Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет360/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   596
Радикалды феминизм. Радикалды феминизм екі негізгі эмоциялық сенімге 
негізделді: 1) әйелдер өздерінің әмбебап құнсыз дануына қарсы абсолютті оң 
құндылықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді; 2) әйелдер әрқашан шеттеті-
леді, көбінесе патриархат жүйесімен күштеп шеттетіледі (Bunch, 1987; Chesler, 
1994; Daly, 1973; C.Douglas, 1990; Dworkin, 1989; Echols, 1989; Frye, 1983; 
Hunnicutt, 2009; C. MacKinnon, 1989; 1989, 1993; Rhodes, 2005; Rich, 1976, 1980). 
Афро-америкалық мобилизацияның «қара билігінің» айқайы секілді және холо-
кост сияқты қорқынышты оқи ғаларды бастарынан өткерген еврейлер іспетті зор 
құлшыныс пен ерлік, радикалды феминистер әлеуметтік ұйымдастыру, гендер-
лік қысым және өз герістер стратегиясының теориясын құрастырады.
Радикалды феминистер қоғамның кез келген мекемесінде және ең қарапа-
йым стратификациялық құрылымдарда үстемдік пен бағыныштылық жүйе ле-
рін көреді, ал олардың ішінде ең іргелісі болып патриархат саналады. Патриар-
хат – басқару мен бағындырудың тарихи бірінші құрылымы, ол басқарудың не-
гізгі және ең кең таралған моделі ретінде жалғасын тауып ке леді (Lerner, 1986). 
Патриархаттық жүйеде ерлер басқа адамдарды басқару мен бағдарлау мүмкінді-
гін иемденді. Патриархаттың ішінде еркектер мен әйелдер субординация туралы 


496
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
түсініктерін қалыптастырды. Патриархат ерлер мен әйелдерде тиранияның басқа 
формасына жетелейтін кінә мен репрессия сезімін, садизм мен мазохизмді, мани-
пуляция мен алдауды тудырады. Радикалды феминистер үшін патриархат әлеу-
меттік теңсіздіктің ең елеулі құрылымы болды.
Бұл талдаудың негізгі элементі – еркектер әйелдерге үстемдік ететін ұйым-
дар және еркектерді қолдайтын патриархаттық құрылымның зорлықшыл бей-
несі. Зорлық-зомбылық барлық кезде тек физикалық дөрекілікті білдірген жоқ. 
Ол басқарудың неғұрлым күрделі жерлерінде: қанағаттандыратын экономикалық 
ресурстардың базасынан бас тартуда (Klasnic 2011); сән мен сұлулық стан дарт-
тарында (B. Thompson, 1994; N. Wolf, 1991); аналық, моногамиялық, ой шылдық 
пен гетеросексуалдықтың тираниялық көзқарасында (Rich 1976, 1980); жұмыс 
орнындағы жыныстық қатынаста (C. MacKinnon, 1979; L. Roth, 1979); гинеколо-
гия, акушерлік, психотерапия тәжірибесінде; еңбекақысы өтел мейтін үй жұмысы 
мен үй шаруашылығында көрініс тапты. Бір топ өз мүмкіндіктерін басқара алма-
ған кезде күш қолдану басталады, дәл осы жағдай өмірлік мүмкіндіктер мүддесіне 
сәйкес өзге топтардағы ерлердің әйел дерге деген қатынасында көрінді.
Радикалды феминизмнің патриархатты зорлықпен байланыстырудың негі-
зінде айқын физикалық зұлымдық жатыр: сексуалды зорлық және зорлау (Bart 
and Moran, 1993; Buchwald, Fletcher, and Roth, 1993; Mardorossian, 2002; Martin, 
Vieratis, and Britto, 2006; Scully, 1990), жезөкшелікке итермелеу (Вarry, 1979, 
1993), әйелін зорлау мен өлтіру (Caputi, 1989; Hammer, 2002), порнографиядағы 
садизм (Russell, 1998), тарихи және мәдени жалмауыздарды өртеу тәжірибеле-
рі, зинақор әйелдердің таспен атылып өлтірілуі, бір жы нысты жұптарды қудалау, 
сәби қыздарды өлтіру, жесірлерді қорлау мен клито ридэктомияның тәжірибесі.
Патриархат орныққан сәттен бастап, экономикалық, идеологиялық, заңды, 
эмоциялы энергетикалық ресурстар ол жүйені әрі қарай сақтау үшін мобили-
зациялануы мүмкін. Бірақ физикалық зорлық көрсету әрқашанда оның негіз-
гі ресурсы болып қала береді, ал топаралық және тұлғааралық қатынастардағы 
зорлық әйелдердің топтық қарсылықтарына қарсы құрал ретінде қолданылады. 
Сондай-ақ ерлер әйелдерді билеп-төстеуге зор құлшыныс танытады, себебі әйел 
еркектің ұрпағын дүниеге әкеліп, өсіріп, өрбі туші, сексуалды қажеттігін қана-
ғаттандыра алатын, тұрмыстық жағдайын жасайтын, эмоциялық қолдау көрсе-
тетін, оның әлеуметтік мәртебесін кү шейтетін әмбебап әрі тиімді құралы болды.
Патриархатты қалай жеңуге болады? Радикалдардың айтуынша, ол жеңіс 
әрбір әйел өзінің құдіреті мен бағасын мойындайтындай, санасының ірге-
лі өзгерісінен басталуы тиіс (Villalon, 2010); әйелдер патриархаттық қысымға 
қарсы шығуы, өзін әлсіз, тәуелді тап деп түсінуін тоқтату керек (Blackstone,
Uggen, McLaughlin, 2009); өзара айырмашылықтарына, бауырлық пен апа-сің-
лілік қатынастың бар екеніне қарамастан, басқа әйелдермен бірлесіп жұмыс 
істеу қажет (Chasteen, 2001; McCaughey, 1997; Whitehead, 2007). Осындай әп-
келік қатынастарда екі стратегия пайда болады: патриархалды күштің сыни 
конфронтациясы, яғни патриархаттың сепаратизм деңгейіне жетуі, ал әйелдер 
үй шаруашылығынан басқа қоғамдық және әлеуметтік топтарда жұмыс істеуге 
талпыну керек. Радикалды феминизмнің ірі ықпал етушісі ретінде лесбияндық 
феминизм ерлердің «эротикалық және эмоциялық бауыр басуы патриархатқа 
қарсы шығудың тағы бір көрінісі» деп қабылданады (Phelan, 1994; Rudy, 2001; 
Taylor and Rupp,1993).
Радикалды феминизмнің теориялық тұрғыдан бағалануы социалистік және 
психоаналитикалық феминистер жасаған уәждерді (әйелдердің бағыну себеп-


497
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
тері туралы) қамтуы тиіс. Соңғы талдаулар осыған ұқсас жолмен көп деңгей-
лі гендерлік проблематиканың либералды феминистік талдаулары негізінде 
жасалады. Оның мақсаты – әйелдерді зорлықпен қалай басқаратынын көрсету
(K. Andersen, 2009). Сонымен қатар радикалды феминистер патриар хаттық құ-
рылым жүйесі әйелдерге үстемдік жасау тәжірибесіне сүйенеді деген өздерінің 
тезистерін қолдау үшін тағы да елеулі бір зерттеулер жүргізді. Толық жасалма-
ған болса да, оларда айтарлықтай тиянақталған өзгерістер бағ дарламасы бар. 
Дегенмен олар патриархатқа ғана біржақты назар аударды деп (бұл әлеуметтік 
ұйымдастыру мен әлеуметтік теңсіздіктің реалияларын жеңілдете түседі) айып-
талуы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет