367
9-тарау
•
Символикалық интеракционизм
«мағыналы символ мағынасыз ымға қарағанда осындай бейімделу мен қайта
ұйымдастыру үшін көбірек мүмкіндік береді, өйткені ол
индивидтің оған деген
дәл сондай қатынасын қалыптастырып, оған өзінің кейінгі іс-әрекеттерін бас-
қалардың іс-әрекеттеріне осы қатынасқа сәйкес ыңғайлауға мүмкіндік береді»
(Mead, [1934] 1962:46).
Басқаша айтқанда, өзіміздің наразылығымызды басқаларға жеткізген кезде
ашумен көрсетілген вербалды сөгіс дененің бұрмаланған тілінен әлдеқайда ар-
тық. Наразылық білдірген адам әдетте дене тілін ұғына қоймайды, сол себеп-
тен алдағы әрекеттерін саналы түрде басқара алмауы да мүмкін. Бұл мағы налы
символдарды қолданатын адамның – баланың
осы сөгіске қайтаратын жауа-
бының түрлі әдістерін ойша елестете алатынымен байланысты болып келеді.
Кейін сөйлеуші адам сөгістің негіздерін қорғауға немесе түсіндіруге тырысып,
бала айтылған сөздердің мағынасын өзі-ақ түсінеді деп үміттенеді. Өзара әре-
кеттесудің осындай еркін түрі адам балаға дененің бейсаналы тілі арқылы жай
ғана қараған жағдайда әрі қарай жалғаса алмайды.
Маңызды символдардың тағы да бір басты функциясы олардың ақыл-ес
пен психикалық процестердің пайда болуына тікелей септігін тигізетініне
байланысты. Маңызды символдардың, әсіресе тілдің арқасында адамның ой-
лау қабілеті (Мидтің ойынша, төменгі санаттағы жануарлар ойлай алмайды)
қалыптасады. Мид ойлауды «адамның осы ым арқылы өзімен-өзі жай интер-
нализа цияланған немесе айқын емес күйде сөйлесуі» деп түсіндіреді ([1934]
1962:47). Сонымен қатар Мид былай дейді: «Ойлау – адамның басқалармен
сөйлесуімен пара-пар» (1982:155).
Басқаша айтқанда, ойлау адамның өз-өзі-
мен тілдесуін білдіреді. Сонымен, біз осы орайда Мидтің ойлауды бихевиорис-
тік тұрғыдан анық тағанын көріп отырмыз. Сөйлесу әрекеттен тұрады (әңгіме)
және де бұл әрекет адамның бойында да жүріп жатады. Ол бар болғаны ойлау-
дың жүріп жатқанын білдіреді. Бұл – ойлаудың менталистік анықтамасы емес,
бихевиористік сипаттамасы.
Маңызды символдар символикалық өзара әрекеттесуге де септігін тигізе-
ді. Демек, адамдар бір-бірімен тек ымдасу арқылы ғана емес, сонымен қатар
мағыналы символдар арқылы да өзара қарым-қатынас жасай алады. Әрине,
бұл қабілет айырмашылықтар
әлемін қалыптастырып, ымға қарағанда, өзара
қарым-қатынастың анағұрлым күрделі үлгілері мен әлеуметтік ұйымдастыру
формаларын дамытады.
Маңызды символ, әрине, Мидтің пікірінше, басты рөл атқарады. Дэвид
Миллер де (1982a:10–11) Мидтің теориясындағы маңызды символдың осы қа-
сиетін атап өтті.
Ақыл-ой
Мид ақыл-ойды зат ретінде емес, процесс және
өз-өзімен ішкі сөйлесу деп
анықтай отырып, адамның бойынан табылмайтынын ескереді. Ол – адамның
бас сүйегінде орналаспаған әлеуметтік құбылыс (Franks, 2007). Ол әлеуметтік
процестің шеңберінде қалыптасып, дами отырып, осы процестің ажырамас бө-
лігіне айналады. Әлеуметтік процесс ақыл-ойдан жоғары тұрады. Ол көп адам
ойлап үйренген ақыл-ойдың азығы бола алмайды. Сонымен, ақыл-ой да өзінің
мәні тұрғысынан емес, атқарар қызметіне қарай анықталады.
Сана сияқты идея-
лармен ұқсастықтарын ескере отырып, біз ақыл-ойдың қандай да бір ерекше
368
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қасиетін көре аламыз ба? Біз адамдарда басқалардан алуға тырысатын жауап-
тарды өздерінен таба алу қабілетінің барын байқағанбыз. Ақыл-ойдың ерекше-
лігі – индивидтің «өз бойында басқаның жауабын ғана емес, жалпы қауымдас-
тықтың жауабын тудыра алу» қабілеті. Осының
бәрі ақыл-ойдың арқасында
ғана іске асады. Қандай да бір әрекеттің енді өз жауабы бар: жауаптың табылуы
«ақыл-ойдың» бар екенін білдіреді (Mead, [1934] 1962:267). Сонымен, ақыл-ой-
дың Мид теориясындағы басқа ұқсас ұғымдардан оның жалпы қауымдастыққа
жауап беріп, ұйымдастырылған жауап қайтару қабілеті ерекшелендіреді.
Мид ақыл-ойға басқаша, яғни прагматикалық тұрғыдан қарайды. Демек,
ақыл-ой мәселелердің шешілуіне бағдарланған ойлау процестерінен тұрады.
Шынайы әлем түрлі мәселелерге толы, тек ақыл-ой ғана осы мәселелерді ше-
шіп, адамдарға анағұрлым тиімді әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: