Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет277/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   596
Баланың дамуы. Мидті өзіндік мәннің генезисі ерекше қызықтырды. Өзін-
дік мәннің негізі деп ол ыммен сөйлесуді қарастырады, алайда адамдар мұндай 
әңгімелесуде өздерін объект ретінде қарастырмаса, онда өзіндік мәнге ие бол-
майды. Мид өзіндік мәннің генезисін бала дамуының екі кезеңінен байқайды.
Рөлдік ойындар кезеңі. Бірінші кезең – рөлдік ойындар кезеңі. Дәл осы ке-
зеңде балалар өздеріне қатысты басқалардың қатынасын «киіп» көріп үйренеді. 
Төменгі сатыдағы жануарлар да ойнағанымен, адамдар «басқаны сипаттай оты-
рып ойнайды» (Aboulafia, 1986:9). Мид «анасын, ұстазды, полиция қызметке-
рін» ойнап жатқан баланы мысалға келтіреді (Mead, [1934] 1962:150). Осындай 
ойынның нәтижесінде бала бірден субъект және объект болуды үйреніп, өзін-
өзі қалыптастыруға бейімделеді. Дегенмен бұл өзіндік мән шектеулі, өйткені 
бала белгілі бір дәрежеде басқалардың рөлін ғана қабылдай алады. Балалар 
«анасының» немесе «әкесінің» рөлінде ойнай алады және процесс барысында 
өздерінің ата-аналар және басқа нақты бір индивидтер тұрғысынан бағалау қа-
білетін дамытады. Дегенмен де олар өздерін анағұрлым біртұтас және ұйымдас-
тырылған күйде түсіне алмайды.
Ұжымдық ойындар кезеңі. Адам өзін-өзі толықтай дамытқан жағдайда келесі 
кезеңге, яғни ұжымдық ойындар кезеңіне өту керек болады (Vail, 2007c). Рөл-
дік ойындар кезеңінде бала басқалардың рөлін қабылдаса, ал ұжымдық ойын-
дар кезеңінде бала ойынға қатысып отырған әрбір адамның рөлін қабылдауы 
тиіс. Оған қоса, бұл түрлі рөлдер белгілі бір шамада бір-бірімен қарым-қаты-


370
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
насқа түсу керек. Ұжымдық ойындардың кезеңін көрсете отырып, Мид өзінің 
бейсбол ойынынан келтірген мысалымен бөліседі (немесе, оның атауы бойын-
ша, «доппен тоғыздық жасау»):
«Бірнеше адам қатысатын ойында қандай да бір рөлді қабылдайтын бала 
әрбір баланың рөлін қабылдауға дайын болуы тиіс. Егер ол доппен то-
ғыздық ойнаса, онда ол әрбір тараптың жауапты әрекеттерін өзінің әре-
кетімен байланыстыра білуі керек. Ұтылмай дұрыс ойнау үшін ол әрбір 
ойыншының не істейін деп жатқанын білуі тиіс. Ол осы аталған барлық 
рөлдерді қабылдап шығуы керек. Олардың барлығы бірден санада тұруы 
міндетті емес, бірақ белгілі бір сәттерде оның жеке ұстанымдық әрекетін-
де үш немесе төрт индивид болуы тиіс. Мысалы, доп лақтырайын деп жат-
қан, оны қағып алайын деп жатқан және т.б. Бұл жауапты әрекеттер белгі-
лі бір шамада оның жеке қалпында көрініс табуы тиіс. Сонымен, аталмыш 
ойында басқалардың да жауапты әрекеттерінің кешені орын алады. Олар 
біреуінің ұстанымы екіншісінің тиісті ұстанымдарын қалыптастырады де-
ген тізбекте ұйымдастырылады».
(Mead, [1934] 1962:151)
Рөлдік ойындар кезеңінде бала ұйымдасқан түрде біртұтас бола алмайды, 
өйткені ол жеке рөлдердің кешенімен ғана ойнайды. Нәтижесінде, Мидтің 
ойынша, оның тұлғалық қасиеті қалыптаспайды. Тек ұжымдық ойындар кезе-
ңінде
5
осындай ұйымдасу қалыптасып, тұлға пайда болады. Балалар ұйымдас-
қан топта әрекет етуді үйреніп, белгілі бір топ шеңберінде өздерінің болашақ 
әрекеттерін анықтай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет