Алеуметтану тероиясы indb


III бөлім • Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер) Аффективті өріс



Pdf көрінісі
бет497/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

744
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Аффективті өріс 
Аффект теориясы – адамның субъективтілігі мен қоғам реляционизмінің тео-
риясы. Осы тұрғыдан ол әдіснамалық индивидуализмді қабылдайтын рацио-
налды таңдау мен айырбас теорияларынан біршама ерекшеленеді (11-тарауды 
қараңыз). Биологиялық дене бақылау нүктесі ретінде қабылданса да, терімен 
қапталған бітеу, жабық нысан ретінде қарастырылмайды. Біз осы идеяның 
алдыңғы бөлімде болжанғанын көрдік – субъект сезім мен сыртқы әсерге 
бой алдырады. Тек жинақталу әрекеті арқылы ғана қоршаған ортадан бөлек 
дене пайда болады. Тіпті жинақталу кезінде де денелер әлі де басқа денелер-
мен аффективті байланыста болады. Бұл тұрғыдан алғанда, аффект бастапқы 
(prepersonal) және әлеуметалды (presocial) түрде немесе, Грегг пен Сейгворт 
айтқандай (Gregg and Seigworth, 2010:3), «субперсонал» және «субәлеу-
меттік» қалыпта сипатталады. Андерсон былай дейді: «Аффект – белгілі бір
субъек тіге немесе объектіге жатпайтын иелігі жоқ қарқынды әрекеттер, сон-
дай-ақ олар субъекті мен объект арасындағы аралық кеңістікте де орналас пай-
ды» (Anderson, 2010:161).
Аффективті өрісті талдау заманауи аффект теориясы үшін өзекті идея бол-
са да, бұл тұжырымдаманы әлеуметтанудың пайда болу кезеңдерінен де табу ға 
болады. Мысалы, Эмиль Дюркгеймнің ([1912] 1965) ұжымдық толқу тұ жы-
рымдамасы әлеуметалды ұжымдық энергияны сипаттайды. Әлеу меттік идея – 
ұжымдық ағым идеясы – қатысушылардың өз жеке-даралығынан бас тартып, 
ортақ энергияға қатысатын топтық би билеуінен шығады. Аффект теорияшы-
лары Дюркгейм идеяларына әлі бет бұрмаса да, өздерінің қазіргі замандасы 
Гюстав Лебонның идеяларына жүгінеді, оның тобыр әрекеті теориясы ХІХ ға-
сырдың соңында өте ықпалды болды (Borch, 2012).
Тереза Бреннанның Лебон теориясына жасаған түсін іктемесінде айтқан-
дай, «топтар аффективтікті жоғарылатып, интеллектуалды қызметтің дең-
гейін төмендетті» (Brennan, 2004:53). Оларда әлеуметтік форма ретінде қа-
растыруға болатын «санасыздық компоненті» бар (2004:53). Соның ішінде, 
тобырлар аффект денеден денеге тікелей таралуы мүмкін әлеуметтік жұқпа 
(social contagion) арқылы әрекет етеді. Тобыр жай индивидтердің жинағы емес, 
«этикалық тұрғыдан алғанда, ол адамнан әлдеқайда көп, әлдеқайда қабілетті». 
Индивид өз мүддесін бірінші кезекке қоятын еді. Ал тобырға ол қажет емес» 
(2004:54).
Аффект адамдарды байланыстыру мен оларға әсер ету тұрғысынан салыс-
тырмалы болып табылады. Ол адамдарға әдеттегі бекітулі дене теориясында 
қарас ты рылған амалдардан тыс жолдармен де әсер етеді. Бреннан осыны бы-
лай түсіндіреді:
«Энергия мен аффектінің берілуі психикалық өмірдің басындағы ауытқу 
емес, норма болып есептеледі. Батыс психикасы адамның аффектілері мен 
се зімдері жеке өздеріне ғана тән және олар, шын мәнінде, энер гетикалық 
және эмоциялық тұрғыдан қамтылған деген сенімге негіз деледі. Басқаша 
айтқанда, адамдар өз эмоцияларының иесі сезінеді».
(2004:24–25)
Ертедегі тобыр әлеуметтануы осы трансперсоналды аффективтік өрістің 
бір мысалын ұсынады. Бреннан сонымен бірге психоаналитиктер сипатта-


745
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
ған неғұрлым жеке салалардан да мысал табады. Ол психоаналитикалық қа-
тынастарды – талдаушы (дәрігер) мен талданушының (клиент) арасындағы 
сезімдерді бір-біріне тасымалдайтын кеңістік ретінде қарастырады. Нақтырақ 
айт қанда, Бреннан проекция және проекциялық сәйкестендірудің психоана-
ли тикалық тұжырымдамасын әлеуметтік өзара әрекеттесуге дейін толығы-
мен кеңейтеді. Қысқаша айтқанда, бұл терминдер адамдардың қорғану мақ-
сатында өздерінің сезімдерін басқаларға «итермелеу» процестерімен тікелей
байланысты.
«Проекция – менің өз бойымдағыны мойындамауым және оны өзгенің бо-
йынан көруім; проекциялық сәйкестендіру – өзгенің бойындағыны өзіме 
алуым, бірақ ол, ең алдымен, менің өзімнен бастау алған. Мысалға, менің 
проекциямда өзімді солай сезінуден қашу үшін өзгені керемет деп сезі-
нуім мүмкін, алайда мен, негізінен, өзімді солай сезінемін. Менің проек-
циялық сәйкестендіруімде, өзге адам, шындығында, өзін керемет сезінеді
ал мен осы уақытта өзімді олай санамаймын».
(2004:29–30)
Қоғамдық өмірдің тұрақты айналымында адамдар өз қалауымен сезімдерін 
өзгелерге міндеттеп қана қоймай, сонымен қатар олар белгілі бір сезімдерді 
шын мәнінде сезіндіруі мүмкін.
Бреннанның ойынша, кеңістікте аффект толық жетік емес, негізінен адам-
дар арасында әрі-бері қозғалыста болады. Бұл бейсана және автоматты түрде 
жүреді. Ол қарым-қатынастың негізін құрастырады және аффективті өрістің 
формаларын қалыптастырады. Аффективті алмасу кеңістігінің әдеттен тыс 
және алаңдаушылық тудыратын қарым-қатынастармен байланысы тегін емес, 
керісінше, әлеуметтік өмірдің жалғасуына негіз қалайды. Алдымен біз реля-
циялық, аффективтік өрістерде боламыз, содан кейін сол өрістерден өзімізді 
бөліп аламыз.
Осы бастапқы (prepersonal) және әлеуметалды аффекті өріс теріне назар 
салу аффект теорияшыларын тарихи тұрғыда тосын, жат және ғылыми-зерт-
теуге жарамсыз құбылыс феноменін тұжырымдауға мәжбүр леді. Мысалы, 
кейбіреулер тосын дауыстарды есту (Blackman, 2001), телепа тия (Blackman, 
2010) және месмеризм (Sloterdijk, [1998] 2011) туралы жаз ған. Мұның бәрі – 
өзіндік болмыс (self) пен басқалар арасындағы айқын айырмашылықты көруді 
қиындататын құбылыс.
Басқа зерттеу бағытын ұстанған көптеген аффект теорияшылары «сезім ат-
мосферасы» құбылысына сүйенеді. Бреннан: «Бөл меге кіріп, ең болмаса «ат-
мосфераны сезінбеген» бір адам бар ма?» – деген сұрақ қояды (2004:1; Berlant, 
2010:102; Massumi, 2010:62). Адамдардың әртүрлі топтары, әртүрлі қалыпта-
ры ерекше атмосфера жасайды. Олардың әрқай сысының өзіне тән сезімі, реңі 
және иісі бар. Атмосфера объективті және шынайы, бірақ жеке тұлғаларға 
және олардың өзара әрекеттеріне ғана назар аудару арқылы сипатталмайды: 
«Бөлмедегі аффект – өте терең әлеуметтік құбылыс». Ол онда қалай қалып-
тасқан?» (Brennan, 2004:68).
Бреннан атмосфераның «қалай қалыптасқанын» түсіндіру үшін психонев-
ро-эндокринология саласында зерттеулер жүргізеді. Атмосфера химиялық 
байланыс пен химиялық заттардың енуін қамтиды. Бреннан химиялық заттың 
шығу тетігі адамдарға әсер етіп, аффективтік өрістер туындататын механизм 


746
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
екенін тұжырымдайды. Неврологтер анықтағандай, заттардың енуі – «біреудің 
немесе бір топтың жүйке-гормондық жүйелерінің басқалармен қоса-қабаттасу 
процесі» (Brennan, 2004:9). Қызығушылықтар адамдарды бір-бірінің саласына 
тартады, сөйтіп олардың арасында қарым-қатынас қалыптасады.
Химиялық байланыс әлеуметалды байланыстарды қалыптас тыруы мүмкін, 
бірақ қақтығыс пен үстемдік тудыруы да ықтимал. Мысалы, басқа біреу жаса-
ған феромондар бір адамға жүктелуі мүмкін. Бұл бейсаналық, аффективті үс-
темдіктің бір түрі – психикалық және әлеуметтік үстемдік өрістейтін жерден 
бөлек алаңдар. Атмосфера идеясына орала отыра, Бреннан «химиялық байла-
ныс белгілі бір сезіммен және иіспен сипатталатын бірегей топтық атмосфера-
ны құра алады» деп пайымдайды. Дәл осы атмосфералар топтық өмірдің тұ-
рақты, байыпқа салушы серігі саналатындықтан, олардың маңызы байқалмай 
қалады.
Бұл мысалдардан аффективті өрісті саладағы жеке қатысушыларға ығыс-
ты руға болмайтынын байқаймыз. Аффективті өріс, басқаша айтқанда, жеке 
тұлғааралық алмасудың нәтижесі ғана емес, сондай-ақ ол өзіндік бірегей сала 
(see also Sloterdijk, [1998] 2011). Айтып өткеніміздей, ол өзінің аффективті 
логикасына сәйкес жұмыс істейді және сезімнің анықталмаған артықшылы-
ғымен сипатталады. Шындығында, әлеуметтік және саяси үстем дікке қарсы 
күресу үшін аффект теорияшылары «анықталмаған аймақтарға» назар ауда-
рып, олардың мүмкіндіктерін ұлғайтуға тырысады (Massumi, 2010:66). Анық-
талмаған аймақ – іске асырылмаған мүмкіндіктерге толы аффективті, ортақ 
кеңістік. Ол әрбір қарым-қатынаста және әлеуметтік құрылымда бар, саяси 
бақылау мен үстемдікке қарамастан, мүмкіндіктері шек телмейді. Яғни аффект 
әрекет пен қарым-қатынастың көптеген жол дарын реттей отырып, қазіргі кез-
де капиталистік қоғамды ұдайы қалпына кел тіруге мүмкіндік беретін саяси 
экономикалық құрылымдарға барынша ықпал етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет