Алеуметтану тероиясы indb


Феминистік әлеуметтану тұрғысынан



Pdf көрінісі
бет367/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   596
Феминистік әлеуметтану тұрғысынан
теориялық негіздеу 
Бұл тарауда феминистік әлеуметтану тұрғысынан теориялық негіздеу кейбір 
ір гелі қағидаларын бекіту мақсатында жоғарыда айтылған феминистік теория 
нұсқаларының айқын немесе айқын емес идеяларының синтезі көрсетілді. Біз 
бұл эффектінің төрт айрықша ерекшелігін анықтадық: білім әлеуметтануы, қо-
ғам моделі, әлеуметтік өзара әрекеттесу құрылымы және әлеуметтік тәжірибе-
нің субъективті деңгейіне назар аударуы. Бұл синтез әртүрлі пәндерді, соның 
ішінде әлеуметтану ғылымын негіздеген теорияшылардың классикалық пі-
кірлеріне сүйенеді (The major influences are Andersen, 2005; J. Benjamin, 1988;
Bordo, 1993; Butler, 1990, 1993; Chodorow, 1978; P. Collins, 1990, 1998, 2004; 
England, 2010; Fenstermaker and West, 2002; Gilligan, 1982; Heilbrun, 1988; 
Hennessey and Ingraham, 1997; Ingraham, 1999; Lorde, 1984; MacKinnon, 1989; 
Rich, 1976, 1980; Ridgeway, 2011; Dorothy Smith, 1989, 1990a, 1990b, 1999a, 
1999b, 2004a, 2009; and West and Fenstermaker, 1993).
Білімнің феминистік әлеуметтануы
Білімнің феминистік әлеуметтануы адамзат төрт сипаттамамен дәйектеген 
«әлем туралы білім» атаулының барлығын қамтиды: 1) ол әрқашан әлеуметтік 
құрылымда әркелкі орналасқан топтардағы акторлар тұрғысынан жасалады;
2) сөйтіп, ол толық және объективті емес, әрдайым жартылай және мүдделі бо-
лады; 3) ол топтар арасында және кейбір жағдайда, топтардағы әрекет етуші-
лер арасында өнеді және түрленеді; 4) оған әрдайым билік қатынастары, мей-
лі ол үстемдік етуші немесе бағынышты топтар тұрғысынан болсын, әсер ете-
ді. Бұл білімнің түсінігі «эпистемологияның феминистік нүктесі» деп аталды
(Harding, 1986). Феминистік әлеуметтану тұрғысынан теориялау білім әлеу-
меттануынан басталады. Өйткені феминистер әйелдердің көзқарасы тұрғысы-
нан әлемді сипаттап, талдап, өзгертуге тырысады. Сондай-ақ әйелдер әлеумет-
тік қатынастардағы бағынышты позицияда жұмыс істегендіктен, фе министік 
әлеуметтанушылар білімнің өндірістік әлеуеті қоғамдағы барлық өндірісті рет-
тейтін билік жүйесінің құрамдас бөлігі деп санайды. Феминистік әлеуметтану 
теориясы әлеуметтік білімдер қалыптастырған көзқарас ретінде қысым көрген 
адамдардың, оның ішінде әйелдердің дүниетанымын орнықтырып, әлеуметтік-
логикалық дискурстағы және әлеуметтік теория шеңберіндегі күштердің тепе-
теңдігін өзгертуге тырысады.
Әлеуметтік қоғамды әйелдер тұрғысынан зерделеу үшін феминистік әлеу-


512
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
меттанушы теорияшылар әрдайым әйелдердің көзқарасын ескерулері қажет. 
Көзқарас дегеніміз – әлеуметтік қатынастар туралы жалпы білімді дамытуға 
қауқарлы тарихи ортақ жағдайдағы әлеуметтік ұжымның өнімі. Маркс бас-
таған феминистер маңызды үш ұжымды – басшы, қызметкерлер мен әйел-
дерді анықтады. Қоғамдық өндірістің ерекше қарым-қатынастары оларды 
позициялық топ ретінде қалыптастырады. Тарихи патриархаттық қоғамдағы 
әйелдерге, табы мен нәсіліне қарамастан, әлеуметтік жаңғырту міндеттері 
(бала туу, балаларды тәрбиелеу, үй шаруашылығын жүргізу, тағам дайындау, 
науқастарға күтім, эмоциялық және сексуалдық қызмет көрсету) жүктелді. 
Дегенмен патриархаттық өндірістегі «тап» ретінде әйелдердің кез келген ын-
тымақтастығы басқа тап конфигурациялары, соның ішінде экономикалық 
тап және нәсілдік таптар сипатында сыналады. Әйелдердің әлеуметтік өнді-
ріске қатысты бағынышты жағдайдағы нәсілдік, гендерлік, таптық, геосаяси, 
геоәлеуметтік және жыныстық немесе жасқа негізделген теңсіздіктер коали-
ция мен оппозицияның біртұтас күрделі жүйесін қалыптастырады. Бұл жүйе 
енді феминистің сипаттамасы мен әйелдердің көзқарасын талдаудың ажыра-
мас бөлігі болды.
Әртүрлі көзқарастар тобының өнімі ретіндегі білімнің осындай түсінігі әлеу-
меттанушы теорияшыларға феминизмнің эмансипациялық жобасына пайдалы 
есептер жүргізуге көмектеседі. Кемінде төрт стратегия қолданылады. Олардың 
бірі – «веб-есептердің», яғни әртүрлі қатысушылардың білімдері туралы дерек-
тің дұрыстығын бекітеді (Haraway, 1988). Екінші стратегия пози циясы әлсіз 
субъектілердің немесе топтардың есеп жазбаларына немесе көз қарастарына ба-
сымдық беруге бағытталады. Себебі доминанттардың көзқа растары көбірек се-
нім мен циркуляцияға ие болуы – биліктің теңсіз қатынас тарының негізгі фак-
торы. Әлсіздік туралы көзқарасқа басымдық беру фе министік эмансипациялық 
жобаның бір бөлігі болып саналады, сонымен қатар ол әлеуметтік процестерді 
түсіну көзқарасын өзгертіп, негізгі әлеуметтану теорияларына айрықша ықпал 
етеді. Үшінші стратегия феминистік теория шыларды рефлексияға және жеке 
тұлға немесе топ ұстанымының білімінен әлеуметтану есебін жалпылауға көшу 
кезеңдерін есепке алуды талап етеді, өйткені бұл ауысым билік әрекеті болып 
саналады (P. Collins, 1990, 1998; Dorothy Smith, 1990a). Төртінші стратегия 
әлеуметтік теорияшылардың өздері айтқан нақты орынды анықтауға, осылайша 
өздерінің біржақтылығын (осы сөздің барлық мағынасында) және оның теория-
ға әсерін анықтауға арналды.
Төртінші стратегияға сәйкес, біз мұндағы теориялық синтезді жасайтын 
көзқарасымызды айқындауымыз керек. Біз қазіргі Құрама Штаттардағы ака-
демиялық әлеуметтiк ғалымдардың салыстырмалы түрде артықшылығы бар 
тап позициясынан, сондай-ақ нәсiлдiк, жастық және гетерожыныстық тәжi-
рибеде кездесетін қысым мен жеңiлдiк векторларының нақты қиылысында 
орналасқан әйелдер көзқарасы тұрғысынан зерделейміз. Сонымен қатар біз 
кедейлік пен отаршылдық арқылы қалыптасқан тұрғылықты топтардың от-
басылық мұраларын зерттедік. Қазіргі заманғы мәртебеге және отбасылық 
тарихқа араласу біздің мүдделеріміз бен құндылықтарымызды қалыптасты-
рады. Бұл жерде ұсынылған синтез қысым теориясының әділетті қо ғам тұ-
жырымдамасын әр адамға фундаменталды құқық ретінде (шүбәсіз кон цес-
сия немесе сыйақы), яғни азық-түліктің, киім-кешектің материалдық маңыз-
дылығынан, баспанадан, денсаулық сақтау мен білім беруден, зорлық-зом-
былық қорқынышының жоқтығынан, өз тобы мен индивидуалдық бірегей-


513
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
лігінің ерекшеліктеріне оң баға беруден әлеуметтік игіліктің әділетті үлесін 
талап етуіне мүмкіндік беретін қоғам тұрғысында сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет