонизацияға қарамастан, 
отаршылдықтың билік құрылымы өзгеріссіз қалды. Постколониализм тео-
риялары әдебиеттік зерттеулерде пайда болды. Осылайша, колониалды және 
постколониалды биліктегі мәдениеттің рөлін айқындады. Мысалы, Эдвард 
Саидтың (1935–2003) пікірінше, ориентализм ғылыми салада теріс, бірақ ық-
палды «шығыстық» қоғамдардың сипаттамасын айқындады ([1978] 2003).
Постколониалды феминизм мен трансұлттық феминизм саласындағы зерт-
теулер әйелдердің нәсіл мен топ, жыныс пен отаршылдық интерсекциясының 
әсерін қарастырды. Ол әдебиет теориясына негізделгендіктен, постколониал-
ды идеялар әлеуметтану теориясында кең таралмаған болатын. Осы тұрғыда
кейбір әлеуметтанушылар көрсеткендей, постколониалды идеялар заманауи 
әлеуметтік ой мен сана-сезімге қаншалықты ықпал ететінін байқауға болады 
(Go, 2013; Steinmetz, 2013).
Құрама Штаттарда нәсілдің бірнеше ықпалды теориялық топтары бар. 
Біртұтас нәсілдің заманауи зерттелуі сыни көзқарас арқылы анықталады. Ол 
сыни нәсілдік теориясында және нәсіл мен нәсілшілдіктің сыни теориясында 
өз көрінісін табады. Сыни нәсілдік теория 1960 жылы азаматтық құқық үшін 
ұйымдастырылған қозғалыстардың өз күшін жоюынан бастау алады. Сондай-
ақ тек әлеуметтік белсенділікті жандандырып қана қоймай, нәсілдің жаңа тео-
рияларын ойлап табуға деген қажеттіліктер туындады. Сыни нәсілдік теория 
құқықтық жүйенің нәсілдік теңсіздікке қалай әсер ететінін зерттейді. Дәл осы 
сияқты сыни теориялар мен нәсіл теңсіздік құрылымына көңіл бөлді, бірақ 
кең әлеуметтік көзқарас ұстанымы ретінде өз позициясын ұстап тұра алмады. 
Әлеуметтік теорияшылар нәсілдік нақты теориялар ойлап тапты. Мысалы, 
Майкл Оми мен Ховард Уинант (2015) нәсілдік формациялардың конструк-
ционистік теориясын жасады. Эдвард Бонилла-Силва (2014) түске қатыссыз 
нәсілшілдік теориясын ұсынды. Жақында ғана Эмирбайер мен Десмонд (2015) 
нәсілдің жүйелік теориясы атты зерттеуін жарыққа шығарды. Олардың ай-


242
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
туынша, нәсілдік қасиет бойынша эмпирикалық зерттеу дәстүрлері болғаны-
мен, әлеуметтану зардап шекті, себебі нәсілдік теорияның жалпы ортақ тео-
риясы болған жоқ. Олардың ұстанымы Бурдьенің «өрістері» ұғымына негіз-
делді және нәсіл мен нәсілшілдік әлеуметтік тәртіптің әртүрлі деңгейлерінде 
қалай жүзеге асатынын көрсетті.
Соңында, ғылыми танымның жаңа аймақтары пайда болды, олар нәсілшіл-
дік пен отаршылдық қалдығынан құтылуға тырысуда немесе қорыта келгенде
Батыс білімін қайта қарастырумен айналысуда. Сонымен теорияның өзі нәсіл-
дік айырмашылықтың аражігін бөлген Батыс біліміне сүйенген ұғым ретінде 
қарастырылды. Теория батыста орныққан теориялардың нәсілдік айырмашы-
лықтарының қайта жаңғыртуын көрсетеді. Батыс теориясына өзгерістер енгізу 
мақсатында Райен Коннелл (2007) сияқты ғалымдар мемлекеттану ғылымы-
мен де айналысты (A. Simpson and Smith, 2014; L. Simpson, 2011). Олар оң-
түстіктегі (Үндістан, Латын Америкасы, Иран) және жергілікті халықтардың 
(аборигендер, тұрақты солтүстік америкалықтар) арасында туындап жатқан 
әлеуметтік теорияларға назар аударды. Жоғарыда аталып өткендей, феминис-
тік көзқарас және төменде көрсетілген постмодернистік көзқарас сияқты, олар 
теория мен оны жүзеге асыру туралы дәстүрлі ұғымдарға қарсы шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет