752
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тұжырымдамасын жасады. Бұрынғы идеяларды кеңейте отырып, «адамдарға
тауарлар мен қызметтерді өндіруге мүмкіндік беру» (2015b:6) өндіріп-тұтыну ды
жаңа сапалық деңгейге көтерді. Өндіріп-тұтынудың жаңа тәсілдерін жеңіл де-
тетін материалдық технологиялардың мысалдары – 3D принтерлер, сканерден
өткізу машиналары, банкоматтар және адамдарға үйде отырып-ақ өздерінің ма-
ңызды органдарын бақылауға мүмкіндік беретін медициналық технологиялар.
Бұл мысалдардан бөлек, өндіріп-тұтынудың жаңа мәні көбінесе цифрлық тех-
нологияларға байланысты. Материалдық тұрғыдан алғанда, бұл әлдеқайда ау-
қымды және өндіріп-тұтынуды аралас жүргізуге мүмкіндік береді. Travelocity,
eBay, Facebook, Fourquare, YouTube және Etsy сияқты интернет-сайттар осыған
мысал бола алады. Бұл іс жүзінде өндіріп-тұтынудың жаңа тәсіл дерінің көп-
шілігі материалдық және сандық элементтерді біріктіретінін білдіреді. Олар
материалдық және сандық тұрғыдан «кеңейтілген шындықта» жұмыс істейді
(Jurgenson, 2012). Мысалы, Солтүстік Америкадағы эко но миканың белсенді са-
лалары өндіріп-тұтынуды қолдап қана қоймай, соны мен бірге өндіріп-тұтыну
қызметіндегі сапалық жаңа тәсілдер арқылы жұмыс жасауды талап етеді.
Сонымен қатар Ритцер (2015d:418) адамзат өндіріп-тұтынуды таяу арада
«ақылды өндіріп-тұтыну машиналары» арқылы шеше алады деп болжайды.
Қазіргі технологиялар өндіруші-адамның тікелей қатысуынсыз бір мезгіл-
де өндіруге және тұтынуға бағытталған. Бұған мысал ретінде адам денесін
«оқып», олардың қозғалысын қайталайтын (тұтыну актісі) технологияларды
(Fitbit және смартфон) айтуға болады. Ритцер (2015d:417) былай деп жазады:
«Көпшілік үшін белгілі смартфон өзінің ішінде деректерді жинайды және ано-
нимді түрде осы деректерді «көлемді дерек» жинайтын компьютерлерге жібе-
реді». Бұл жерде Ритцер ақылды машиналар Интернет көмегі арқылы бір-бі-
рімен байланыса отырып, пайдаланушылардың саналы араласуынсыз-ақ, адам
үшін шешім қабылдайтын дистопиялық болашақты қарастырады. Өндіріп-тұ-
тыну машинасына назар аудара отырып, осы тараудың алдың ғы бөлімдерінде
талқыланған кейбір озық идеялар мен «өндіріп-тұтыну» тео рия сының өзара
сабақтастығын көреміз. Актор-желі теориясы мен постәлеуметтік теориялар
секілді, «өндіріп-тұтыну» теориясы адамзаттық емес агенттердің қоғамдық
өмірдегі маңызын мойындайды.
Достарыңызбен бөлісу: