Алғашқы қазақ романдарының идеялық-көркемдік және жанрлық-тақырыптық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау
Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы–қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы–әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы –табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу–XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.
Қоғамдық өмірдің және әлеуметтік дамудың айнасы баспасөз десек, аталмыш кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті басылымдар мәдениет рухын септі. Қазақ тілінде кітап басып шығару XIX ғасырдың басында қайта өрістеді. Бірақ онда да қазақ кітаптары Қазақстанның өз ішінде басылған жоқ. Петербургта, Қазанда, Уфада, Орынборда, Омбыда, Ташкентте басылды. Көбінше Қазанда, Қазан университетінің баспаханасында. Кәрімовтер, Хусайыновтар баспаларынан шықты. Қазақ тілінде кітап бастыру XIX ғасырдың басынан қайта өрістесе де алғашқы кезде де, XIX ғасырдың бірінші жартысында ол аса мандымады. Тек бірді-екілі ғана кітап шықты. Қазақ тілінде кітап бастырып шығару XIX ғасырдың ақырынан бастап қарқынды дамыды. Оған, алдымен, өлкенің осы кезде шаруашылық, мәдениет жағынан ілгері дамуының әсері тиді. Ал XX ғасырдың басында --недәуір дами түсті. Егер XIX ғасырда 70-80 жыл бойы 70 шамалы ғана кітап басылса, XX ғасыр басында, 1900-1917 жылдар арасында қазақ тілінде 200 кітап басылды. Қазақ тілінде XX ғасыр басында шыққан кітаптар арасында діни кітаптармен қатар қазақтың ақын- жазушылары- Абайдың, Ыбырайдың, Ақмолланың, Нұржан Наушабаевтың, М.Ж.Көпеевтің, М.Қалтаевтың, М.Сералиннің,С.Дөнентаевтің,С.Көбеевтің т.б. шығармалары, А.С.Пушкиннің «Капитан қызы», И.А.Крыловтың мысалдары сияқты орыс тілінен аударылған кітаптар бар. Отаршыл әкімшіліктің «Түркістан уәлаяты», «дала уалаяты» секілді қазақ тілінде шығарылған ресми газеттерімен бірге жаңа сипаттағы еркін басылымдар дүниеге келді. «Серке» (1907), «Қазақстан» (1911-13), «Ешім даласы» (1913) газеттері, «Айқап» (1911-15) журналы және жалпы ұлттық қоғамдық –саяси һәм көп тиражбен тараған «Қазақ» (1913-18) газеті қазақ ұлтының саяси әлеуметтік ой -санасына түрткі салып, замананың көкейтесті мәселелерін қозғады. Отарлық саясаттың езгісінде отырған қазақ халқының бостандығы мен азаттығын аңсап, ел-жұртын ғылымы мен білімі өркендеген халықтар санатында көруді қалады.
XIX ғасырдағы Абай қара сөздерінің Ыбырай әңгімелерінің ізімен XX ғасырдың басындағы қазақ ұлтының болмысын қара сөзді шығармалар арқылы суреттеуді мақсат тұтқан.Міржақыптың, Спандиярдың, Сұлтанмахмұттың ұмтылыстары өз нәтижесін бермей қойған жоқ. Қазақ прозасының қанатын кеңге жая бастағанының куәсіндей роман жанры дүниеге келді. Қазақ қаламгерлері ұлтымыздың басындағы қасіретті жағдайларды шығармаларына басты тақырып ете алып, оларды мейлінше терең ашып көрсетуге тырысты. М.Дулатов жазған қазақ әдебиетіндегі алғашықы роман – «Бақытсыз Жамал» 1910 жылы дүниеге келді. Оған қанаттаса өздері роман деп атаған Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» (1912), М.Кәшімовтың «Мұңлы Мәриям» атты ұзақ әңгімелері, С.Көбеевтің «Қалың мал» (1913), Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914) романдары жарыққа шықты. Жаңа ғасыр басындағы өзекті мәселелерді көркем өнерде бейнелеуге әдебиетіміздегі тың да тосын жанрлардың бірі дрматургия қосылды. Қазақ драматургиясының тырнақ алды туындылары жазылған сәттен-ақ қолданысқа түсіп, далалық сипаттағы шағын сахналарда қойыла бастады. Мұнда ең алдымен Б.Серкебаев аты ауызға ілінері сөзсіз. Оның қолжазба күйіндегі пьесалары – «Жер дауы» (1912), «Қызыл бұзау» (1913), «Бақсы»(1914), «Әйел теңдігі» (1915), «Ғазиза» (1915) белгілі болған. Абай дәстүрін дамыту үшін, Абайтанудың алғашқы қадамдарының жасалды ("Қазақтың бас ақыны", "Абай", "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" т.б.).
Қазақ ауыз әдебиеті, қазақтың жазба әдебиеті жайлы түрлі әдеби-сын мақалалардың жазылды. Сынның түрлі жанрларының пайда болды. Замана шындығын нақты ашуда көлемді жанрлардың (поэма, ұзақ әңгіме, роман) пайда болуы. Кейбірі жанр табиғатына, көркемдік талапқа сай жазылмаса да, жазба әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосқаны ("Мұңлы Мариям", "Қыз көрелік"). Поэзиядағы эпикалық жанрдың белең алды. Ш. Құдайбердиев, М. Сералин, М. Жұмабаев, С. Торайғыров сияқты айтулы шеберлері қалыптасты. Поэма жанрын С. Сейфуллин. І Жасүгіров сынды жаңа ақындық дарындардың жаңа үлгідегі керемет туындылары толықтырды. Жалпы алғанда XXғасырдың басындағы әдебиеттің кейінгі әдебиеттің дамуына жаңа арналар ашқаны белгілі. Қазақ әдебиетінің нағыз кәсіптік әдебиет деңгейіне көтерілуіне сол тұстағы ақын-жазушылардың өлшеусіз үлес қосты.
ҰОС еліміз бен оның рухани келбетіне өшпес із қалдырды. Бір халықтың өмірінде болып жатқан оқиғалар сол халықтың әдебиетінен көрініс тауып отырады.Соғыс жылдарында қазақ поэзиясы айрықша көзге көрінді. Сұрапыл соғыстың оқиғасы қай ақынды болса да толғантпай, тебірентпей қойған жоқ.Қазақ халқының қаһарлы кезеңдегі рухани келбетін танытуда поэзияның атқарған рөлі аса орасан. Халық поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың соғыс жылдарында шығарған өлеңдері қазақ поэзиясының ірі көркемдік табысы болғаны мәлім. «Ленинграттық өренім», «Москва», «Отан әмірі», «Совет гвардеецтеріне» атты өлеңдері майданның алғы шебінде жауынгарлерді ерлік күреске рухтандыратын ұран іспетті болды.Соғыс кезіндегі лирикалық поэзияның басты кейіпкері –халық. Лирикалық поэзияда эпостық сипаттардың ұшырауы әбден мүмкін. Лириканың өзіне тән белгі-бедерімен қатар, онда эпикалық суреттеулер де мол кездеседі, өйткені халықтың көңіл күйін, жан дүниесін бейнелеумен қатар, оның алып тұлғасын, ұлы қимылын аңғарту үшін ақындарға эпостық сарында жырлау үлгісін пайдалану аса қажет еді. Бірінші жақтан сөйлеу– лирикалық поэзияға тән. Ақындар осы бірінші жақтан жыр төге отырып, «меннен» «бізге» көшеді, халық, ел атынан сөйлейді. Соғыс жылдарындағы поэзияда қазақ ақындары халқымыздың алып тұлғасын , рухани дүниесінің байлығын, тереңдігін, құдіреттілігін жан-жақты суреттеумен қатар, жаумен күресте ерліктің неше атасының үлгісін танытқан майдан жауынгерлерінің нақты бейнесін жасауға да көп еңбек сіңірген. Соғыс жылдары қазақ лирикасындағы жауынгер бейнесі әр түрлі көркемдік тәсілмен жасалғандығы байқалады. Ең алдымен жауынгердің қаһарлы жылдардағы батырлық кейпі лирикалық өлеңдердегі лирикалық кейіпкерлердің жан сырының ашылуы арқылы ибейнеленгенін атап айтқан дұрыс. Бұл ретте біраз ақындардың лириканық ішкі жанрлық мүмкіншілігін мейілінше мол пайдалануда едәуір шеберлікке қол жеткізгенін аңғару қиын емес. Қ.Аманжоловтың «Сәбитке», «Ғабдоллаға» атты лирикалық өлеңдерінде майданда жүрген жауынгерлердің жан-дүниесі айқын ашылған. Өлеңнің лирикалық кейіпкерлері ел қорғау жолындағы майданда қорқу, сескенуді білмейтін батыл да батыр, өр де өжет. Ақындар лирикалық өлеңдеріндегі жауынгер тұлғасын мүсіндеу үшін эпостық баяндау тәсілін аз пайдаланған жоқ. Жауынгердің майдан үстіндегі ерлік қимылының, іс-әрекетінің шағын эпизодын бедерлі баяндау, оның тұлғасын қаз-қалпында беру сияқты әдіс- тәсілдер біраз өлеңдерде ұшырайды. Д.Әбілевтің «Жұлдызды жігіт» атты өлеңіндегі үш жауынгердің жаумен шайқасы, Ғ.Ормановтың «Ер арманы» атты өлеңіндегі пулеметшінің күші басым дұшпанмен соңғы демі біткенше алысуы, жарқын жыр жолдарымен баяндалғанын көруге болады. Осы кезеңде қазақ поэзиясына Қ.Аманжолов, Ж.Жабаев, С.Мәуленов, Ж.Молдағалив,Х.Ерғалив т.б. қазақ ақындары өз жырларын қалдырды.
50-60 жылдардағы әдебие жайын айтқандағ ең алдымен көңіл қоятын нәрсе– бұл кезеңнің өзіндік заманалық ерекшеліктері бар екендігі. 1956 жылдың басында КОКП-ның ХХ съезі өтіп , онда Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғамға орасан зор зиян келтіргені анықталған соң , рухани өмірде біраз өзгерістер болды. Идеологиялық шылбыр едәуір босаңсып, еркіндік белгілері нышан берді. Бұл әдебиет пен өнердеге де біраз оң ықпалын тигізді. Ғылымда да солай болды. 50-60 жылдардағы әдебиетте өткен дәуірдегі халық өмірін , оның бостандықты аңсаған үміт-арманын көрсету үлкен орын алды. Қазақ әдебиетінде бұл тақырыпта халқымыздың ХІХ ғасырдағы озат адамдары, ағартушылар: Абай,Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин т.б. туралы тарихи фактілерге сүйенген бірнеше көркем шығармалар жарық көрді. М.Әуезоа «Абай», «Абай жолы» романдарын, Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» романын, С.Мұқанов «Шоқан Уалиханов» пьесасын жазды. Тарихи тақырып Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романында көтеріледі. Ақын Т.Жароков «Қазыналы Қазақстан» өлеңінде бейбіт өмірдегі еңбек жемісін жырлайды. Көп ақындардың өлең- жырларында Отан келбеті, бейбіт өмірдің шырайлылығы, еңбекші халықтың тіршілік, тұрмыс сипаты, жарқын болашақ негізгі тақырып болды. Бірсыпыра шығармалардың негізгі тақырыбы ҰОС қатысқан ер азаматтардың батырлық бейнесін көрсету, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу еді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетін ірі шығармалар, кең көлемді туындылар дамытты.ХХ ғасырдың бас кезінде әдебиеттану ғылымында С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» зерттеу еңбегі ғана болса, жылдардан бері қарай көптеген еңбектер жазылды. Атап айтқанда: Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары», «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты шығарған «Қазақ әдебиетінің тарихы» , Б.Шалабаевтың «Қазақ прозасының тарихы», С.Қирабаевтың «С.Көбеев» ,Ә.Дербісәлиннің «Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті», Т.Әбдірахмановтың «Жаңа ғасыр көгінде» т.б. Жалпы ХХ ғасырдағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналған әр еңбектің әр қилы мақсаты, мүддесі болды. Бір зерттеушілер тобы сол кезең әдебиетінің жекелеген өкілдерінің өмір жолы мен творчествосын арқау етсе, екінші бір зерттеушілер ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің жалпы даму бағыттарын айқындау тұрғысынан қарастырды. Зерттеушілердің үшінші бір тобы белгілі бір жанрдың қалыптасу, даму сипаттарына зер салды. Әдеби дәстүр, жаңашылдық мәселелерін де сөз етушілер болды.
Әдебиеттану ғылымы мен сын бұл дәуірде қанатын кең жая бастады. Теориялық тұрғыдан да, методологиялық жағынан да пайымдау тереңдеді. Әдебиеттің кешегісі мен бүгініне жіті қарап, шығармаларын байыппен талдау, тиісті бағасын беру, болашағын барлау сияқты жалпы әдебиет сынына лайық ой өріс алды, дамыды. Әдебиет өмірінің өткені мен қазіргісі жайында монографиялар, іргелі зерттеулер жазыла бастады. Әдебиеттану ғылымы білімді, сындарлы, пікірлі зерттеулермен толықты. Партияның әр түрлі қаулы шешімдері оларды саясаттың насихатшысы етуге ұмтылса да, бұл жаңа толқын әдебиет туралы шын сөйлей бастады. «Әдебиет және искусство», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында әдеби сындар көбейді. Жыл сайын кеңейтілген әдеби жиындар өткізіліп, проза, поэзия, драматургия, сын салаларының барысында қорытындылар жасалды. Әдебиет тануға белсене араласа бастаған орта буын сыншыларға әдебиеттің аға буыны өнеге көрсетті. М.Әуезовтың «Әр жылдар ойлары», «Уақыт және әдебиет»,атты ғылыми-сын еңбектері, С.Мұқановтың «Өсу жолдары», «Жарқын жұлдыздар» атты еңбектері, Ә.Тәжібаевтың «Өмір және поэзия» зерттеуі жарық көрді. Аға және орта буын сыншылар бұл жылдары іргелі әдебиет сынының қанатын қатайтты. Е.Смайыловтың «Сын мен шығарма», «Жаңа белеске», Б.Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік», Қ.Жұмалиевтің «Стиль-өнер ерекшелігі», М.Қаратаевтың «Шеберлік шыңына», Т.Әлімқұловтың «Жемісті жолда», С.Қирабаевтың «Өрлеу жолында» , Р.Бердібаевтың «Әдебиет және өмір» және де Т.Кәкішевтің, Б.Сахаривтің, Т.Сыдықовтың жинақтары жарыққа шығып, қазақ әдебиеттануы мен сынының білік пен сапа деңгейін көтерді. Аталған сыншылар көркемөнердің теориясы мен методологиясын меңгергені , әдебиеттің ұлттық ерекшелігін айыра алатындығы еңбектерінен көрінді. 50-жылдардың соңы мен 60 –жылдарда әдебиет пен мәдениетке игі ықпал еткен, көркемөнер сынының шыңдалуына себепші түрлі ғылыми, танымдық, мәдени шаралар тұрақты жүргізіліп отырды. Ширек ғасырдан астам уақыт тұмшаланып келген әдебиет туралы азат ой бұл жылдары әсіресе «Қазақ әдебиеті» апталығанда жиі жарияланды. Қорғаншақтап, бүгежектеп келген сыншылар бір сәт өздерін саясат тұсауынан босағандай сезінді.60- жылдардағы сынның өріс алуына қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген әдебиетшілер ат салысты. Қоғамның ХХ съезден соң ептеп түзеле бастауы сыншылар алдындағы идеологиялық бөгесіндерді едәуір азайтты. С.Қирабаев өз тұсындағы әдеби процеске сын жазуды өрістетті. Сыншы өз тұсындағы әдеби процеске жіті қарап, Ғ.Мұстафин мен М.Иманжановтың шығармашылығына зер салды, нәтижесінде «Ғ.Мұстафин» атты сыни-өмірбаяндық кітапшасы жарық көрді. Аталған кезеңде Т.Кәкішев идеялық қарама-қарсылыққа толы 20-жылдардың әдеби процесін зерттеумен қатар сын тарихы және сын проплемаларын да зерттеді. Р.Бердібаев «Әдеби сын өркендей түссін», Оқушыға ой салу шарт» сияқты мақалаларында шынайылықтан ауытқыған әдебиетшілерді шешімділікке, әділеттілікке шақырды. Әдебиеттің түрлі салалары туралы сынды тек әдебиетші немесе сыншы емес, жазушылар, ақындар да айтып жазып жүрді. 60-жылдары әдебиеттану мен сында біраз даму қарқыны байқалды. Алайда бұл сала кемшіліктен ада емес еді. ХХ съезден кейін сыншылар жеке басқа табынушылықты, саясаттың әдебиетке тигізген кері әсерін ара-кідік сынай тұрып, өздері сол саясаттан тысқары тұра алмады.
Жаңа қазақ романы қиын жағдайда қалыптасты. ХХ ғасыр басы қазақ елі үшін ғана емес, адамзат қоғамы үшін де қоғамдық санаға сансыз өзгерістер, сілкіністер әкелген ерекше кезең. Роман жанрытуралықазақәдебиеттануындағы әңгімелердің де әріден басталатын өзіндік тарихы бар. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде романның қоғамдық санаға әсері, тәрбиелік, танымдық мәні туралы пікірлер айтылады. Роман деген сөз қазақ құлағына жат болғанымен оның өзегіндегі шығармашлық мақсат қазақ үшін белгісіз дүние, таңсық зат емес. Романның қиындығы өз алдына. Ол үшін роман жазып отырған қаламгердің өзі романдық ойлауға жету керек. Романдық тіл керек. Қаптаған адамдар қақтығсын, дау-дамайын, айқай-шуын, тілін сақтай отыра көптілді бірлікке келу керек. Романның ұлы мақсаты – тғдырлар тарихын жететін жеріне дейін жетелеп отыру. Қазақ романдарында бұл мақсат айқын көрінеді. Қазақ еліне ептеп еніп жатқан жаңалықтар тізбегін жазушылар көрді, оның қажетін сезді. Тұтас елдің шаруашылығын ғана емес, салт-санасын өзгертіп, бара жатқан жақсылығы мен жаттығы аралас жаңалықтар лебі тлайды ойға қалдырды. қазақ әдебиеті үшін романның жаңа пішін, түр, үлгі болғаны шындық. Алайда, қазақ романы дәстүрлі әдебиет көркемдік дамуының барша табыстарын ілгері апарды. Дәстүрді жалғастырды. Қалыптасқан, көркемдік шеімін таба бастаған әдіс-тәсілдерді, композиция өрімдерін, проза тілін толық пайдаланды. Соның негізінде ғана көркемдік дамудың жаңа биігіне тез көтерілді. Қазақ романдарына әскер еткен екі фактор бар: оның бірі қазақ әдебиетінің ішкі дамуы оны көркем прозаға алып келді. Оған нақты дәлел ретінде А. Құнанбаевтың «Қарасөздерін» алуға болады. Ал екінші фактор – қазақ халқының дәстүрі мол ауыз әдебиеті. Мысал, қазақ қаламгерлерінің қайсысы да жаңа жанрдың қиындықтарын меңгеру жолында ауыз әдебиеті шығармаларының әдістерін пайдаланады. Қазақ романының дамуына ықпал еткен себептің бірі - әлемдік әдебиет. әсіресе, орыс әдебиеті. Ондағы мазмұн мен идея тереңдігін, көңілді билейтін көркемдікті қазақ қаламгерлері бірден көрді. Оқи бастады, аудармалар жасады. Оқырманда да, қаламгерлерде де романдық ойлауға ұстылыс үдеді. Өмірді романшының шығармасынан оқу, көзімен көру, ойлану өзге сана, дүниетанымды керек қылатын нәрсе. Қазақ қоғамында романдық ойлаудың қалыптасуында, қанат жаюында баспа мен мерзімді баспасөөз құралдарның рөлі зор. Жақсы романдарға жарияланған арнайы бәйгелердің хабарлануы қаламгрелердің ғана емес, көпшіліктің де ықыласын ролманға аударды. Роман жанрының тарихы жазу ісі мен баспа, баспасөз ісі ерте дамыған елдерде сонау ғасырлар қойнауынан басталады. Ол бүгінгі түрге, «жаңа роман» түріне жет үшін ұзақ жолдардан өтті. Кемелденіп дамудың, өсудің түрлі сатыларын бастан кешті. Қазақ романдарының көлемі шағын, көркемдігі нашар, сондықтан да олар жанр талабын көтере алмайды деген пікірлер де болды. Олған себеп: роман тарихы мен теориясына қатысты пікірлерімізге ресми идеология мен маркстік-лениндік метдология араласқандықтан да болды. ХХ ғасыр басындағы қазақ романдары бүгінгі ұрпақтарына түрлі жолдармен ижетті. Мысалы: кейбір романдар қолжазба, көшірмелер арқылы жетті; кейбір романдар журналдық үлгіде жарық көрді, журналдық үлгіде жетті; Мыс: «Тар жол, тайғақ кешу», С. Сарталиев «Мақтым», «Ақбілек». Жеке басылым күйіндегі алғашқы түрінде сақталғандар ж. Аймауытов»Қартқожа», М. Әуезов «Қилы заман», Т.Жомартбаев «Қыз көрелік» т.б. қазақ романының теориясы мен тарихына, поэтикасына арналған зерттеулер енді көбеймесе, азаймайтыны анық. Саны ғана емес, сапасы да ойдағыдай деңгейде көтеріліп келе жатыр.
Жиырмасыншы жылдардан бастап қазақ әдебиетінде, сында кейіпкерпсихологиясынтереңдеп талдап көрсетудің қажеттігі айтыла бастайды. Кейіпкерлер мен характер психологиясын талдап көрсетуге талпыну, тіпт оның сәтті қадамдары М. Дулатов, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердиев т.б. шығармашылығында кездеседі. Мысалы, «Қамар сұлу» романында Ахметке деген сезімі мен өз әркетінің әлеуметтік орта назарына ілігерін ойлағанда Қамар қилы-қилы күй кешеді. С. Торайғыров Қамар психологиясын суреттеуінде ұтымды детальдар мол. «Қамар хатты оқып болған соң бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай не ашу емес, не қуану емес, белгісіз қысылып қарап тұрып бір тынышсыздыққа қалды». Осы келтірілген үзіндіде автордың характер жасауға өлшеусіз мүмкіндік беретін кейіпкер психолоогиялық құбылыстарын біршама әсерлі бейнеленгенін байқауға болады. М. Әуезовтың 20-жылдар ішіндегі шығармаларында кейіпкер психологиясын жазуда психологиялық талдауды небір тамаша үлгілері кздеседі. Мыс, «Қаралы сұлу», «Қилы заман» романында. Түрмеде отырған тұтқындарды түрме ішіндегі ату кезінде, құлақ естімеген сұмдықты жан-тәнімен сезінген Әубәкір психологиясын жазушы былай талдай бейнелейді: «Ешкімнен ешбір ауыз сөз шыққан жоқ. Барлық жұрт жым-жырт, сілейіп қатқандай. Дене тіршілігінен айрылып, құр ғана болымсыз сүлдер қалғандай»... Характер әрекетінің қисынды ж/е жұмбақ жайларын бейнелеуде психоанализмді қолдану шеберлік, талантпен қатар шығармашылық ізденісті, теориялық дайындықты да талап етеді. Жаңа роман жазу жолындағы Ж. Аймауытовтың көркемдік-идеялық ізденістері осыны анық көрсете алды. «Қартқожа» романында қиындық пен жоқ-жітікті көп көрген жігіттің бастан кешкен тағдыр-тарихы, мақсатына жету жолы баяндалса, «Ақбілек» романында тағдыр тәлкегіне ұшыраған қазақ қызының қайраты мен ақылы, сезімталдығы арқасында санадағы жарадан жазылуы, біліма алуы, елге қызмет етуге, қоғамдық жұмысқа ұмтылуы сөз болады. Өаламгердің бейтарап тәрізді өті жатқан уақиғалар мен бас қаһарман іс-әрекетін суреттеуінде талантты жазылған көріністе өте көп. Әсіресе, Ақбілек психологиясын бейнелеуде Ж. Аймауытов психологиялық талдауды шебер қолданған. Жазушы «Қартқожа» романында негізінен баяндау мен суреттеуге күш салса, «Ақбілек» романындағы көркемдік әдіс-тәсілдер өзге. Қаламгер бұл шығармасында көбіне кейіпкерлер психологиясына үңіледі, психологиялық талдауға барады. Романның бас қаһарманы Ақбілектің бастан кешкен қиянаты мен қияметі бар қиын өткелдерді уреттеу үстінде характер жандүниеснің қозғалысы көрінеді. Ж. Аймауытовтың психологиялық талдауы адамды адамның ікі жан әлемін, адам организмі биофизиологиялық күйінен бастап, ең жоғарғы интеллектге дейін жайларды да қамтиды. Қаламгер күрделі психологиялық құрылымдар түзілетін атомдарды, олардың арасындағы байланыстарды суреттейді. Ол бір психологиялық күйден екіншіге көшу процестерін қадағалайды. Түрлі толқулар мен сезімдердің бірінен біріне өту, қақтығысу жолдарын талдайды.осыларды бейнелей отыра Ж.Аймауытов адам психикасының құбылмалы сипатына оның іс-әрекетіне, мінез-құлқына, әсеріне үңіледі.
Қазақ прозасы ХХ ғасырдың алғашы жылдарыныан-ақ дамудың жаңа арнасына шықты. Халықтың тұрмыс-тіршілігін көөрсетіп, қандай қиындықтарды басынан өткеріп жатқандығынан хабар беріп жатқан қазақ пролзасы тарих сахнасынан орын алған оқиғалардың ақиқатын ашып та айтып жатты. Осы тұста қазақ прозасының тағы бір тармағы ғұмырбаяндық шығармалар дүниеге келді. Ғұмырбаяндық жанр - жазушы өз түсындағы қоғам жайын өз көрген-білгенімен ұштастыра, тарихи тұрғыдан баяндайтын, деректі көркем шығарма. Сондықтан, мұндай шығарма жазатын автордың өмірлік тәжірибесі сөз етуге тұрарлық, басқаға да үлгі- өнеге боларлық дәрежеге сай келуі керек. Көптеген ақын-жазушылар кезінде Ғұмырбаяндық жанрға қалам тартқан. Осындай романның бірі – «Тар жол, тайғақ кешу» романы. «Тар жол, тайғақ кешу» романында бас қаһарман ретінде өзін алған жазушы сол кезеңдегі тарих шындығын шынайы қалпымен өз басынан өткен оқиғалармен ұштастыра көрсетіп отырады. өзі бастан кешкен даусыз шындық деп білетін пікірлерді, оқиғаларды, сезіәм сырларын жазу арқылы революциялар заманы шындығын айтуға ұмтылады, саяси әлеуметтік топтар мен оның басшыларының, күрескерлерінің бейнесін жасауды мақсат қылады. Бұл мақсат өзге кейіпкерлер бейнесіне енуге, жан-жақты тереңдей жазуға мүмкіндік бермеді. Автор бастан кешкен оқиғаларды талдау жасай баяндайды. Ресми идеология бағытының әсері аңғарылады. 1926 ж. «Қызыл Қазақстанда» жарияланған үлгідегі таптық көзқарас, Алашорда мен Патша үкіметі, Керенский маңында болған топтарға авторлық идея эмоциялық бағамен аралас көрініп отырады. Қаламгердің нақтылық пен шындыққа өз сезімдік қаблдауын, ойларын қоса жазуы тақырыпты жан-жақты көлемді, көркем бейнелеуге жағдай жасаған. Ғұмырбаяндық шығармалардың енді бірі – С.Мұқановтың «Өмір мектебі» романы. Халық басынан кешкен азапты сапарды Сәбит «Өмір мектебі» атты үш томдық тарихи мемуарлық романына арқау етті. «Өмір мектебі» кітабында бас кейіпкер автордың өзі, ол сондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптеп тарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады. Біздің көз алдымызда қырық жылғы бойғы уақыттың алуан түрлі қарбалас шиеленіс, қызу және қызық оқиғалары дәл бүгінгідей барлық әр – нәрімен туындап жатады. Романның бірінші кітабында Сәбит Мұқанов революцияға дейінгі қазақ ауылындағы феодалдық-потриархалдық қарым-қатынастардың сонау тереңде жатқан түп-тамырларына дейін өте дәл және үлкен шыншылдықпен айқын ашық көрсетті, жан түршігерлік жоқшылық, теңсіздік, зорлық-зомбылықты, отаршылдар мен байлардың екі жақты қанауымен тепкісін нанымды суреттермен бейнелеп берді. «Өмір мектебі» - аса дарынды, өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнері бар әңгімешіл ретінде автордың өзін-өзі дәл тапқан төл қасиет туындысы. Ол барлық оқиғаны өз атынан баяндау формасын да дұрыс таңдап алған, сондықтан да шығарма жемісі соншама нанымды, дәлелді болып өздігінен құйылып-төгіліп тұрады. «Өмір мектебі» - Қазақстандағы ең ауыр кезеңнің, ауыл шаруашылығында өрескел қателер жіберілген 1929-1932 жылдардың қайшылықтарын батыл да терең ашып көрсеткен қазақ әдебиетіндегі ең татымды, ең тұңғыш шығармалардың бірі. Ғұмырбаяндық шығармаларда автордың тек өмірбаяны ғана қамтылып кана қоймай, ішкі жан дүниесі, ой-сезімі, арман-мүддесі, айнала ортадағы адамдармен қарым-қатынасы, тіпті, өз басы нені идеал тұтқаны арқау болады. Сондай-ақ, жеке тұрмыстық жайлар ғана емес, автордың өзі өмір сүрген қоғамға қатынасы туралы айтылып, түрлі әлеум. жайлар мен оған деген көзқарас білініп отырады.
Әдебиетте замандас тұлғасын жасауда Ж.Аймауытоатың «Ақбілек»романын, М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын», С.Торайғыровтың «Қамар сулуын» Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпанын» Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңызын» т/б алуға болады. Аталмыш жазушылар өз еңбектерінде кейіпкер тұлғасын заман шындығымен байланыстыра отырып әдемі суреттеп шығарған. Ақбілектің қайсарлығы, Жамалдың көрген қорлығы, Қамардың махаббаты жолындағы күресі, Абдолланың көзсіз батырлығы бәрі-бәрі шығарма өзектілігін тап басып тұр. Тағы да бір замандас тұлғасын сомдау үрдісі Қ.Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны» романындағы әйелдер бейнелері де шығарманың идеялық-композициялық желісіндегі оқиғалардан танылады. Ең басты кейіпкерлер ретінде Баймырзаның заңды әйелі Салтанаттың және Барсакелмес қорығында болған кезінде көңілдес болған Ұмытханның бейнелері дараланған. Шығарма желісіндегі оқиғалар барысында Салтанаттың адалдығы, аңқаулығы бәрі жинақтала келе қазақ әйелінің рухани болмыс бітімі дараланады. Мінездеу мен даралау – көркем шығармадағы кейіпкерді сомдаудағы шеберлік қолданысы. Әрине, Салтанат бейнесінің даралана сомдалуында реалистік сипат пен ойдан шығарудың тұтасуын аңғарамыз. Демек, романдағы Салтанат – өмірлік шындық пен қиял тұтасуымен сомдалған бейне. Социялистік қоғамды ауруынан жазып жетілдіруге болады, ол үшін замандастың рухани парасаттылық өрісін кеңейту қажет деген көркемдік идеяны алаулатқан романдардың бірі – І. есенберлиннің "Айқасы". «Айқас» романы замандас бейнесін, оның қоғамдық өәм жеке мүдде аңсарларын ұластыра сомдаумен ерекшеленеді. оқиға керіқалаң характер айқасының өршуінен от алады. Қарт геолог Дәурен тұлғасы – ұнамды кейіпкер үлгісі. Нүрке – кеңестік бюрократия ортасының жемісі. Зааман шындығын көркеткен замандас тұлғасының ұтымды көрінуі әдебиеттің бірденбір жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: |