Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет390/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   596
желер мен ресурстардың] ретінде анықталады» (Giddens, 1984:17). Құрылым 
ережелер мен ресурстар нәтижесінде жүзеге асады. Құрылымдардың өзде рі уа-
қыт пен кеңістікте жоқ. Керісінше, әлеуметтік құбылыстардың құры лым дануы 
мүмкін. Гидденстің пайымдауынша, «құрылым тек әлеуметтік агенттердің әре-
ке ті арқылы және соның барысында ғана көрінеді» (Giddens, 1989:256). Гидденс 
акторларға қатысты сыртқы және мәжбүрлі бақылаушы ретінде қарастыратын 
Дюркгеймнің құрылымына ұқсамайтын құрылымның өте ерекше анықтамасын 
ұсынады. Ол құрылым адами әрекет үшін «сыртқы» және «тысқы» деген ойдан 
алшақтауға тырысты. «Менің сөз қолданысымда құрылым дегеніміз – әлеумет-
тік өмірге пішін беретін нәрсе, бірақ пішінді өзі бермейді» (Giddens, 1989:256). 
Хелд пен Томпсон жазғандай, Гидденстің ойынша, құрылым – жиектеме «құ-
рылыстың бөренелері немесе дене қаңқасы іспетті» құрылым емес (Held and 
Thompson, 1989:4). 
Гидденс құрылымның іс-әрекетке қатысты тежеушілік әсерінің мүмкіндігін 
жоққа шығармайды, бірақ әлеуметтанушылар бұл шектеудің маңызын асыра 
көрсетеді деп санайды. Олар құрылымның «әрдайым шектеулі және қолайлы» 
екенін атап көрсетті (Giddens, 1984:25, 163; italics added). Құрылымдар агент-
терге, олар жасауға қабілетсіз болған нәрселерді орындауға мүмкіндік береді. 
Құрылымдық шектеулерге назар аудармауға тырысса да, Гидденс акторлар уа-
қыт пен кеңістікте созылу кезінде «әлеуметтік жүйелердің құрылымдық қасиет-
терін» бақылай алмай қалуы мүмкін екенін мойындайды. Алайда ол веберлік 
темір тор бейнесінен мұқият қашқақтайды және мұндай бақылау мүмкіндігінен 
айырылуды шарасыздыққа баламайды.
Әлеуметтануда жалпы жұртқа танылған құрылымның түсінігі гидденстік 


550
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
әлеуметтік жүйелердің тұжырымдамасына жақын (Thompson, 1989:60). Гид-
денс әлеуметтік жүйелерді ұдайы өндірілетін әлеуметтік тәжірибелер ретінде 
анық тайды немесе «тұрақты әлеуметтік тәжірибелер ретінде ұйымдастырыл-
ған акторлардың немесе ұжымдық құрылымдардың арасындағы қарым-қа-
тынастарды жаңғыртады» (1984:17, 25). Әлеуметтік жүйе идеясы Гидденстің 
практикаға қатысты алаңдаушылығынан туындайды. Әлеуметтік жүйелер құ-
рылымдарға ие емес, бірақ құрылымдық қасиеттерді танытады. Құрылымдар 
уақыт пен кеңістікте өзінен-өзі өмір сүрмейді, алайда олар әлеуметтік жүйе-
лерде қайта жүзе асырылатын практикалар түрінде көрініп отырады. Кейбір 
әлеуметтік жүйелер мақсатты бағытталған әрекеттің өнімі болса да, Гидденс 
осындай жүйелердің адам әрекетінің күтпеген салдары екеніне көп көңіл бө-
леді. Бұл көрінбейтін салдар іс-әрекеттің белгісіз күйін қалыптастырып, оған 
қайта оралып отырады. Бұл жағдайлар оларды бағындыру әрекеттерінен бұл-
тартуы мүмкін, бірақ дегенмен акторлар осы бақылауды жүзеге асыру үшін бар 
күшін салып бағады.
Сонымен құрылымдар әлеуметтік жүйелерде «иллюстрацияланады». Осы-
ған қоса, олар саналы адам агенттердің мінез-құлықтарын бағдарлайтын «еске 
түсіру нышандарында» айқын көрінеді (Giddens, 1984:17). Нәтижесінде ереже-
лер мен ресурстар әлеуметтік жүйелердің макродеңгейінде де, сондай-ақ адами 
сана-сезімнің микродеңгейінде де көрінеді.
Енді құрылымдау ұғымын қарастыра аламыз. Бұл ұғым «агенттер мен 
құрылымдардың жасалуы – құбылыстардың екі тәуелсіз жинағы емес, дуа-
лизм, бұл қосарлық... әлеуметтік жүйелердің құрылымдық қасиеттері ре-
курсивті түрде ұйымдастырған практикалардың құралы да, нәтижесі де», 
не болмаса «әрекетті жасау сәті күнделікті жүзеге асыру жағдайларындағы 
әлеуметтік өмірді өндіру сәті» (Giddens, 1984:25,26). Құрылымдау құрылым 
мен агенттік арасындағы диалектикалық өзара қатынасты талап ететіні анық
(Rachlin, 1991). Құрылым мен агенттік қосарлы; бұл екі элементтің ешбірі 
екіншісінен бөлек жүре алмайды.
Бұрын айтылып кеткендей, уақыт пен кеңістік – Гидденс теориясындағы 
өте маңызды айнымалылар. Екеуі де басқа адамдардың уақыт аясында немесе 
кеңістікте болуына тәуелді. Бастапқы шарт – басқалар бір уақытта және бір 
жерде болғандағы бетпе-бет өзара әрекеттесу. Бірақ әлеуметтік жүйелер уа-
қыт пен кеңістікте кеңейтіледі, басқалары онда тікелей бола алмауы мүмкін. 
Уақыт пен кеңістіктегі осындай қашықтық қазіргі замандағы коммуникация 
және тасымалдаудың жаңа түрлерінің арқасында жүзеге асуда. Грегоридың
(Gregory, 1989) пікірінше, Гидденс кеңістікке қарағанда уақытқа көбірек кө-
ңіл бөледі. Кеңістіктің маңызын белгілей отырып, Сондерс «әлдебір нәрсе неге 
және қалай болатынына кез келген әлеуметтік талдау жасау барысында бұл 
қайда (және қашан) болғанын ескеру қажет болады» деп мәлімдейді (Saunders, 
1989:218). Әлеуметтік тәртіп туралы аса маңызды әлеуметтану тұжырымы әлеу-
меттік жүйелердің уақыт пен кеңістіктегі интеграциялану дәрежесіне тәуелді. 
Әлеу меттік теориядағы Гидденстің көпшілік мойындаған үлкен жетістіктерінің 
бірі – уақыт пен кеңістік мәселелерін бірінші кезекке шығару әрекеті. 
Біз Гидденстің аса абстрактілі құрылымдау теориясын шындыққа жақын-
датып, соған негізделген зерттеу бағдарламасын талқылау арқылы бұл бөлімді 
аяқтаймыз (For an overview of empirical research based on structuration theory, 
see Bryant and Jary, 2001a). Біріншіден, адамзат қоғамын зерт теудің орнына, құ-
рылымдау теориясы «кеңістік пен уақытқа сәйкес инсти туттардың реттелуіне» 


551
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
назар аударатын еді (Giddens, 1989:300) (Гидденс институттар деп практика-
лардың жиынтығын түсінеді және олардың төрт типін белгілейді: символдық 
тәртіп, саяси институттар, экономикалық институттар және заң). Екіншіден, 
негізгі қызығушылық уақыт пен кеңістіктегі институттарда болып жатқан өз-
герістерге бағытталатын еді. Үшіншіден, зерттеушілер әртүрлі институттар-
дың жетекшілері әлеуметтік үлгілерді қалай күштеп мін деттеп, өзгертетінін 
түсінуі қажет еді. Төртіншіден, құрылымдау теориясын ұстанушылар өз тұ-
жырымдарының әлеуметтік өмірге әсерін қадағалап, ілтипатпен жауап қатуы 
керек еді. Қорытындылайтын болсақ, Гидденс «қазіргі заманның қиратушы 
күшіне» терең қызығушылық танытқанын (Giddens, 1989:301) айтуға болады, 
құрылымдау теориясының жақтаушысына осындай өткір әлеуметтік мәселе-
мен айналысқан жөн.
Құрылымдау теориясы бұл жерде ұсынылғаннан да ауқымдырақ: Гидденс 
жай ғана өз теориясындағы біз атап өткен және көптеген басқа да элементтерін 
кеңінен қарастырады. Ол бірқатар теориялық көз қарастарды талдайды, бірік-
тіреді немесе сыни пікірін білдіреді. Ол соңғы уақытта заманауи әлемге сыни 
талдау жасау үшін, өзіндік болмыс (1991), махаббат және сырластық (1992), 
үшінші жолдың саясаты (1998), жаһандану (2000) және соңғы жылдары климат 
өзгерісі (2009) секілді мәселелерде өз теориясын пайдалануға көп көңіл бөле-
ді (14-тарауды қараңыз). Басқалармен салыстырғанда Гидденс агенттік-құры-
лымдық интеграцияның бағдар ламасын мәлімдеу шеңберінен шығып кетті. Ол 
оның әртүрлі элементтерін егжей-тегжейлі талдап шықты және аса маңызды-
сы – өзара қарым-қатынастың сипатына баса көңіл аударды. Гидденстің бағыт-
тарындағы неғұрлым көңілге қонымдысы – оның құрылымдағы негізгі мәселесі 
интегративті терминдермен анықталады. Агенттер мен құрылымдардың жаса-
луы бір-бірінен тәуелсіз емес; әлеуметтік жүйелердің қасиеттері бір уақытта ак-
торлардың тәжірибе құралы мен нәтижесі деп қарастырылады және мұндай жү-
йелі қасиеттер акторлардың тәжірибелерін рекурсивті түрде ұйымдастырады.
Лейдер, Аштон және Санг (Layder and Ashton, Sung, 1991) өздерінің оқудан 
жұмысқа көшу туралы зерттеулерінде Гидденс ұсынған құрылымдау теориясы-
на эмпирикалық дәлел іздеген. 
Олар оның теориялық тәсілін қолдағанымен, қорыта келгендегі тұжыры-
мы құрылым мен агенттік Гидденс ойлағандай байланыспайды деген пікірге 
саяды: «Біз эмпирикалық құрылым мен іс-әрекет өзара тәуелді (осылайша 
бір-бірімен терең байланысты), бірақ ішінара автономды және жіктеуге ке-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет