622
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
дейін ұйыстырып отыр. Глен Колтард сияқты (2014), басқалар да оны күшей-
тіп, әсірелеп айтады. Оның айтуынша, байырғы халықтар (және, мүмкін, басқа
нәсілге бөлінген халықтар) үшін отаршылдық әлі аяқталған жоқ.
XVIII және
XIX ғасырдағы отаршылдық қоғамды құрған экономикалық қатынастар бүгінде
байырғы халықтар мен қоныстанған-колониалды мемле кеттер арасындағы қа-
рым-қатынастарды құрып отыр.
Постколониалды теория – бұл отарсыздандырудан кейін дамитын перспек-
тива. Рака Рэй (2013:148) атап өткендей, «Постколониалды теория ... отаршыл-
дықтың отарлаушы мемлекеттер мен колониялардың әлеуметтік,
мәдени және
экономикалық дамуындағы әлі күнге жалғасып келе жатқан әсерін пайымдай-
ды». Постколониалды теория гуманитарлық ғылымдарда, әсіресе әдебиетті
зерттеуде дамыды. Осылайша, ол кейінгі билікке мүмкіндік
беретін және кейінгі
билікке әлеуетті қарсылық көзі бола алатын мәдени күштерге назар аударады.
Танымал тұлғалардың қатарында Хоми Бхабха (1994), Гаятри Спивак (1999)
және Эдвард Саид (1978) болды. Әдеби теория тұрғысында пайда болуына қа-
рамастан, жақында Джулиан Гоу (2013) әлеуметтанудағы постколониалды тео-
рияның өзектілігін талдады. Ол постколониалды теорияны «Батыс отаршылды-
ғын және оның мұраларын қолдайтын құрылымдарды сынау мен жүзеге асы-
ру мақсатына жетелейтін дәйекті ұғымдық ой және жазбалар» деп анықтайды
(2013:29). Артынша Гоу постколониалды ойдың элементтерін сипаттайды.
1. Ол отаршылдық тарихына назар аударғанына қарамастан, оны «қазіргі
кездегі мәселелер»
қалыптастырады дейді, мысалы, отаршылдық дискурс
нәсілдік және этникалық түсініктерге әсер етуді жалғастыру жолдарын
анық көрсетеді (2013:30).
2. «Мәдениет, білім және түсініктің» отаршылдық әлем мен оның тұрғын-
дарын құруда атқарған рөліне баса назар аударылады (2013:30).
3. Батыстың
6
қазіргі қоғамы «отаршылдық арқылы құрылғанын»
дәлелдеу-
ге тырысады (2013:31). Басқаша айтқанда, қазіргі кездегі Батыс отарлану-
шы адамдармен тіл табысу арқылы өз бейнесін жасады. Бұл бейне Батыс
билігі мен артықшылығын қолдайды.
4. «Батыс империялық мәдениеттің болжамдарын тұрақсыздандыруға ар-
налған жаңа сыни ұғымдарды» ұсынады (2013:30). Бұл тұрғыда ол пост-
структурализм
мен постмодернизмге қосылып, олардың қалыптасқан
Батыс білімінде конструкциялау пиғылын бөліседі (17-тарауды қараңыз).
5. «Сананы отарсыздандыруға» көмектесетін жаңа білім түрлерін дамытуға
тырысады (2013:30).
Қысқасы, постколониалды теорияшылар Батыс білімі еуропалық және сол-
түстік америкалық құндылықтардан хабардар болған Батыс әлемі мен қалған
әлем арасындағы қарапайым айырмашылықтың
айналасында ұйымдастырыл-
ғанын дәлелдейді. Постколониалды теорияның мақсаты – айырмашылықтың
қазіргі заманғы қоғамды қалай қалыптастырғанын сипаттау және сол айырма-
шылықты қирату. Постколониалды теорияның жетекші тұлғасы әдеби теория-
шыл Эдвард Саид болды. Енді оның идеяларына кезек берейік.