Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша өкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасында кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды. Алайда патша үкіметі тарапынан көзделген мақсатқа қарамастан, Қазақстан да мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер еттті. Патша өкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялай отырып, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, бұл органдар сонымен қатар өз беттерінде өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көрсетеді. Бұл газеттер де мал шаруашылығы мәселелері, жаңадан ашылған мектептер туралы кең жазылып отырды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның архиологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып тұрды.
Барбосынова Назерке 1 курс шығыстану факультетінің студенті