432
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
гейдегі құрылымдарға «бейтарап». Этноәдіснамашылар микро- және макро-
құры лымдармен айналы су дың орнына мүшелікке, «этноәдіснамашыларға»,
жалпы алғанда, «құры лым дық өндіріске» мүдделі. Демек, этноәдіснамашы-
лар «ірі ауқымды институттық (макро) құрылымға немесе кішігірім, тығыз
(микро) құрылымға тәуелсіз топ мүшелері арқылы және олар үшін әлеу-
меттік құрылымды қалыптастыруға, сақтауға, қолдауға және жаңғыртуға»
мүдделі (Hilbert, 1990:799).
Гилберт микро-макробайланыс мәселесінен арылуға қызмет ететін, өзі
атағандай, этноәдіснаманың «түбегейлі тезисін» ұсынады:
«Конверсациялық сарапшылар бақылайтын, бірақ қатысушылар,
сірә, біле алмайтын эмпирикалық құбылыстар және ... қатысушылар
бағдарланатын, тиісті деп қабылдайтын, дегенмен әлеуметтану үшін
эмпирикалық емес және қолжетімсіз болып саналатын құрылымдық
құбылыстар (нәзік жолмен) ...
ұқсас құбылыстар болып табылады».
(Hilbert, 1990:801)
Басқаша айтқанда, этноәдіснамашы үшін микро-макроқұрылымдар ара-
сында ешқандай айырмашылық жоқ, өйткені олар бір мезгілде пайда болады.
Алайда этноәдіснамашылар да, басқа әлеуметтану теорияшылары да микро-
макромәселесіне түпкілікті шешім ұсына алмады. Гилберттің пайымы да әл-
сіз болды, ол осы мәселені микро- және макроқұрылымдардың байланысын
қарастырудан арыға жылжыта алмады. 13-тараудан көретініміздей, бұл мә-
селе мұндай байланыспен шектелмейді. Дегенмен этноәдіснамашылар осы
сұраққа мықтап ден қойды, шын мәнінде, радикалды көзқарас ұсынып, мик-
ро- және макроның бірдей құбылыс екенін айтты. Микро-макромәселесін
шешудің жалғыз жолы – бұл екі деңгейді бөлуден бас тарып, оларды жалпы
бір процестің ажырамас бөлігі ретінде қарастыру.
Бұл тарау әлеуметтану мен әлеуметтану теориясының аса айрықша түрі – этноәдісна-
маға арналған. Этноәдіснама – қоғамның қарапайым мүшелерінің күнделікті өмірде қолда-
натын түрлі практикалық іс-әрекеттерін зерттеу. Адамдар өздерінің күнделікті міндеттерін
әртүрлі икемді әрекеттер арқылы орындайды. Этноәдіснама жылдан-жылға әртүрлі бағыт-
та дамып келеді. Дегенмен этноәдіснаманың екі негізгі түрі бар: институттық зерттеулер
және конверсациялық талдау.
Біз этноәдіснаманың бірнеше ерте мысалдарын, соның ішінде «қалыптан тыс экспери-
менттер», сондай-ақ Гарфинкельдің Агнес туралы танымал зерттеуін және «оның» әйел
болу (ол шын мәнінде ер болғанмен) үшін жасаған әрекеттерін қарастырдық. Бөлімнің не-
гізгі бөлігі этноәдіснаманың түп тамыры болып саналатын – әңгімелер мен институттарды
зерттеуге арналған. Әңгімелесуді зерттеуге қатысты талқылауда адамдардың күлуге, қол
соғуға, мақұлдамауға лайықты жағдайды анықтай білу сияқты мәселелер қамтылған. Біз
сондай-ақ бірнеше институттық зерттеулерді, соның ішінде медиациялық тыңдауда түйін-
дерді шешу жолдарын қарастыратын мәселелерді талдадық.
Этноәдіснамашылар негізгі дәстүрлі әлеуметтануды қатты сынға алады. Мысалы, негіз-
гі әлеуметтанушылар, шын мәнінде, адамдардың әрекеттерін зерттеуші емес, оларға әлеу-
Достарыңызбен бөлісу: