Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет232/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   596
Тарау мазмұны
Б
ұл тарауда біз өткен тараудың соңында талқыланған конфликт теориясы-
на қарағанда кең мағынада Маркс идеясын жан-жақты қамтып көрсететін 
теорияларды зерделейміз. Дегенмен мұнда қарастырылып жатқан барлық 
теориялар – марксистік теорияның қосалқы теориялары болғанымен, олар
өзара елеулі айырмашылықтармен ерекшеленеді.
Экономикалық детерминизм
Маркс экономикалық детерминист ретінде жиі аталады, яғни ол экономика-
лық жүйеге бірінші деңгейлік мән берген және оның қоғамның барлық басқа 
салаларын: саясатты, дінді, дүниетанымды және т.б. айқындайтынын дәлел-
деген. Маркс экономикалық секторды тым болмағанда капиталистік қоғамда 
басқалардан төмендеу деп санағанына қарамастан, диалектик ретінде детер-
министік ұстанымда нық тұра алмады. Себебі диалектикаға қоғамның түрлі 
бөл шектерінде өзара үзіліссіз кері байланыс және өзара әрекеттестік бар деген 
пікір тән. Саясатты, дінді және т.б. толықтай экономика арқылы анықталатын 
қосалқы құбылысқа жатқыза алмаймыз, себебі олардың экономикаға әсері 
экономиканың оларға ықпалынан кем емес. Диалектика табиғатына қарамас-
тан, Марксті қазіргі уақытқа дейін экономикалық детерминист ретін де қарас-
тырады. Маркстің шығармашылығындағы кейбір аспектілер осы қорытын-
дыға алып келетінімен, осындай пікірді қабылдау оның теориясының жалпы 
диалектикалық мағынасын ескермеуді білдіреді.
Аггер (Agger, 1978) марксистік теорияға түсіндірме ретінде экономикалық 
детерминизм 1889 және 1914 жылдары ІІ Коммунистік Интернационал өмір 
сүрген кезеңде өз дамуының шырқау шыңына жеткенін дәлелдейді. Бұл та-
рихи кезең ерте нарықтық капитализмнің кемелденген шағы ретінде қарасты-
рылады, жетістігі мен сәтсіздігі оның шарасыз ажалы туралы көптеген бол-
жамдардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Экономикалық детерминизмге 
сенген марксистер капитализмнің құлдырауын сөзсіз болатын заңдылық деп 
санады. Олардың түсінігі бойынша, физика және тағы басқа жаратылыстану 
ғылымдарының болжамдарына сүйене отырып, марксизм бұл құлдыраудың 
(сонымен қатар капиталистік қоғамның басқа да аспектілерінің) ғылыми тео-
риясын ұсынуға мүмкіндігі бар еді. Зерттеушінің негізгі мақсаты – капиталис-


300
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тік құрылымдар мен олардың экономикалық ерекшеліктерін ғылыми негізде 
зерделеу. Бұл құрылымдардың бойында капитализмді құлдырауға жетелейтін 
процестер жайғасқан, сондықтан экономикалық детерминистің мақсаты – осы 
процестердің қалай жүретінін анықтау.
Маркстің серіктесі және пікірлесі Фридрих Энгельс, сонымен қатар Карл 
Каутский мен Эдуард Бернштейн марксистік теория бағыттарының мазмұнын 
түсіндірді. Каутский капитализмнің шарасыз құлауының даусыз екенін төмен-
дегі мағынада қарастырды: 
«Өнертапқыштар техниканы жақсартады, ал капиталистер өздерінің та-
бысқа деген ашкөздігінің арқасында бүкіл экономикалық өмірді рево-
люцияландырады. Өз кезегінде еңбекшілер жұмыс уақытын қысқарту 
және жалақыны жоғарлату талабын қояды, осылайша, олар капиталис-
тік тап пен саяси құрылымға қарсы жұмыла күрес жүргізеді. Сондай-ақ 
олардың саяси билікті жеңіп алуға және капиталистік билікті құлатуға 
құлшынысы – шарасыз әрекет. Социализм орнауы сөзсіз, себебі таптық 
тартыс түптің түбінде пролетариаттың жеңісіне алып келеді».
(Kautsky, cited in Agger, 1978:94)
Бұл жерде капитализм құрылымдары арқылы бірқатар әрекеттерге түрткі 
болған акторлар көрінісі бейнеленген.
Дәл осы бейне ғылыми-экономикалық детерминизмді сынаудың негізгі 
объектісі болды, себебі ол марксистік теорияның диалектикалық мазмұнына 
сай болмады. Нақтырақ айтсақ, бұл теория жеке адамның пікірі мен әрекетінің 
маңызын жоққа шығару арқылы диалектиканы айналып өтті. Оның айтарлық-
тай элементі индивидуалды ойлау және әрекетті айқындайтын капитализм-
нің экономикалық құрылымы болды. Мұндай түсіндірме саяси квиетизм-
ге алып келетін және соған сәйкес, Маркс тұжырымдамасымен үйлеспейтін
(Guilhot, 2002). Егер капиталистік жүйе өзіне тән құрылымдық сәйкессіздік-
тің ауыртпалығынан күйреуге дайын тұрса, онда индивидуалды әрекеттер не 
үшін қажет? Марксистік теория мен тәжірибені біріктіру туралы ойына жүгін-
ген кезде, әрекетке көз жұмып қарау немесе оларды жоққа шығару оның ойлау 
дәстүріне қайшы келетіні анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет