Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет343/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   596
Ұжымдық мінез-құлық. Коулманның микроэлементтерді қарастыру бағы-
тын дағы мысалдарының бірі – ұжымдық мінез-құлық жағдайы (Zablocki, 1996). 
Ол ұжымдық мінез-құлықпен айналысуды жөн көреді, себебі ұжымның жиі 
тәртіп бұзуын және тұрақсыз мінезін рационалды таңдау тұрғысынан талдау 
қиын деп есептейді. Бірақ, Коулманның пікірінше, рационалды таңдау теория-
сы тек тәртіптіні және тұрақтыны ғана емес, макрофеноменнің барлық түрлерін 
түсіндіре алады. Рационалды актордан «ұжымдық мінез-құлық деп аталатын 
тұрпайы және турбулентті жүйелік жұмысқа көшу – өз әрекеттерін бақылауды 
басқа акторға қарапайым түрде (және рационалды) жүктеу... айырбас бөлігі ре-
тінде емес, біржақты тәртіп арқылы жасалады» (Coleman, 1990:198). 
Неліктен адамдар біржақты тәртіпте өз іс-әрекеттерін бақылауды басқалар-
ға тапсырады? Рационалды таңдау көзқарасы тұрғысынан жауап беретін бол-
сақ, олар мұны өз пайдасын барынша еселей түсу үшін жасайды. Әдетте жеке 
максимизация бірнеше акторлар арасында бақылауды үйлестіруді қамтиды 
және бұл қоғамдағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Дегенмен ұжымдық мі-
нез-құлық жағдайында бақылау біржақты болғандықтан, жеке максимизация 
жүйелік тепе-теңдікке әкелуі міндетті емес. Оның орнына ұжымдық мінез-құ-
лықтың теңсіздік сипаттамасы туындайды.
Нормалар. Коулман талдаған басқа макродеңгейдегі феномендер – норма-
лар. Көптеген әлеуметтанушылар нормаларды қабылдайды және солар арқы-
лы жеке мінез-құлықты түсіндіруге тырысады, бірақ олар нормалар неліктен 
және қалай пайда болатынын түсіндірмейді. Коулман рационалды акторлар 
тобында нормалар пайда болуы және сақталуы мүмкін екеніне таңғалады. 
Коулманның пікірінше, нормалардың сақталуын дұрыс көретін және олардың 
бұзылуы залал әкелетінін байқайтын кейбір адамдар нормаларды ұстанады 
және қолдайды. 


468
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Джеймс С. Коулман әлеуметтануда әртүрлі мансап-
қа ие болды. «Теориялық» түсінігі оның кемелді-
гін сипат тауға болатын көп теңеудің бірі ғана еді. 
1955 жылы Колумбия университетінде PhD дәреже-
сін алды (on the importance of the Columbia «school» 
to his work, see Swedberg, 1996), ал бір жылдан кейін
академиялық мансабын Чикаго университетінің ассис-
тенті қызметінен бастады (ол Джон Хопкинс универси-
тетінде 14 жыл қызмет атқарып, мұнда қайтып келді, 
1973 жылы қайтыс болғанға дейін осында істеді). Чи-
кагода дәріс бере жүріп, Коулман, тұтастай әлеуметтану 
болмаса да, өнеркәсіптік әлеуметтану тарихындағы ма-
ңызды зерттеулердің бірі – Union Democracy («Демок-
ратия одағы») (1956) еңбегінің авторы (Seymour Martin 
Lipset and Martin A. Trow) болды. (Коулман Колумбия-
дағы докторлық диссертациясын, Липсеттің басшы лы-
ғымен, «Демократиялық одақта» зерттелетін кейбір 
мәселелерге арнады). Сонымен қатар Коулман жас-
тар мен білім туралы өзекті мәселелерге назар аударды, оның жарқын бір көрінісі федерал-
ды үкімет үшін (ол кейіннен Coleman Report («Коулман баяндамасы») деген атаумен танымал 
болды) дайындалған баяндамасынан байқалады. Америка мектептерінде нәсілдік теңдікке қол 
жеткізу әдісі ретінде, мектеп автобустарын пайдалану біраз дау тудырса да, саяси игі қадамға 
септігін тигізді. Коулман бұл жұмысы арқылы, басқа кез келген америкалық әлеуметтанушыға 
қарағанда, тәжірибелік тұрғыдағы ықпалы жағынан әлдеқайда пәрменді болды. Содан кейін 
Коулман тәжірибелік әлемнен математикалық әлеуметтанудың сирек кездесетін атмосферасы-
на (әсіресе оның Introduction to Mathematical Sociology («Математикалық әлеуметтануға кіріс-
пе») [1964] және The Mathematics of Collective Action («Ұжымдық әрекет математикасы») [1973]:
see Jasso, 2011 for a review of the theoretical relevance of this work) бар күшін салды. Кейінгі жыл-
дарда Коулман әлеуметтану теориясына, әсіресе рационалды таңдау теориясына қызығушы-
лық танытады, бұл оның Foundations of Social Theory («Әлеуметтік теория негіздері») кітабынан 
(1990), сондай-ақ 1989 жылы Rationality and Society журналының негізін қалауынан байқалады. 
Мұнда аталған жұмыстар өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді және оған Коулман түйіндемесінің 
тізіміндегі 28 кітап пен 301 мақала дәлел болады.
Коулман 1949 жылы Пурду университетінің бакалавр дипломын алды және 1951 жылы Колум-
бия университетінің беделді әлеуметтану кафедрасына оқуға түскенге дейін Истман Кодакта 
(Eastman Kodak) химик болып жұмыс атқарды. Коулманға Роберт Мертонның теориясы әсер етті 
(7-тарауды қараңыз), әсіресе ол Дюркгеймнің жеке мінез-құлықтың әлеуметтік детерминанты 
туралы дәрістеріне қатты қызықты. Оған ықпал еткендердің тағы біреуі – әйгілі әдіскер Пол 
Лазарсфельд, ол Коулманның сандық әдістер мен математикалық әлеуметтануға деген өмірлік 
құштарлығын оятты. Үшінші аса зор ықпал еткен Сеймур Мартин Липсет болды, Коулман оның 
зерттеу тобына қосылды, ақыр соңында Демократия одағының маңызды зерттеуіне қатысады. 
Осылайша Коулманның бітіруші тренингтері эмпирикалық зерттеулер барысында оған теория 
мен әдістерді және олардың байланысын байыптауға маңызды бағыт берді. Бұл барлық ықти-
мал әлеуметтанушылар үшін үлгі болды және үлгі болып қала бермек.
Осы тәжірибелердің негізінде Коулман аспирантураны бітіріп, өзінің кәсіби мансабына кіріс-
кенде, әлеуметтанудағы «көзқарасын» былай сипаттады:
«Әлеуметтануда... әлеуметтік жүйе (шағын жүйе немесе үлкенірек болсын) болуы тиіс 
және ол жеке тұлғаның емес, талдаудың бірлігі ретінде болуы шарт. Бірақ ол зерттеу-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет