293
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
акторларға тиесілі ресурстар. Көбірек материалдық ресурстарға ие акторлар
қарсы шығуы немесе бұл материалдық шектеулерді өзгертуі мүмкін. Дәл осы
уақытта кімде ресурс аз болса, олардың ойлары мен іс-әрекеттері материалдық
күйімен ерекшеленуі ықтимал.
Үшіншіден, Коллинздің тұжырымдауынша, топтардың теңсіздігі жағда-
йында ресурстарды бақылайтын топтар ресурсы жоқ топтарды пайдалануға
тырысуы мүмкін.
Осындай жағдайда пайда көретіндер саналы түрде есепті қажет етпейтінін
көрсетіп, сақтық жасайды; дұрысы, қанаушылар тек өздерінің ойынша тиімді
болатын мүдделерді көздейді. Процесс барысында олар ресурсы жоқтарды пай-
далануы мүмкін.
Төртіншіден, Коллинз конфликт теорияшысының мүдделер, ресурстар және
билік тұрғысынан сенім және мұрат сияқты мәдени құбылыстарды қарастыруы
дұрыс деп есептеді. Ресурстары бар мұндай топтар, сәйкесінше, билікте өзде-
рінің идея жүйелерін бүкіл қоғамға міндеттеп қоюы әбден мүмкін. Ресурстары
жоқ адамдарда да өздеріне жүктелген идея жүйесі бар.
Ақырында, Коллинз стратификацияны және әлеуметтік өмірдің басқа да ас-
пектілерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге ден қойды. Осылайша, ол бірқатар ке-
ңес тер берді: әлеуметтанушылар стратификацияны теорияшылыққа салынбай,
эмпирикалық тұрғыдан, мүмкін болса, салыстыру арқылы зерттеуі қажет. Гипо-
тезалар салыстырмалы зерттеулер арқылы эмпирикалық түрде тексеруден өткі-
зіліп, тұжырымдалуы тиіс. Сонымен әлеуметтанушы әлеуметтік құбылыстар-
дың себептерін, атап айтқанда, әлеуметтік мінез-құлықтың түрлі формаларын
іздестіруі керек.
Мұндай ғылыми міндеттеме Коллинзді конфликт пен қоғамдық өмірдің түр-
лі нақты аспектілері арасындағы өзара байланыс туралы кең көлемді ұсыныстар
жасауға алып келді. Бұл жерде біз Коллинздің конфликт теориясымен оқыр-
манды аз да болса таныстыру үшін кейбір тұжырымдарын ғана ұсынамыз.
1.0. Тәжірибе алмасу және тапсырыстарды қабылдау – жеке көзқарастар
мен мінез-құлықты анықтаушы негізгі факторлар.
1.1. Адам неғұрлым бұйрық берген сайын тәкаппар, өзіне сенімді бола тү-
седі, ресми және ұйымдастыру мақсатындағы іс-әрекетін көбінесе бұйрық
берумен шектейді.
1.2. Адам неғұрлым бұйрықтарды орындаған сайын бағынышты бола бе-
реді, көнбіс, ынтасыз, кіріптар, басқаларға сенбейді, марапат күтеді және
әдепсіз.
(R. Collins, 1975:73–74)
Басқалармен салыстырғанда, бұл тұжырымдардың барлығы Коллинздің
әлеуметтік конфликтілердің шағын масштабтағы көріністерін айқындауда
ғы-
лыми-зерттеуге сүйенгендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: