303
8-тарау
•
Неомарксистік теорияның әралуандығы
Лукач капиталистік қоғамды таптық санаға бола түрлі топтарға бөліп са-
лыс тырған. Ол капитализм шеңберінде құрылымдық жағдайдың екіұштылы-
ғынан ұсақ буржуазия мен шаруада таптық сана дами алмайтынын дәлелдейді.
Бұл екі тап – феодалдық дәуірдегі қоғамның жарқын өкілдері, олар капита-
лизм табиғатын нақты бейнелеуге қабілетсіз. Буржуазия таптық сананы дамы-
туға қабілетті, дегенмен ол капитализмнің даму әрекетін бейтарап түрде сезіне
алатын, объективті заңдарға бағынатын жанама құбылыс ретінде түсінеді.
Пролетариатта шынайы таптық сананы дамыту қабілеті бар және бұл жағ-
дайда буржуазия «қорғана» бастайды. Лукач пролетариатты сыртқы күштер
арқылы оңай басқаруға болады деп қарастырудан бас тартады, оның орнына
оны өз тағдырын өзі жасаушы ретінде көреді. Буржуазия мен пролетариаттың
текетіресінде бірінші тап интеллектуалды және ұйымшылдық тұрғысынан
қарағанда толық қаруланған, ал соңғысының қолындағы бар мүмкіндігі – ол
тек қоғамның бар болмысын түсіну қабілеті ғана. Күрестің жалғасуына қарай,
пролетариат құрылым жасаған «өзіндік таптан», өзінің күйін және тарихи
жауапкершілігін түйсінетін «өзім үшін» табына өтеді. Басқа сөзбен айтқанда,
«таптық күрес экономикалық қажеттілік деңгейінен саналы мақсат пен әрекет
етуші тап санасы деңгейіне көтерілу қажет» (Lukacs, [1922] 1968:76). Күрес
осы кезеңге жеткенде, пролетариат капиталистік жүйені құлата алатындай
әрекеттер жасау мүмкіндіктеріне ие болады.
Лукачтың әлеуметтанулық теориясының құндылығы зор, дегенмен тек
марксистік түсінік шеңберінің ішінде ғана мазмұндалады. Оны капитализмдік
құрылымдар (бірінші орында экономикалық), идеялар жүйелері (әсіресе тап
санасы), индивидуалды ойлау мен индивидуалды әрекет арасындағы диалекти-
калық қарым-қатынас қызықтырған. Оның теориялық көзқарасы экономика-
лық детерминистер мен қазіргі заманғы марксистер арасындағы маңызды буын
болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: