3
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Б
іздің ойымызша, әлеуметтанудың жаңа теорияларын таныстыруға арналған
кітап сол теориялардың негізгі тұжырымдарын түйіндеп көрсетуден бастал-
ғаны дұрыс. Оқырмандардың әлеуметтану теориясына қатысты мәселелерді
түсіндіруге жолбасшы болатын бұл еңбектің түйінді тұжырымдары мынадай:
• Бүгінгі қоғам рационалды жүйелердің сытылып шыға алмайтын темір
торына айналып отыр.
• Капитализм өзін-өзі жоюға бет алды.
• Моральдық ынтымақтастық ежелгі қоғамға қарағанда қазіргі заманда
әлдеқайда әлсіз.
• Қала белгілі типтегі тұлғаның тууына жағдай жасайды.
• Адамдар әлеуметтік өмірде түрлі театрландырылған көріністерді ойнау-
ға бейім.
• Қоғамдағы қарым-қатынастар өзара тәуелділік қағидасына негізделген.
Әсіресе бағзыдан бүгінге дейінгі Батыс қоғамы әйелдер мен азшылық
топтар мүддесін шектеп, ерлерге үстемдік беретін тәртіп жүйесін қалып-
тастырды.
• Қазіргі заманғы нәсілшілдік XVIII–XIX ғасырлардағы отаршылдықтан
пайда болды.
• Адамдар, ақырында, өздерін құлдықта ұстайтын әлемді қалыптастырды.
• Адамдар өз мүмкіндіктерін шектейтін дүние тәртібін кез келген уақытта
өзгерте алады.
• Қоғам – әлеуметтік құрылымдар мен функциялардың біртұтас жүйесі.
• Қоғам – ашу мен ақылсыз әрекетке әрдайым дайын тұратын «жойқын
күш».
• Либералдану процесінен өткеніне қарамастан, Батыс әлемінде іс жүзінде
қанаушылық күрт артып отыр.
• Әлем жалғандық, жасандылық, шынайылықтың симуляциялануына тән
жаңа постмодернистік кезеңге көшті.
• Парадоксті жаһандану әлемдік «беймән-заттар» ұғымының таралуымен
байланысты.
• Адамға тән емес нысандар барған сайын желілердің негізгі акторлары ре-
тінде байқалады.
Кіріспе
Әлеуметтану теориясының дамуындағы әлеуметтік күштер
Интеллектуалды күштер және әлеуметтану теориясының өркендеуі
Француз әлеуметтануының дамуы
Неміс әлеуметтануының дамуы
Британ әлеуметтануының негіздері
Ерте кездегі итальян әлеуметтануының басты тұлғасы
Еуропалық марксизмнің ғасырлар тоғысындағы дамуы
Достарыңызбен бөлісу: