Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет361/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   596
Құрылымдық кемсіту
Гендерлік қысым теориясы сияқты құрылымдық қысым теориялары кейбір 
адам топтарының басқа адам топтарын бақылаудан, пайдаланудан және олар-
ды бағы нышты етуден тікелей пайда табатынын мойындайды. Құрылымдық 
қысым теорияшылары үстемдік ету барысында мүдделердің әлеуметтік құры-
лым арқылы қалай қабылданатынын талдайды, бұл жерде бағзыдан бері бел-
гілі биліктің байырғы тәсілі болып саналатын әлеуметтік қатынастардың қай-
таланатын кең ауқымды механизмдері ретінде түсіндіріледі. Бұл теория шылар 
патриархаттың, расизм мен капитализмнің, гетеросексуализмнің құ рылымына 
көңіл бөлуді жөн көреді және «билік пен қысым тәжірибесі осы құрылымдар-
дың өзара әрекеттесуінен, яғни бір-бірін өзара күшейтуден туын дайды» дейді. 
Құрылымдық қысым теорияшылары жеке доминанттардың әсерін жоққа шы-
ғармайды, олар бұл агенттік қалайша құрылымдық меха низмдердің өнімі болып 
табылатынын зерттейді. Бұл тарауда біз құры лымдық қысым теориясының екі 
формасын қарастыратын боламыз: социалистік феминизм және қиылысу (сек-
тораралық) теориясы. 
Социалистік феминизм. Социалистік феминизмнің теориялық жобасы үш 
негізгі мақсаттың аясында өрбиді: 1) әйел тәжірибесі тұрғысынан капитализм 
мен патриархаттың ерекше, алайда өзара байланысқан қысымдарына сыни көз-
қарас арқылы қарау; 2) тарихи материализмнің кеңейтілген түсінігі тұр ғысынан 
әлеуметтік талдаудың нақты және дұрыс әдістерін ойлап табу; 3) адамдардың 
іс-әрекетін анықтауда материалистік талдау идеяларына сүйену. Социалистік 
феминизм басқа феминистік теориялардың, әсіресе марк систік және радикалды 
феминистік ойлардың шегінен тыс синтездеу мен тео риялық қадамға қол жет-
кізудің формалды жобасына айналды (Acker, 2008; Eisenstein, 1979; Fraser, 1989, 
1997; Fraser and Bedford, 2008; Himenez, 2005; Hartsock, 1983; Hennessey and 
Ingraham, 1997; Jackson, 2001; C. MacKinnon, 1989; Dorothy Smith, 1979, 1987, 
1990a, 1990b, 1999a, 1999b, 2000, 2004a, 2009; Vogel, 1995).
Жоғарыда атап өткеніміздей, радикалды феминизм, патриархаттың сыны бо-
лады. Осында сипатталған марксистік феминизм Маркстің таптық талдауы мен 
феминистік әлеуметтік наразылықты дәстүрлі түрде біріктірді. Алайда ерекше 
неке болып суреттелген амальгама (Hartmann, 1981; Shelton and Agger, 1993) кө-
біне гендерлік қысымның күшейтілген теориясын емес, гендерлік теңсіздік тура-
лы шағын мәлімдеме жасады. Себебі таптық қысымдардың сынында әйелдердің 
мүдделері тең дәрежеде қарастырылмай, соның бір бөлігі ретінде қабылданды. 
Таза марксистік феминизм заманауи америкалық феми низм дегі салыстырмалы 


498
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
түрде іске аспайтын теория болып саналса да, ол әлі де социалистік феминизмге 
маңызды ықпал етеді. Оның негізін Маркс пен Энгельс қалады (2-тарауды қара-
ңыз). Олардың басты мәселесі қоғам тарапынан жасалған қысым болды, алайда 
ішінара гендерлік қысымға да көңіл бөлді. Ең танымал пікірлері – The Origins of 
the Family, Private Property, and the State («Отбасының шығуы, жекеменшік және 
мемлекет») (Маркс 1883 жылы қайтыс болғаннан кейін Энгельс оның жазбала-
рына сүйеніп, 1884 жылы жазған). Біз бұл кітапты қысқаша талдаймыз, өйткені 
ол гендерлік қысымның классикалық марксистік теориясына және тарихи мате-
риализм әдісіне жақсы кіріспе ретінде қызмет етеді.
«Отбасының шығуы, жекеменшік және мемлекет» еңбегінің негізгі уәжі: 
әйелдің бағыныштылығы оның өзгермейтіндей көрінетін биологиясында не-
месе айқын әрі бақыланатын тарихы бар, сондай-ақ өзгеруі мүмкін әлеуметтік 
қатынастардың нәтижесінде туындайды. ХІХ ғасырда гендерлік мәселе тура-
лы ойлайтын болсақ, бұл радикалды, шынымен де, феминистік пайым болды. 
Әйелдер бағыныштылығының салыстырмалы негізі отбасында жатыр. Отбасы 
дегеніміз – латын тілінен «қызмет» деп тура аударылған мекеме, өйткені күр-
делі қоғамда өмір сүретін отбасының басым көпшілігінде еркектер әйелдерге 
түрлі қызмет жасауына бұйрық беріп тұрады. Заманауи қоғамның идеология-
сы отбасын әлеуметтік өмірдің іргелі және әмбебап ерекшелігі ретінде қарас-
тырса да, Энгельс пен Маркс отбасын айтарлықтай бертінгі кездегі салыстыр-
малы өнертабыс болып саналатынын көрсету мақсатында археологиялық және 
антропологиялық деректерді пайдаланады. Демек, әйелдер салыстырмалы 
түрде автономияға ие, өйткені олардың жинаушы, кәсіпкер, негізгі материал-
дарды сақтаушылар мен таратушылар ретіндегі тәуелсіз экономикалық база-
лары болды. Осындай туысқандық құрылымдарда әйелдер мен еркектер ұзақ 
уақыт бойы өмір сүрді. Бұл әлеуметтік жүйенің құрылымын құлатқан фактор 
болды, Энгельс айтқан дай, «әйел жынысының әлемдік тарихи құлдырауы»
(Engels, [1884] 1970:87) жүзге асады, яғни экономикалық тұрғыда балық аулау мен 
егін шаруашылығы сияқты күрделі жұмыстардың пайда болуымен ерлердің әлеу-
мет тік рөлі, қуаты, ертедегі аң аулаушылық рөліне негізделген мобиль дігі және 
технологияларының тиімділігі әйелдерден гөрі маңызын арттырды. Бұл кезеңде
объектінің ерлер табы тұжырымының, идеясының, болмы сы ның пайда болу ке-
зеңі болды, экономикалық өндірістегі коммуналды ресурс тардың жекешеленуі 
орын алды. Жаңа экономикалық жағдайда жекеменшік иелері өзіне сәйкес жұ-
мыс күшіне мұқтаж болды, мейлі құл, мейлі тұтқын немесе әйелдер мен олар-
дың балалары болсын, бастысы ерлердің сақталуы мен қамтамасыз етілуі үшін 
қызмет етушілер. Осылайша, алғашқы отбасылар, отағасы мен әйелдер, бала-
лардың рөлі қалыптасты.
Осыдан кейін еңбекті қанау үстемдік етудің аса күрделі таптық құрылымда-
рына, әсіресе таптық қарым-қатынастарға айналып кетті. Сонымен қатар отбасы 
да экономикалық және мүліктік жүйелердің тарихи өзгерістері себебінен эконо-
миканың бар әділетсіздігін және әйелдердің бағынуын қамтамасыз ететін тәуел-
ді мекемелерге айналды. Энгельс пен Маркстің тұжырымдауы бойынша, таптық 
төңкеріс арқылы меншік құқықтарын жойып қана әйелдер өздерінің әлеуметтік, 
саяси, экономикалық және жеке әрекет ету бостандығына қол жеткізе алады.
Патриархаттың шығу тегін мүліктік қатынастардың пайда болуынан іздеу 
әйелдердің марксистік таптық талдаудың жалпы шеңберінде қысым көруіне 
алып келеді. «Мүлік» бұл жеке мүлік ретінде емес, қоғамдық өндіріске қажет-
ті ресурстарға деген мүлік ретінде түсініледі (өндіріс құралдары). Сондай-ақ 


499
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
Дороти Смиттің әлеуметтану теориясы оның әйел ретіндегі, дәлірек айтсақ, ерлер үстемдік ете-
тін академиялық ортамен жалғызбасты ата-ананың, екі әлемнің ортасында жанталасып жүрген 
әйелдің өмір тәжірибесінен туындайтынын айтады. 1960 жылдардағы Берклидегі өмірін, яғни 
жалғызбасты ана ретінде баласын өзі асырап, әлеуметтану саласында докторлық дәреже қор-
ғағанын еске алады, ол өз өміріне қатысты «мансап – тосын жағдайлар мен қайғылы оқиғалар-
дың тізбегі» деп санайды (1979:151). Бұл күтпеген тақырып Смиттің жобаларының сызықтық 
ізденісімен айналысатын мақсатты акторларының бейнесі сияқты, әлеуметтану ортодоксиясы-
на қатысты таласқа түсуге мәжбүрлеген көптеген жеке тәжірибелерінің бірі болып табылады. 
Ол оқиғалар әдейі немесе жоспарлы түрде жасалғанына қарамастан, кейінгі оқиғалар Смит-
тің дамуындағы маңызды кезеңдер секілді аутсайдер болып көрінеді. Ол тәуелсіз әрі белсенді 
әйелдердің көпұлтты отбасында дүниеге келді (Smythe, 2009). 1955 жылы Лондон универси-
тетінде әлеуметтану саласының бакалавр дәрежесін алды, ал әлеуметтану сала сындағы фи-
лософия докторы дәрежесін Берклидегі Калифорния университетінде 1963 жылы қорғады. 
Бұл кезең ішінде ол «некеге тұру, иммиграциялану (Канадаға), өмірге бала әкелу, күйеуінің 
тастап кетуі және т.б. жағдайларды» басынан өткерді (D. Smith, 1979:151). Смиттің пікірінше,
бұл оқиғалар кезінде «шындығында, менде таңдау аз болды және, әрине, алдағаны болжай 
білу қабілетім де нашар еді». Берклиде әлеуметтанушы-зерттеуші, әлеуметтану оқытушысы, 
Эссекс университетінде әлеуметтану пәнінен дәріс оқушы, Колчестер, Англия университетінің 
оқытушысы қызметтерін атқарды, британиялық Колумбия университетінде әлеуметтану ка-
федрасында доцент, Торонтадағы Онтарио Білім берудегі пәндер институтында әлеуметтану 
профессоры болып жұмыс істеді.
Смит барлығы «бифуркацияға» (екіге бөліну) байланысты деген тақырыпта көп еңбек жазды. 
Еңбектері кейде басты тақырып ретінде, кейде мотив ретінде жазылды. Смит әлеуметтік-ғылы-
ми сипаттама мен адамдардың өмірлік тәжірибесі арасындағы, әйелдердің бастарынан кешкен 
тәжірибесі мен патриархалды идеал типтерінің арасындағы, микротәжірибе мен макроәлем 
құрылымдарының арасында (әсіресе субординаттар мен доминанттардың микроәлемдерінің 
арасында) болатын бифуркация тәжірибесін талдады. Смит еңбектерінің кейбірін таңдап, бе-
рілген тақырыптарды жете қарастыруға болады. 1987 жылы Смит феминистік әлеуметтанудағы 
маңызды тақырыптардың ең ауқымды әрі кешенді түсініктемесін жасады The Everyday Worldas 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет