Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет366/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   596
дер мен сексуалдықтың арасында байланыс бар екеніне күмән келтіріп, өзінің 
дәлелін әйелдер қозға лысының саяси мәлімдемесінде ашық білдірді. Джудит 
Батлер былай дейді: «Шарасыз әйелдер категориясы деп ұғынатын феминизм-
нің тұрақты субъек тісіне қатысты қасарысқан табандылық осы категорияны 
қабылдауға байла нысты көптеген қарсылық тудырары сөзсіз». Шындығында, 
феминизм ішіндегі фрагментация мен феминизмге қатысты парадоксты сая-
сат, феминизм бойынша, сәйкестік саясатының қажетті шектерін көрсетеді
(Butler, 1990:4). Батлер дің бұл ескертуі феминистік мәселелердің үшінші тол-
қынымен қатар, екінші толқынның позициясына көңіл бөлуге көмектесті. 
Батлер үшін әйелдің санаты гендерді жасайтын процестен, ол «перформа-
тивтік» деп атайтын процестен туындайды. Оның перформативтікке берген 
анықтамасы сөйлеу әрекеті теориясынан (Butler, 1995:134) шығады, онда пер-
формативтілік «атау беретін нәрселердің пайда болуына, жүзеге асырылуына 
себеп болатын және өз кезегінде дискурстың құрушы және өндіруші билігін 
анықтайтын дискурстық практика
» болып табылады. (Философ Дж.Л. Остин-
нің сөзінен алынған перформативтіктің классикалық мысалы ретінде соттың 
немесе министрдің: «Ал енді сіздерді ерлі-зайыптылар деп жариялаймын» де-
ген сөзін айтсақ болады). Батлер «адамдар бір-бірімен өзара әрекеттесу кезінде 
гендерді байқайды, гендерді мойындау арқылы олар оны қалыптастырады» дей-
ді. Батлер осындай қайталанатын іс-әрекеттер гендерді, ер мен әйелді сезіну-
ге қалай алып келетінін түсіндіру үшін Жак Дерриданың итерация қағидасын 
пайдаланып, Bodies That Matter («Мән-мағынасы бар тән») (1993) еңбегінде си-
паттап береді. Итеративтік (қайталанушылық) – бұл белгілер мен символдар-
дың әртүрлі жағдайда қайталану мүмкіндігі. Мысалы, «Мен сені сүйемін», «Сен 
құлпырып кетіпсің», «Шыққың келіп тұр ма?». Осындай қайталаулар келісімге 
әкеліп мағыналық өзгерістерге жағдай жасайды. Алайда адамдар өз мүмкіндік-
терін таңдауға құқылы емес. Фукоға сүйене отырып, Батлер перформативтікті 
дискурстың немесе «регулятивті дискурстың» ұғымын қалыптастырады. Фуко 
үшін дискурс дегеніміз – әлемдер мен құбылыстарды жүйелі түрде байланысты-
ратын идеялар, әрекеттер, сенімдер мен мақсаттардың жиынтығы. Осылайша, 
гендерлік тиімділік өзінің тарихы мен мәдениетіне қарай бейімделіп, ер немесе 
әйел сияқты әрекет ету үшін регулятивті дискурстарға бағынады. Перформа-
тивтікке байланысты итеративті және регулятивті дискурсты ескере отырып, 
жоғарыда атап өткен дискурстарды байланыстыратын басты сәйкестік ретінде 


510
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қабылданады. Екі бинарлық қарама-қайшылық көзқарасы бойынша, индивидке 
жынысты тағайындау – бұл осы тағайындау барысында нені көңілге алуға бо-
латынын және итерацияның көмегімен нені жасауға болатынын көрсететін ре-
гулятивті дискурс арқылы реттелетін нәтиже. Бірақ, Батлердің пікірінше, бала-
ма түсінік «анықтаушы қызметін атқаратын түпнұсқалық сәйкестіктің орнына, 
гендерлік сәйкестік жеке немесе мәдени тарих ретінде қабылданатын мән-ма-
ғыналар тұрғысында қайта қарастырылуы мүмкін. Мысалы, имитациялар бірі-
гіп бастапқы және интернационалды гендерлік өзінің «менін» жасайды немесе 
осы құрылыстың механизмін құрады» (Bathler, 1990:138). Батлердің ойынша, 
адамдар әйел немесе еркек деген ішкі сәйкестік бойынша өмір сүрмейді, одан 
гөрі олар ерлер мен әйелдердің жеке өмірлері мен тарихтағы орындарына байла-
нысты белгілі бір түсінік қалыптастырады. Бұл мағыналар әрекет ету тәсілдерін 
қалыптастырады және де тұлға жан-жағына қараған кезде басқа адамдардың да 
осындай әрекет тәсілдерін қолданатынын байқайды. Осылайша, адамдар ер-
кектер мен әйелдер тәрізді мәдени іріктелген түсініктерге сәйкес әрекет етуге 
тырысып, басқа адамдарға еліктегендіктен, гендер пайда болады. Бұл идеялар 
адамдардың негізгі гендерлік «мен» идеясын қабылдауын тиімді түрде жүзеге 
асырады. Бірақ Батлер (1990:25) «жыныстың артында гендерлік сәйкестік тұр-
мағанын, бұл сәй кестік оның нәтижесі болып саналатын «өрнектер» арқылы 
жүзеге асы ры латынын» тілге тиек етеді. Қоғамдағы осы сөз тіркестерінің кілті 
гетеросексуал дықты табиғи деп бағалайтын әлеуметтік-мәдени тарихпен ретте-
леді, бұл өз кезегінде гетеросексуалдылық имитацияға қатысу үшін өзін басқа 
жыныстан өзгеше ету қажеттілігінен туындайды. 
Батлер постмодернистік феминизмнің дамуына зор үлес қосты. Бірақ өзге 
ғалымдар Мишель Фуконың идеяларын (Oksala, 2011), әсіресе оның билік, бі-
лім және дене туралы түсініктерін әйелдерді азат ету жобасына бейім деп алды. 
Феминистік бейімделу үлгісіне Бартки (1990) мен Бордоның (1993) зерттеулері 
мысал бола алады. Бартки әйелдердің «өздігінен тағайындалған» жаттығулары 
мен диета-режимдеріне және Бордо әйелдердің тамақтану тәртібінің бұзылуына
мән береді. Олардың екеуі де әйелге тән қасиеттерді қалыптастыру үшін регуля-
тивті дискурстар немесе билік/білім режимдерінен құрылған органдардың мы-
салы ретінде қарастырылады.
Бірақ постмодернизмге қатысты феминистік қарым-қатынас та алаңдау-
шылық туғызады. Көптеген феминистер постмодернизмнің ұмтылысы ерек-
ше деп санайды, сол себепті оны феминистік жобаға енгізуге қайшы келеді
(Benhabib, 1998). Мұндай алаңдаушылықтың растаушысы – постмодернизмнің 
құпия сөздігі, саяси күрес емес, оның академиядағы орналасуы және бұл ака-
демиялық дискурстағы гегемонистік мәртебенің рефлексивтен тыс ұғынылуы 
болып табылады. Сондай-ақ феминистердің көпшілігі постмодернистік мәсе-
ленің «кінәсіздігіне» күмән келтіреді. Ол, шынымен де, еркін бе, әлде жоғар-
ғы академиялық тап маргиналданған адамдардың үндеуіне жауап беретін білім 
саясатының бір бөлігі болып табыла ма деген сауал қояды. Хартсок (1990:169) 
бұл алаңдаушылыққа қатысты классикалық мәлімдеме жасады: «Соншалықты 
көп топтар... әлемді, тарихи «прогресс» жайлы сипаттама бере алатын жалпы 
теорияның мүмкіндіктері туралы, «субъектінің» табиғаты туралы сезіктенетін 
маргиналданған басқаларды қайта анықтаумен айналысып жүруі өте күдікті бо-
лып көрінеді». «Алаңдаушылықтың тағы бір себебі – деконструкция мен айыр-
машылықтың шексіз регресіне постмодернистік акцент жасалуы адамдар ды 
өркениеттен, либералистік саясаттан радикалды индивидуализмге жетелей ді. 


511
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
Мұндай радикалды индивидуализм «әркім... біздің арамыздағы бір адам ерек-
шеленеді, сәйкесінше, әрбір мәселе немесе дағдарыс бұл тікелей біздің немесе, 
керісінше, менің емес, сендердің мәселелерің» деп қорытынды жасай алады»
(P. Collins, 1998:150; Jordan, 1992). Ең алдымен, постмодернистік бет бұрыс фе-
министік ғалымдарды әлемді «дискурс», «көрініс» және «мәтін» деп қарастыра-
тын теңсіздіктің, әділетсіздіктің, қысымның материалистігіне және нео идеалис-
тік позициясына апарады. Постмодернизм материалдық теңсіздікпен байланыс-
ты үзе отырып, феминизмді өзінің прогрессивті өзгерістеріне деген бейімділігі-
нен – әрбір әлеуметтік сыни теорияның іргелі жобасынан қалыс қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет