Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет346/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   596
Сын-пікірлер
Әлбетте, рационалды таңдау теориясы (Goldfield and Gilbert, 1997; D. Green 
and Shapiro, 1994; Imber, 1997) әлеуметтанудың зіл батпан ауыртпалығының 
астында қалды. Шын мәнінде, Хекаторн (1997:15) атап өткендей, әлеуметта-
нудың кейбір шеңберінде рационалды таңдау теориясы туралы «байбалам» 
естіліп қалады. Джеймс Коулманның еңбектері көптеген сыншылардың ша-
буылына ұшырады (Alexander, 1992; Rambo, 1995). Мысалы, Тилли (1997:83) 
Коулман теориясына төмендегідей сын айтты:
1. «Себеп-салдарлық тетіктерін көрсетуді қажет етпеді».
2. «Толық аяқталмаған, соған сәйкес, жаңылыстырушы психологиялық ре-
дук ционизм». 
3. «Белгілі бір уақыт ішінде әлеуметтік ғалымдарды тығырыққа тіреген 
жалпы теорияның формасы – рационалды таңдау талдауы насихаттал-
ды. Осы тығырықта әлеуметтік ғалымдар жеке редукционизмнің әртүрлі 
брендтерін сатып жүрген жергілікті баскесерлер мен сенім білдірушілер-
дің құрбанына айналып, мақсатсыз кезіп жүрді». 
Тұтастай алғанда, біраз зерттеушілер (Weakliem and Heath, 1994) рацио нал-
ды таңдау теориясының дұрыс тұстарын қолдайды, бірақ сынның басым көп-
шілігі әлеуметтанудың балама ұстанымдарының жақтастары тарапынан болды 
(Wrong, 1997). Мысалы, өзінің макроқұрылымдық ұстанымын ескере отырып, 
Блау (1997): «Әлеуметтану макродеңгейдегі феномендерге назар аударуы тиіс 
және рационалды таңдау теориясының пәні ретінде жеке мінез-құлықты түсін-
діру әлеуметтану аясынан тыс шығып кетеді», – деп тұжырымдайды.
Рационалды таңдау теориясы шектен тыс амбициясы үшін, яғни барлық 
басқа теориялық перспективалардың орнын басқысы келген менмендігі үшін 


473
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
көптеген сынға ұшырады. Сөйтіп, Дональд Грин мен Ян Шапиро (1994:203): 
«Рационалды таңдау теориясы «рационалды таңдауды түсіндірудің шегін зерт-
тейді» және «бәсекелесуші теориялық есептерді елемеу, сіңіру немесе сенімсіз-
дік үрдісіне... көну», – деп тұжырымдайды. 
Феминистік көзқарас тұрғысынан Ингланд пен Кильборн (1990) рацио нал-
ды таңдау теориясындағы өзімшілдік болжамын сынады; олардың көзқа ра сы 
бойынша, өзімшілдік-альтруизм айнымалы ретінде қарастырылуы керек. Өзім-
шілдік туралы болжам батылдыққа бейімділікті білдіреді. Олар бұл жо рамал-
дан бас тартып және оған айнымалы ретінде қара са, рационалды таңдау теория-
сының «дедуктивті детерминанттылығын» кемі теті нін мойындайды, бірақ олар 
«ақиқатқа жақын, ағаттығы аз теориялық бағыттың артықшылығы шығынды 
өсіреді» деп болжайды. 
Символикалық интеракционизм тұрғысынан Дензин ([1990b]; осы кітап-
тың 9-тарауын қараңыз) теориялық бағыттың аса диаметрлік қарама-қайшы-
лықты сынын ұсынады: 
«Рационалды таңдау теориясы... «қоғам қалай болуы мүмкін» деген 
сұраққа айқын жауап бермейді... Оның рационалдықтың идеалды нор-
малары өзара әрекет етуші тұлғалардың іс жүзіндегі қызметін үйлес-
тіретін күнделікті өмірге, рационалдық және эмоциялы норма ларына 
сай келмейді».
«Рационалды таңдау теориясының қазіргі әлеуметтік теория үшін шек-
теулі пайдасы бар. Оның топтық өмір туралы сызбасы және адам, әрекет, 
өзара әрекеттесу, өзіндік, гендер, эмоциялық, билік, тіл, күнделікті өмір-
дің және тарихтың саяси экономиясы туралы сипаттамасы танымдық 
тұрғыдан өте шектеулі және толығымен ақылға қонымсыз». 
(Denzin, 1990a:182–183). 
Жалпы қабылданған интерпретация тұрғысынан жұмыс істейтіндердің көп-
шілігі Дензиннің рационалды таңдау теориясына қатысты айтқан сынын қа-
былдады. 
Жалпы сынға толықтыру ретінде айтар болсақ, рационалды таңдау теория-
сы мәдениет (Fararo, 1996) және сәтті кездесулер (G. Hill, 1997) сияқты құбы-
лысты елемей немесе кемсіткені үшін сынға ұшырады. 
Соңында, көптеген сыни пікірлермен қатар, Смелзердің (1992) «басқа тео-
риялық перспективалар сияқты рационалды таңдау теориясы ішкі эволюция 
немесе сыртқы наразылыққа мән беру секілді құбылыстар нәтижесінде туын-
дады» деген дәлелін еске ала кеткен жөн. 
Осылайша рационалды таңдау теориясы тавтологиялық және бұрмалану-
ға келмейтін сипатқа ие болды, ең маңыздысы ол «барлығын түсіндіру, және 
соған сәйкес ештеңені түсіндіре алмау қасиетін» дамытты (Smelser, 1992:400). 
Рационалды таңдау теориясының жақтаушылары (Hedstrom and Swedberg, 
1996) жеткілікті. Талайлардың оны әлеуметтік теория ретінде мәртебесін кө-
теріп заңдастыруға, тіпті теорияның қолдану аясын кеңейтуге құлшына кірісіп 
жүргеніне куәміз. Сондай-ақ рационалды таңдау теориясына қа тысты сындар-
дың әрі қарай өрши түсуі де мүмкін.


474
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Бұл тарауда позитивистік бағытты ұстанатын өзара байланысты үш теория қарастырыл-
ды. Қазіргі айырбас теориясы зияткерлік әсер сериясы арқылы эволюцияланады, әсіресе 
бихевиоризм және рационалды таңдау теориясы арқылы дамыды. Қазіргі айырбас теория-
сының негізін қалаушы Джордж Хоманс болып саналады. Оның редукционистік, табанды 
түрде микробағдарланған айырбас теориясы ұсыныстардың кіші санына жинақта лды. Блау 
бірінші кезекте нормалардың маңыздылығын атап, макродеңгейде айырбас теориясын ке-
ңейтуге ұмтылды. Айырбас теориясындағы қазіргі жұмыстың көп бөлігі айырбас үшін ин-
тег ративті, микро-макротәсілді әзірлеу үшін Ричард Эмерсонның дамытудың құрылымдық 
жүктемесінің ықпалында болды. Эмерсон ізбасарлары және басқалар оның теориялық ке-
лешегін жаңа домендер қатары арқылы кеңейту мақсатында еңбектеніп жатыр.
Эмерсон концерндерінің бірі – желілер, сонымен қатар желілік теориясымен байланыс-
ты концерн. Сондай-ақ айырбас теориясы мен желілік теориясы арасында көптеген қай-
талаулар кездеседі, көптеген желілік теорияшылар айырбас шегінен тыс жұмыс істейді. 
Желілік теориясы әлеуметтік шынайылықтың микро- және макродеңгейлері арасындағы 
байланыстардың объективті үлгісіне жұмылдырылады.
Желілік айырбас теориясы айырбас желісіндегі билікті бөлуге назар аудару мақсатында 
әлеуметтік айырбас теориясын және желілік талдауды біріктіреді. Ол қайбір құрылымдар-
дың өздігінен күшті немесе әлсіз болу жолдарын қарастырды.
Көп деңгейде Джеймс Коулманның қажырлы еңбегінің арқасында айырбас теориясы-
ның дамуында айрықша орын алатын рационалды таңдау теориясы теориялық перспекти-
ва ретінде қалыптасты. Ең алдымен, экономикаға негізделген бірнеше принциптерді қол-
дана отырып, рационалды таңдау теориясы микро- және макродеңгей мәселелерін шешу 
мүмкіндігін, сонымен қатар макродеңгей феноменінің қалыптасуындағы микродеңгейлік 
факторлар рөлін тұспалдайды. Әлеуметтануда рационалды таңдау теориясын жақтаушы-
лардың саны көбеюде, алайда басқа теориялық перспективаларды қолдайтындардың оларға 
қарсыласуы да артып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет