621
15-тарау
•
Нәсіл және отаршылдық теориялары
тануында жаңылыстыратын құбылыс ретінде қабылдайды. Тек 1940 және 1950
жылдарда, отарсыздандыру кезеңінде, отарлау субъектілері өз қасіретінің нақ-
ты басты себебіне назар аударады: «Көптеген жылдар бойғы жаңылыстырулар-
дан кейін, ең керемет фантазиялар жетегінде тырбаңдағаннан кейін, отарланған
субъект, ақырында, қару-жарағын сайлап, өзінің өмір сүруіне кедергі жасайтын
жалғыз күш – отаршылдыққа қарсы тұрды» ([1961] 2004:20).
Ақырында, Фанон «
Қарғысқа ұшыраған жер»
еңбегінде диалектикалық ой-
лауды қолданады. Еске сала кетейік, Маркс үшін материалдық диалектикадағы
соңғы нүкте – капитализмнің құлдырауы және коммунистік қоғамның пайда
болуы. Фанонның айтуынша, отаршылдық капитализммен тығыз байланысты
және социализм капитализмге қарағанда отарсыздандырылған халықтар үшін
жақсырақ әлеуметтік-экономикалық жүйе. Дегенмен оның еңбегіндегі тікелей
мәселе жұмыс істейтін адамдардың бостандығы емес, ұлт-азаттық қозғалыстар
арқылы отарланған адамдардың азат етілуі болды. Сондай-ақ Фанон Маркске
мүлдем қайшы (Macey, 2012:475), ол пролетариатты емес, отарланушы шаруа-
ларды революциялық күш деп біледі.
Бірінші кезекте отаршылдық қоғам нәсілдік жолмен бөлінеді. Олар эконо-
микалық, сонымен қатар мәдени және кеңістіктік (мысалы, қалалар отарлау-
шылар мен отарланушылар арасында бөлінген) болады. Ұлттық қозғалыстар
отарланушы субъектілер атынан сөйлеу үшін бой көтереді. Алайда осы қозға-
лыстың көшбасшылары еуропалық білім алудың әсерінен отаршылдықты тоқ-
татудан гөрі, отарлаушы қожайындармен ымыраға келуге тырысады. Деген мен
қозғалыстар мен олардың көшбасшылары диалектиканы алға бастыруда ма-
ңызды рөл атқарады. Олардың сөйлеген сөзі, қалыпты сөзбен айтылса да, отар-
шылдыққа қарсы ашу-ызаны өршіте түседі: «Көңіл толқытқан, ... Келіп-кету,
сөз сөйлеу, қалың жұрт, полицияның болуы, әскерлердің күші, тұтқындаулар
және көшбасшыларды жер аударту – осы тұрғыдағы барлық толқыныстар
адамдарға бірдеңе істейтін уақыт келді дегендей әсер береді» (Fanon, [1961]
2004:29). Алғашында ашу бағдарсыз болса да, ақыр соңында, шын мәнінде
революциялық ұлттық сананың пайда болуына негіз болады. Маркс пен Эн-
гельстің
«Коммунистік манифестіндегі» үндеулерін еске салған Фанон былай
деп жазады: «Үшінші дүние халқының
өз кісенін үзу процесінде табысқа жетуі
таңғаларлық» (34, italics added).
Фанонның еркін және өзін-өзі анықтайтын постколониалды әлем туралы
ойлары орындалмаса да, оның идеялары революциялық ой мен революциялық
қозғалыстарды шабыттандыратыны туралы келесі бөлімде оқимыз.
Достарыңызбен бөлісу: