Алеуметтану тероиясы indb


ПЬЕР БУРДЬЕ БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ Ulf Andersen / Hulton Archive / Getty Images 557



Pdf көрінісі
бет394/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   596
ПЬЕР БУРДЬЕ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Ulf Andersen / Hulton Archive / Getty Images


557
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Габитус ойлау мен іс-әрекет таңдауын шектейтін ішкі құрылым болған-
мен, ол соңғыларын анықтамайды (Myles, 1999). Бұндай детерминизмнің 
жоқ болуы – Бурдьенің позициясын дәстүрлі структуралистердің тәсілде-
рінен ерекшелендіретін негізгі өзгешеліктерінің бірі. Габитус адамдарға жай 
ғана нені ойлап, қандай әрекеттер таңдау керек екенін «ұсынады». Адамдар 
саналы түрде таңдаудың бар мүмкіндіктерін таразылайды, дегенмен мұндай 
шешім қабылдау процесі габитус әрекетін көрсетеді. Ол адамдарға балама 
нұсқаны таңдау қағидаларын және әлеуметтік өмірде стратегияларды қол-
дану қағидаларын табыстайды. Бурдье мен Вакан осыны ерекше айтып кет-
кен болатын: «Адамдар – ақымақ емес». Алайда адамдардың барлығы толық 
рационалды шешім қабылдамайды (Бурдье рационалды таңдау теориясы-
жасалған зерттеулерінің кейбірі Бурдьенің төмендегідей түйін жасауына алып келді: структу-
рализм – басқа бағытта болса да, экзистенциализм секілді шектеулі әдіс. Ол өздерін бейсана-
лы, құрылымдармен бақыланады деп есептейтін адамдарды бақылауға құқылы деп санайтын 
структуралистердің позицияларына наразылық білдірді. Бурдье тек құрылымдық шектеулер-
ге ғана тоқталатын ғылыми салаға деген ықыласын жоғалтты. Ол мынадай пікірі білдіреді:
«Барлық мақсаты өзі бақылайтын индивидтерді белсенді ететін механизмдерді айқын-
дау ғана болса, ол адамдарға, тіпті жасанды қуыршақ секілді ережесі белгісіз ойындарды 
ойнайтындарға да қатысы бар екенін ұмытса, адамдарға өздерінің міндетті әрекеттерінің 
мән-мағынасын көрсетіп бере алмаса, әлеуметтанудың ешбір құндылығы болмас еді».
(Bourdieu, cited in Robbins, 1991:37).
Бурдье өзінің негізгі мақсаттарының бірін структурализмнің шектен шығуына жауап ретінде 
анықтады: «Мен Леви-Стросс пен басқа структуралистердің оларды құрылымдардың эпифено-
мендері деп қарастыру себебінен жоғалып кеткен шынайы акторларды қайтаруға ұмтылдым» 
(cited in Jenkins, 1992:17–18). Басқаша айтқанда, Бурдье тым болмағанда Сартрдың экзистенциа-
лизмінің бөлігін Леви-Стросстың структурализмімен біріктіргісі келді.
Бурдьенің көзқарасы марксистік теория мен марксистердің ықпалымен қалып тасты. Бурдье сту-
дент бола тұра, марксизмнің кейбір шектен шығуына қарсы шыққан, ал кейінірек құрылымдық 
марксизмнің идеяларын жоққа шығарды. Бурдьені марксист деп санауға болмаса да, оның шы-
ғармашылығында марксистік теориядан алынған идеялардың бар екені анық. Әсіресе оның тәжі-
рибеге (praxis) басымдық беруі және өзінің әлеуметтануында теория мен (зерттеушілік) тәжіри-
бені біріктіруді қалауы айрықша байқалады (Бурдье экзистенциализм немесе структурализмнің 
орнына «праксеологиямен/praxeology» айналысады деп айтуға болады). Оның шығармашылы-
ғында, сондай-ақ азаттық бағыты байқалады, оған қатысты адамдарды саяси және таптық үстем-
діктен босатуға деген ұмтылысын айтуға болады. Алайда Сартр мен Леви-Стросстың жағдайында 
болғандай, Бурдье Маркс пен марксистерді шығу нүктесі ретінде пайдаланып, өзінің көзқарасын 
қалыптастырды деу дұрыс.
Бурдьенің шығармашылығында басқа да теорияшылардың, әсіресе Вебер мен француз әлеу-
меттануының жетекші теорияшысы Эмиль Дюркгеймнің ықпалы байқалады. Бірақ Бурдье өзін 
Маркс, Вебер, Дюркгейм немесе басқа біреудің жолын қуушы деп атауға қарсы. Ол осындай 
теңеулерді оның шығармашылығын шектеуші, тым қарапайым етіп көрсетіп, қорлаушы деп есеп-
тейді. Кей жағдайларда Бурдье өзінің идеяларын сыни диалог ретінде жазған, ол дағды студент 
кезінде басталып, өмір бойы жалғасты: «Мен әлеуметтану мен антропологияда жасағанымның 
барлығын – маған үйреткенге қарсылық ретінде және маған үйреткеннің арқасында жасадым» 
(Bourdieu, in: Bourdieu and Wacquant, 1992:204). Бурдье 2002 жылдың 3 қаңтарында 71 жасында 
қайтыс болды.


558
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
на немқұрайлы қарайды); олар «ақылмен» әрекет етеді, практикалық мән-
ге ие. Адамдардың іс-әрекеттерінде логика бар – бұл «тәжірибе логикасы» 
(Bourdieu, [1980] 1990).
Роббинс атап өткендей, практикалық логика – «саяси», яғни ол бір уақыт-
та көптеген бір мағыналы емес және логикалық тұрғыда (формалды логика 
бойынша) қарама-қайшы мағыналарды немесе тезистерді біріктіре алады, 
себебі іс-әрекетінің негізгі контексі – практикалық контекст» (1991:112). 
Бұл пікір тәжірибелік логика мен рационалдықтың (формалды логика) 
арасындағы айырмашылықты белгілейтіні үшін ғана маңызды емес, сондай-
ақ Бурдьенің «реляционизмі» туралы еске салады. Соңғысы бұл контексте 
үлкен маңызға ие, өйткені габитустың өзгермес, бекітілген құрылым емес 
екенін түсінуге көмектеседі: оны қарама-қарсы жағдайларға тап болып, жан 
дүниесінде әрдайым өзгеріс болатын индивидтер бейімдеп тұрады.
Габитус «сана-сезім мен тіл деңгейінен төмен, интроспективті зерттеу мен 
ерікті бақылауға қолжетімді аймақтан тыс» қызмет етеді (Bourdieu, 1984a:466). 
Біз габитус пен оның әсерін ұғынбасақ та, ол біздің ең тәжірибелі қылықта-
рымызда, мысалы, біздің тамақ ішуімізде, жүруімізде, сөйлеуіміз бен тіпті 
сіңбіруімізде көрінеді. Габитус құрылым секілді әрекет етеді, бірақ адамдар-
дан оған немесе оларға сыртқы құрылымдарға тек механикалық түрде жауап 
береді деп айтуға болмайды. Осылайша, Бурдье тиімді тәсілінің арқасында 
әдісінде болжауға келмейтін жаңалық пен жаппай детерминизмнің шыр-
мауынан құтылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет