Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет25/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   596
Тарау мазмұны


4
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Кіріспе
Әлеуметтану теориясының тарихымен танысудың маңызы зор (S. Turner, 
1998). Аталған тақырыпқа екі тарау ғана арналғандықтан (1 мен 6), оқырман 
назарына іріктелген тарихи шолуларды ұсындық (Giddens, 1995). Ондағы мақ-
сатымыз – осы кітапта ғылыми еңбектері егжей-тегжейлі қарастырылатын 
ойшылдардың теориялары мен көзқарастары туралы жалпылама түсінік беру. 
Оқырман кейінгі тарауларды оқу барысында шолу түрінде жазылған осы екі 
тарауға қайта оралып, талқыланатын мәселелерді сол негізде қарастыру пай-
далы екеніне көз жеткізеді (әсіресе аталған бөлімдердің мазмұнын сызба түрде 
көрсететін 1.1 және 6.1-кестелерге мұқият назар аударған жөн).
Кітаптағы қарастырылатын теориялар уақыт сынынан өтіп, кең қолда-
нысқа ие болған маңызды әлеуметтік мәселелерді көтереді. Бұл критерийлер 
осы кітапта қолданылған әлеуметтану теориясының анықтамалық сипатын 
айқын дайды.
1
1-тарауда қысқаша талқыланған бірқатар теорияшылар (мыса-
лы, Герберт Спенсер мен Огюст Конт) одан әрі толық талданбайды, өйткені 
тарихи қызығушылықтан басқа, олардың еңбектерінің бүгінгі таңда ғылыми 
құндылықтары шамалы. Кейбір теорияшылардың (мысалы, Карл Маркс, Макс
Вебер және Эмиль Дюркгейм) еңбектерін 1-тарауда тарихи контексте талқы-
лап, олардың ілімдері әлі күнге дейін маңызын жоймағандықтан, алдағы бөлім-
дерде егжей-тегжейлі зерделейміз. Әлеуметтанушылардың әлеуметтану үшін 
маңызды негізгі теориялық еңбектері мен басқа салаларда жасаған зерттеуле-
ріне ерекше көңіл бөлінеді. Қысқаша айтқанда, бұл – уақыт сынынан өткен
(немесе солай деп үміттенуге болатын) әлеуметтанудағы «үлкен идеялар» мен 
зор ауқымды қамтитын іргелі әлеуметтік мәселелерді зерделейтін еңбек.
Әлеуметтану теориясының нақты пайда болу уақытын айқындау мүмкін 
емес. Ежелгі заманнан бері адамдар әртүрлі ойларға беріліп, әлеуметтік өмір-
ге қатысты өз теорияларын дамытып отырған. Алайда гректер немесе римдік-
тер кезеңіне, орта ғасырларға тереңірек тоқталмаймыз. Ричард Олсон (1933) 
әлеуметтану дәстүрінің дамуын 1600 жылдардың ортасына дейін барлап, 
Джеймс Харрингтонның экономика мен мемлекет арасындағы қатынастар 
туралы еңбегіне дейін зерделесе де, біз XVII ғасырға дейінгі көзқарастарды 
да қарастырмаймыз. Бұл сол кезеңдердегі адамдарда әлеуметтануға байла-
нысты идеялар жоқ дегендік емес, зерттеулер елеулі нәтиже бермейтіндік-
тен, осылай істегенді жөн көрдік, өйткені заманауи әлеуметтануға қатысты 
мәнсіз идеяға бола қыруар уақытты зая кетіруге тура келеді. Қалай болған 
күнде де, сол кезеңдегі ойшылдардың ешқайсысы өзін әлеуметтанушымын 
деп есептеген жоқ. Олардың ішінде қазіргі кездегідей әлеуметтанушы сана-
тындағылар некен-саяқ десек те болады (бұл жағдайға көз жеткізу үшін ибн 
Халдунның биографиялық шолуын қараңыз). Тек 1800 жылдарда ғана әлеу-
меттанушы деген атқа лайықты ойшылдар пайда бола бастады. Бұл біздің 
қызығушылығымызды тудыратын әлеуметтанушылық ойдың классиктері 
(Camic, 1997; R.Соllins, 1997b; R.W.Connel, 1997). Осылайша, біз олардың 
идеяларын қалыптастыруға түрткі болған негізгі әлеуметтік және интеллек-
туалды күштерді зерделеуден бастаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет