Алеуметтану тероиясы indb


10-тарау • Этноәдіснама Синтез және интеграция



Pdf көрінісі
бет319/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   596
431
10-тарау

Этноәдіснама
Синтез және интеграция
Тіпті әлеуметтану теориясындағы ең мұқият микродеңгейлі көзқарастар-
дың бірі болып саналатын этноәдіснама синтез бен интеграцияға бейімдік 
белгілерін көрсетті. Мәселен, этноәдіснама негізгі әлеуметтануға сәйкес ке-
летін салаларда кеңейетін секілді. Жақсы мысалдар – Херитидж бен Грейт-
бетчтің (1986) қол соқтыратын әдістерді талдауы мен Клейманның (1993) 
мінберден қуу әрекетін зерттеуі. Осындай этноәдіснамашылар әзірлеген ти-
пологиялар басқа түрлі әлеуметтану теорияшылары қолданатын типология 
түрлерінен аздап ерекшеленеді.
Алайда этноәдіснама басқаруға көнбейді әрі тоқырау қаупі де жоқ емес, осы-
лайша, кейбір тұрғыдан, теориялық синтез үрдісіне қарама-қарсы да келеді.
Синтез идеясын жоққа шығарған Гарфинкель этноәдіснаманы «балама 
әлеуметтану» ретінде қарастырады (1988:108). Боден (1990) этноәдіснама 
мен әңгімелесу талдауы үшін күшті, бірақ өзін-өзі ақтайтындай бір әрекет 
жасау керек деп есептейді. Боденнің пікірінше, этноәдіснама әлеуметтануда 
кең қолдау тауып, мазмұнын тереңдете түсті. Осы тұрғыда бұл немесе кез 
келген басқа әлеуметтану теориясына қатысты, Боден айтқандай, «осында 
қалуға лайықты ма?» деген сауал туындауы мүмкін. 
Кез келген жағдайда мұндай дәлел теориялық шекаралардың әлсіреуі 
және жаңа синтетикалық перспективалар туралы ойға қайшы келеді. Этно-
әдіснама әлі тым жас және өз-өзіне сенімсіз, сондықтан оның шекаралары-
ның эрозиясы туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз.
Дегенмен Боденнің The Creative Mind: Myths and Mechanism (1990)
(«Шығармашылық ой: мифтер мен механизмдер») эссесінің көп бөлігі эт-
ноәдіснама аясындағы синтетикалық әрекеттерге арналған, ол әсіресе агенттік 
пен құрылым ара сын дағы қарым-қатынас, іс-қимылдың ендірілуі және тарихи 
маңызды оқиғалар сияқты интегративті мәселелерге қатысты. Сонымен қатар 
Боден еуропалық және америкалық массивтің ауқымын қарастырады, теория-
шылар этноәдіс нама мен әңгімелерді талдауды өз бағдарларына кіргізе бастады. 
Өкінішке қарай, этноәдіснамашылар басқа әлеуметтану теориясының идеяла-
рын бір арнаға тоғыстыру туралы мәселе талқыламайды. Этноәдіснамашылар 
басқа тео рия шылардың этномедиялық көзқарастарды біріктіруге толық дайын 
екенін сезінеді, бірақ олар өзара қарым-қатынасқа онша құлықты емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет