Алеуметтану тероиясы indb


Ертеректегі кейбір мысалдар



Pdf көрінісі
бет305/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Ертеректегі кейбір мысалдар 
Біз этноәдіснамалық зерттеулердің белгілі ертеректегі мысалдарынан бастай-
мыз. Алғашқы әдістердің кейбіреулері бүгін сирек қолданылатын немесе мүл-
дем қолданылмайтын болса да, олардың бізге этноәдіснама туралы айтары аз 
емес.
Қалыптан тыс эксперименттер 
Қалыптан тыс эксперименттерде (Jansen, 2008) адамдар әлеуметтік шынайы-
лықты қалыптастыруда қолданатын әдістерді анықтау үшін әлеуметтік шын-
дыққа араласады. Бұл зерттеудің негізінде тек әлеуметтік өмірдің әдістемелік 
өндірісі ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың мұндай әрекеттермен айна-
лысатынын білмегені туралы болжам жатыр. Қалыптан тыс экс перименттердің 
мақсаты – қалыпты процедураларды бұзу, осылайша күнделікті әлем беймәлім 
жаңа қырынан байқалып, зерттелуі мүмкін. Гарфинкель (1967) өз жұмысында 
этноәдіснаманың негізгі қағидаларын суреттейтін кездейсоқ жағдайларды, өз 
оқушыларымен жүргізілген қалыптан тыс эксперименттердің бірқатар мысал-
дарын ұсынды.
Линч (1991:15) Гарфинкельдің бұрынғы жұмысынан алынған (1963) ереже 
бұзу шылықтың келесі мысалын ұсынады (10.1-кесте). Бұл – әрине, tic-tac-toe 
ойыны. Белгілі ережелер ойынға қатысушыларға әр ұяшыққа белгі қоюға мүм-
кіндік береді, бірақ бұл жағдайда ережелер бұзылып, белгі екі ұяшықтың ара-
сына қойылған. Егер бұл ереже бұзушылық нақты tic-tac-toe ойынында бол-
са, екінші ойыншы (2-ойыншы) дұрыс орналастыруды талап етсе керек. Егер
бұлай орналаспаса, 2-ойыншы неліктен 1-ойыншы осындай әдеттегіден тыс 


414
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
әрекетке барғанын түсінуге тырысады. Этноәдіснамашы 2-ойыншының әреке-
тін tic-tac-toe ойынының күнделікті әлемі қалай қайта құрылатынын көру үшін 
зерттейді.
Тағы бір тәжірибе жасау үшін Гарфинкель өз студенттерінен үйлерінде
15 минуттан бір сағатқа дейін өздерін сноубордистерміз деп елестетіп, сол бо-
йынша әрекет жасауды өтінді. «Оларға өздерін сақ және сыпайы түрде ұстау-
ға нұсқау берілді. Олар жеке қатынастан бас тартып, ресми түрде сөйлесуге, 
сөйлескен кезде ғана сөйлеуге тиіс еді» (Garfinkel, 1967:47). Көп жағдайда от-
басы мүшелері мұндай мінез-құлықтан абдырап қалады: «Мәлімдемелер таң-
ғалу, қобалжу, есеңгіреу, қорқыныш, уайым және ашулану сияқты сезімдерге, 
сондай-ақ отбасы мүшелерінің студенттер сараң, зейінсіз, өзімшіл, жексұрын 
немесе әдепсіз болды деген айыптарына толы болды» (Garfinkel, 1967:47). Бұл 
реакциялар адамдардың өздерін жүріс-тұрыс туралы парасатты болжамдарға 
сәйкес әрекет ету қажеттігі қанша лықты маңызды екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет