19 желтоқсан 1942 - Кеңес Одағының батыры
Нұркен Əбдіровтің Ұлы Отан соғысында ерлікпен
опат болуына 70 жыл.
Əбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы
5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында
шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен
бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қ
алада əуе клубында
үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен
Орынбор əуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді,
сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі
шабуылшы əскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді.
Оқуды тəмамдағаннан кейін ол 267 əуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында
майданға аттанды.
Н.Əбдіров талай əуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, əскери шеберлік танытты, əр
тапсырманы мұқият орындап отырды.
Қазанның 23 күні
тұңғыш рет əуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған
екен: “Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты
өмірмен қоштасамыз...”
Барлығы 17 рет əуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен
көлігін, оның ішінде оқдəрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит
қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау əскерін құртты.
1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш əрі байланысшы
Саша Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Боков - Пономорев
станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкін, бірнеше атыс ұясын, зенит
артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді.
Жау оғы самолетке дөп тиіп, өртене бастады. “Өзекті жанға бір өлім” деген ой шарпып өткен
ұшқыш, отқа оранған күміс
Қ
анат сұнқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды.
Осылайша құлдилай құлаған самолет ішіндегі Нұркен мен оның қандыкөйлек серігі Александр
Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, жастықтарын бірге ала кетті.
Осынау теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Əбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі
ең мəртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді.
Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды. Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды. Қарағанды
енбеккерлері, олардың ішінде кеншілер Нұркен Əбдіров атындағы самолетке қаржы жинап, жауға
аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды.
Ростов облысындағы Боков станциясының іргесіндегі Конек ауылында жерленген Нұркеннің
басында қызыл тастан қашалған ескерткіш бар. Қарағандынын қақ ортасында батыр Нұркен
бейнесі мəнгілікке орнықты, Нұркен ауылында да ескерткіш орнатылды. Кеншілер астанасының
əсем спорт сарайы батыр жерлесіміздің есімін иеленген. Қазақ батырының ерлігі қанша жыр -
хикаяға, əн мен əңгімеге арқау болды.
Боков орта мектебіндегі отрядтардың бірі Нұркен атында. Батырдың анасы Бағжан бəйбіше
Боков станциясының құрметті азаматы болып табылады. Вешенскаядағы мекенінде М.А.Шолохов
Нұркеннің анасын мейман еткенін білеміз.
Қарапайым қазақ баласы Н.Əбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының
бойындағы игі қасиеттердің айнасындай əлемге шұғыла шашып тұр.
Əдебиеттер:
Айнабеков Қ. Шығармалар: өлеңдер мен дастандар / Қ. Айнабеков ; құраст. А. Тоқпанов,
1955. - 190 б.
Алыптар туралы аңыз: [Қазақстан Магниткасы жөне Қарағанды туралы жинақ]. - Алматы :
Қазақтың Мемлекеттік көркем əдебиет баспасы, 1960. - (мұқ.) : 0.67 с.
Əбдіров Нұркен // Қарағандылық батырлар.- Қарағанды, 1990. – 7-8 б.
Əбдіров Нұркен (1919-1942) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 142 б.
Əбдіров Нұркен (1919-1942) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н.
Нұрғалиев. - Алматы : Қаз.сов.энцикл., 1990. - 632116 б.
Əбдіров Нұркен // Қаһарман қарағандылықтар. Герои – карагандинцы. – Қарағанды, 2000. –
5-7 б.
Əбдіров Нұркен. //Совет Одағынын қазақстандық Батырлары.-Алматы, 1969. - 1- ші том. – 43
- 44 б.
Мүсірепов Ғ. Уақыт іздері: Очерктер мен публицистика / Ғ. Мүсірепов ; құраст. Ə.
Нарымбетов, 1977. - 367 б б.
Орманов Ғ. Шойын шыны: /Н.Əбдіров туралы өлең/ //Алыптар туралы ойлар. - Алматы:
ҚМКƏБ., 1960. -212-213 б.
Орманов Ғ. Шойын шыңы: /Н.Əбдіров туралы тақпақ/ //Таңдамалылар. - Алматы: Көркем
əдебиет баспасы, 1961. - 10 б.
Сейдімбеков А. Кеніш: Қарағанды облысы туралы кітап / Сейдімбеков, А., 1979. - 112 б.
***
Айнабеков Қ. Атақты атың жоғалмас, алтынмен жазған тарихтан: /Н.Əбдіров туралы/
//Орталық Қазақстан. - 1990. - 1 сəуір
Əбілдин Қ. Ана толғауы: /Нұркен ескерткішіне/ // Орт. Қазақстан. - 1965. - 7 мамыр, Орталық
Қазақстан. - 2008. - 8 мамыр (№72-73) .- 5 б.
Əбдіров Ə.С. "Ағаның ерлігі - ініге үлгі": полковник Ə.С.Əбдіровпен əңгіме / Əңгімелескен
А.Кашина // Орталық Қазақстан. - 2003. - 23 қаңтар.- 5 б.
Əубəкіров Ə. Ақиқаттан аттамайық: Жаңғырық // Орталық Қазақстан. - 2004. - 22 маусым.- 4
б.
Əубəкіров Ə. Ақиқатын айтайын: [Н.Əбдіров туралы] // Қарқаралы. - Қарқаралы, 2001. - 1
желтоқсан
Əубəкіров Ə. Тарихи шындықты бұрмалауға болмайды // Орталық Қазақстан. - 2002. - 12
қазан.- 3 б.
Əрінов А. Нұркеннің шыққан ортасы // Қарқаралы. - 1996. - 4,11,25 мамыр
Байтұрсын Т. Жасындай жауын жайратқан: Нұркен Əбдіровтің ерлігіне - 60 жыл // Орталық
Қазақстан. - 2002. - 28 желтоқсан.- 10 б.
Батыр жерлестеріміз: /Н.Əбдіров т.б. Совет Одағының Батырлары атағын алу туралы //
Орталық Қазақстан. - 1965. - 8 мамыр
Бекмаханұлы И. Жалындап өткен жас ғұмыр: Кеңестер Одағының батыры Нұркен
Əбдіровтің Ұлы Отан соғысындағы ерлігіне 60 жыл толуына орай // Сарыарқа. - Жезқазған, 2002. -
21 желтоқсан
Бектұров Ж. Ұлы достықтын сымбаты: /Кеңес Одағының батыры Н.Əбдіров жайлы //
Орталық Қазақстан. - 1975. - 16 мамыр
Володченко В. Нұркеннің досы. /Нұркен жəне оның майдандас досы С.Н.Вандышев жайлы/
// Орталық Қазақстан. -1974. - 11 шілде
Дала қыранының түлеуі: /Н.Əбдіровтың хаттарынан/ //Ақиқат. - 1995. - №5. - 9-20 б.
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран!: Қаһарман жерлесіміз Нұркен Əбдіровтің Ұлы Отан
соғысында ерлікпен қаза тапқанына 60 жыл // Абай-Ақиқат. - Абай, 2002. - 21 желтоқсан,
Орталық Қазақстан. - 2002. - 11 желтоқсан.- 1, 4 б.
Ермекбаев Т. Батырдың бауыры: /Н.Əбдіровтың інісі Марлен Əбдіров туралы очерк/ //Орт.
Қазақстан. - 1987. - 9 қантар
Есенжолова А. Нүркен даңғылында / А. Есенжолова, Қ. Мерсəлімов // Орталық Қазақстан. -,
2010. - 6 мамыр (№ 68/69).- 8 б.
Жақсыбаев Т. Халқы қадірлеген Сағадат: жақсының жүзі жарқын // Орталық Қазақстан. -
2008. - 10 қаңтар.- 4 б.
Жанғожин А. Қарағандылықтар Отан үшін шайқаста: Қазыналы қарашаңырақ / А.Жанғожин,
Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - 2003. - 30 желтоқсан.- 8 б.
Жəшкеев М. Бір суреттің тарихы // Орталық Қазақстан. - 2010. - 8 мамыр (№ 70/71).- 3 б.
Жүзбаева Қ. Ер есімі - ел есінде: Нұркен Əбдіровтің ерлік жасағанына 60 жыл толуына орай
// Орталық Қазақстан. 2002. - 9 қазан.- 11 б.
Жүрек лүпіліне толы хаттар: /Н.Əбдіровтың Қарағандыдағы туған - туыстарына жазған
соңғы хаты/ //Орталық Қазақстан. - 1996. -7 мамыр
Игенсартов Ғ. Кек шешімі: /Совет Одағының батыры Ұлы Отан соғысында қаза тапқан
Н.Əбдіров жайында жазған поэмадан үзінді/ //Сов. Қазақстан. - 1959. - 9 мамыр
Кемпірбаев А. Сарыарқадан сұңқарлар самғайды // Орталық Қазақстан. - 2009. - 7 мамыр (№
66/67).- 4 б.
Қарағанды батырлары: /Н.Əбдіров жайында/ //Орт. Қазақстан. - 1972. - 9 май
Құсайынова Н. Ер есімі - ел есінде // Мектептегі мерекелер: тəрбие жұмыстарының
сценарийлері. - 2008. - №3.- 31-34 б.
Лəмбекұлы С. Қарқаралы қыраны: Проза // Азия Транзит. - Қарағанды, 2003 . - №5, 6 - 9-11 б.
Лəмбекұлы С. Қарқаралы қыраны: Ұлы Жеңіске - 60 жыл // Орталық Қазақстан. - 2005. -
7,10,14 мамыр.- 5 б.
Лұқпан Е. Еділ бойындағы ерен ерлік: Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында / Е.Лұқпан,
Ғ.Смағұлов // Орталық Қазақстан. - 2004. - 25 қараша.- 7 б.
Мансұр Т. Батырдың бір бейнесі: /Н.Əбдіров жайында/ //Орталық Қазақстан. - 1993. - 21
қаңтар
Мүсірепов Ғ. Ақлима: /Н.Əбдіров жайлы/ //Қазақстан əйелдері. - 1972. - №3. - 12-15 б.
Мүсірепов Ғ. Совет Одағының Батыры // Орталық Қазақстан. - 2002. - 11 желтоқсан.- 4 б.
Нұркен туралы жыр. // Орталық Қазақстан. - 1973. - 4 наур.
Нұркен шыққан ортасы: /Кеңес Одағының батыры Н.Əбдіровтың өмірінен/ // Қарқаралы. -
1996. - 4, 11, 25 мамыр
Нұрша Р. Бір суреттің сыры // Сыр мен сымбат / меншік иесі "Халық-Баспа 2030" ЖШС. -
Қарағанды, 2005. - № 5.- 6 б.
Нүркен Əбдіров - Совет Одағының Батыры: Мектептер мен оқу орындары оқушыларына
арналған, 1991. - 112 б.
Омарбекова М. Қарқаралының тарихи ескерткіштері жəне саяхат маршруттары: Жас
тарихшылар мүйісі // Орталық Қазақстан. - 2000. - 13-31 мамыр, 3 маусым
Омарбекұлы М. Елдің даңқын ер шығарады: Нұркен ауылында Қарқаралы қыранына
арналған мемориал ескерткіш ашылды // Орталық Қазақстан. - 2003. - 9 мамыр.- 3 б. ; Қарқаралы. -
Қарқаралы, 2003.; 9 мамыр
Омарбекұлы М. Қырандар шыңдардан қанат қағады // Орталық Қазақстан. - 2009. - 8 тамыз
(№ 118/119).- 3 б.
Решеткина Е. Мəңгілік өмір жыры: /Батыр - ұшқыш Н.Əбдіров туралы жаңа деректер/ //Орт.
Қазақстан. - 1988. - 23 февр.
Сағымбеков Р. Нұркен Əбдіров: Арқа ардақтылары. //Орт. Қазақстан. - 1990. - 25 наур.
Сағынтай С. Ерлікке - тағзым: Нұркен Əбдіровтің ерлігіне - 60 жыл // Орталық Қазақстан. -,
2002. - 21 желтоқсан.- 1, 6 б.
Сауғабаев К. Нұркен ағай осындай: /Кеңес Одағының батыры Н.Əбдіровке өлең/ //Лениншіл
жас. - 1972.- 13 қырқ.
Сəденұлы Қ. Қазақтың қанатты ұлы: /Сов. Одағының батыры, жауынгер үшқыш
Н.Əбдіровтің Ұлы Отан соғысында ерлікпен опат болуна - 50 жыл/ // Орт. Қазақстан - 19
желтоқсан
Сəденов Қ. Мөлдір шақ: /Сов. Одағының Батыры Н.Əбдіров 50 жасқа толуына байланысты
жазылған/ // Орт. Қазақстан. - 1969.-1 август
Семенов Л. Қарағандылық Батыр ұшқыш Н.Əбдіров туралы. // Орталық Қазақстан. - 1975. -
12 апр.
Смағұлов Ғ. "Ерлердің өлімінде де өмір бар": Нұркен Əбдіровтің ерлігіне - 60 жыл /
Ғ.Смағұлов // Орталық Қазақстан. - 2002. - 18 желтоқсан.- 5 б.
Смағұлов Ғ. Нұркен / Смағұлов, Ғ. // Орталық Қазақстан. - 2005. - 9 сəуір.- 9 б.
Төребекова А. Есімі ел есінде: Н.Əбдіровтың ерлігіне - 60 жыл // Орталық Қазақстан. - 2002.
- 6 шілде
Совет Одағының Қарағандылық батырлары: // Орталық Қазақстан. -1985. - 10 май
Сүлеев Д. Ерлік данқы өшпейді ешқашанда: /Батыр Нұркен ауылындағы мерекеден
репортаж/ //Қарқаралы. - 1995. - 27 мамыр
Сүлейменов Р. Батырдың анасы: /Н.Əбдіров жайлы/ // Орталық Қазақстан. - 1977. - 15 июнь
Сүлейменов Р. Қара алтын: /Н.Əбдіровтың балалық шағынан əнгіме/ // Орталық Қазақстан. -
1981. - 15 июль
Талжанов С. Біздің Нұркен: /Н.Əбдіров туралы/ // Коммунизм таңы. - 1987. - 9 май
Ыдырысов Н. Нұркен Батыр: Баллада /Н.Əбдіров жайлы/ //Коммунизм таңы. - 1974. - 9 июль
Якимов Г. Өшпес ерлік: Нұркен Əбдіровтің ерлігіне - 60 жыл / Якимов, Г. // Орталық
Қазақстан. - 2002. - 18 желтоқсан.- 5 б.
27 желтоқсан 1927 – Қазақ ССР-інің халық əртісі,
домбырашы Мағауия Хамзиннің туғанына 85 жыл.
Мағауия Хамзин 1927 жылы 27 желтоқсанда қазіргі Қарағанды облысының
Ақтоғай ауданына қарасты Қоңырат ауылында туған. М.Хамзин кішкентай
кезінен Тəттімбет күйшіні көріп, күйін тыңдаған. Ал 5 жасында тұңғыш рет
домбраны қолына ұстады. М.Хамзиннің домбрашылық өнері үлкен атасы
Əшімтайдан, өз əкесі Хамзадан мұра болып дарыған. Əкесі Хамза бес жасар
баланы тізесіне қондырып алып, күйге баулап, домбра үйретіп отыратынын
Мағауия жүрегінде мəңгі сақталып қалған.
Күйшінің əкесінен үйреген алғашқы күйі Тəттімбеттің «Бес төресі» еді. Əкесі Хамза
Мағауияның кішкентай саусақтарына лайықтап, қызыл талдан домбра шауып береді де өзімен
бірге қосылып домбра шерткізетін. Көп кешікпей Мағауия туған əкесінен мəңгілік айырылады.
Күй дегенге құмарлық, тума талант бозбаланың өмірлік серігіне айналады.
1937
жылы
Балқаш
қаласының
Мыс
қорыту
заводының
мəдениет
клубында
көркемөнерпаздар үйірмелері ұйымдастырылады. Сол үйірмелердің бірі балалардан құралған
домбрашылар оркестрінің жетекшісі Тəңірберген Бітімбаев болатын. Осы оркестрдің белсенді
мүшесі М.Хамзин болатын. Алғаш рет, 1937 жылы он жасар Мағауия сахнаға шығып Тəттімбеттің
«Сарыжайлау», «Сылқылдақ» күйлерін орындап, тыңдаушыларын тамсандырады.
1937-1941 жылдары Қарқаралы балалар үйінде тəрбиеленеді. Мұнда да үйірмеге қатысып,
қолынан домбрасын түсірмейді.
1939 жылы Алматыда өткізілетін өнерпаз балалардың байқауына қатысады. «Сарыжайлау»,
күйін ойдағыдай орындап бергені үшын тұңғыш рет Мағауия Мақтау грамотасына ие болады,
сыйлықтар алады.
Ал 1944 жылы Қарағанды облыстық филармонониясына арнайы шақырылып, 1949 жылға
дейін қызмет істейді. Осы кезенде күйші домбыра өнерінің қыры мен сырын жете меңгерді.
1949 жылы өздігінен ізденіп Алматы қаласынан П.Чайковский атындағы музықалық
училищесіне оқуға түседі. Оқып жүріп Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде қызмет
істейді. Бұл жылдары М.Хамзинге дарынды домбрашы, əрі дирижер Н.Тілендиев ұстаздық етеді,
музыкалық білім береді.
1952 жылы Балқашқа қайта оралып Мəдениет сарайының көркемөнерпаздар коллективін
басқарады.
1958 жылы Құрманғазы Оркестрінің құрамында өнер көрсетіп Москвада өткен Қазақстанның
онкүндігіне қатысады.
1961 жылы «Қазконцертте» солист–домбырашы болып жұмыс істейді.
Мағауия Хамзин бүгінгі ұрпаққа композиторлығымен де танымал. Күйшінің «Жайлау»,
«Қосбасар», «Жарыс», «Космонавт», «Тоқырауын толғауы», «Домбыра» вальсі күйлері көптеген
көреремендерге таныс.
1966 жылы күйшіге – Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген əртісі, 1979 – Қазақ ССР-нің халық əртісі
құрметті атақтары берілді. Мағауия Хамзиннің өнеріне көптеген шетел азаматтары қол соғып,
өнері бірнеше грамота, медеальдармен марапатталды.
Зейнетке шыққан соң, 1997 жылы туған елі Балқашқа келіп, өзінің мектебін ашып, жас
өспірімдерге шерпе күйдің сырын, кəсіби жəрежеде орындау мəнерін үйретті. Ал 1998 жылы
М.Хамзинге «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы құрметпен тапсырылды.
Мағауия ағамыздың өнері – ұрпақ үшін, ел үшін мəңгілік рухани қазына.
Қазақтың қара домбрасын күмбірлетіп күй өнеріне баға жетпес үлес қосқан Мағауия Хамзин
73 жасында, 2000 жылдың сəуір айында дүние салды.
М.Хамзин
қазақ
совет
домбырашысы,
күйші-композитор,
шертпе
күйді
шебер
орындаушылардың бірі, ҚазССР-інің халық əртісі. М.Хамзин құрметіне Балқаш қаласындағы
Металлургтер мəдениет сарайы аталады.
Əдебиеттер:
Бекенов, У. Күй керуені: оқу құралы / У. Бекенов. - Алматы : Өнер, 2002. - 144 б.
Күй қайнары = Голоса народных муз / құраст.: А. Райымбергенов, С. Аманова. - Алматы :
Өнер, 1990. - 288 б.
Мереке: Күйлер жинағы [Нота] / Құраст. Д.Мүсіров.- Алматы: Өнер, 1993.- б.
Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері Астана: Күлтегін, 2002.- б.
Хамзин Мағауия (1927-2005) //
Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А.
Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2006. - 536 б.
***
Əжин Д. Зерделі еңбек // Орталық Қазақстан. - 2001. - 17 маусым
Башар Ж Кеш өтті дүбірлетіп дүйім елді...// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-18 шілде
Бекенов У. Ұлы күйшінің мұрагерлері: Т.Қазанғапұлының туғанына 175 жыл толуы
қарсаңында // Ленин туы. - Егіндібұлақ, 1990. - 30 маусым
Ермағанбетова Г. Шертпе күйдің атасы// Балқаш өңірі.- Балқаш, 2001.-11 шілде
Домбай Н. Мағауия мақамы: /Шерпе күйдің шебері, Казақстанның халық əртісі М.Хамзин
туралы/ // Егемен Қазақстан.- 1994.- 3 тамыз
Жармағанбетов Б. Хамзинді Алаш мəңгі құрметтейді // Балқаш өңірі.- 2001,-9 қаңтар, 27
желт.
Жұмағали С. Саусағынан күй саулаған: замандас// Орталық Қазақстан.- 2005.- 27 тамыз. -
10 б.
Қашқынов Ж. Бір қоңыр қаз жүзіп жүр жайлап қана // Қазақ əдебиеті. – 1998.- 27 қаңтар
Қашқынов Ж. Дəулескер күйші // Орталық Қазақстан.- 1997.- 6 желтоқсан
Рахимов Т. Қос ішектің күмбірі: /М.Хамзин туралы/ // Мəдениет жəне тұрмыс.- 1982.- N7. -
14-15 б.
Рысбеков Қ. Күй құдіреті // Тоқырауын тынысы. - Ақтоғай, 2007. - 15 маусым (№ 24).- 8 б.
Тоқтамысов Т. Əшімтайдың «Қоңыр қазы» // Орталық Қазақстан.- 2001.- 27 қаңтар.
Тоқтамысов Т. Тəттімбет жəне оның мұрагерлері // Орталық Қазақстан.- 2000.- 27 желт.
Хамзин Д. Дарабоз күйші: Дерек // Орталық Қазақстан.- 2002.- 2 қазан.-12 б.
Хамзин М.: /Некролог/ // Егеменді Қазақстан.- 2000.-21 сəуір
Желтоқсан
1922
–
Саран
педагогикалық
колледжінің ашылуына 90 жыл
Байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінен оқуға түскендер есебінен
бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлаумен бірнеше жылдан астам бері
шұғылданушы Қарағандының əртігі оқу орындарының бірі кеншілер мен
заводшылар қаласы – Саранда орналасқан. Еліміздің бұл ежелгі ағарту
мекемесінің шежіресі отызыншы жылдардан - Ə.Бөкейханов, Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов
сынды
ұлт
мақтаныштары
сабақ
берген
Қарқаралы
педтехникумінен басталады.
Қазақ халқы ауыр бір белесті бастан кешірген енді-енді есін жия бастаған 1922 ж. Қазақ
АССР үкіметінің ұсынысымен республикалық халық ағарту комиссариаты Қарқаралы қаласында
уездік қазақ педагогикалық техникумын ашты.
Бұрынғы патша дəуіріндегі реалдық училищенің екінші қабатында ұйымдастырылған небəрі
үш бөлімде алғашқы шəкірттер жиналып, білім бұлағынан сусындауға белді бекем буды.
Техникумның ірге тасын қалауға ат салысқан оның тұңғыш директоры халықтың аяулы ұлы
болған азамат Р.Сапақов еді. Білім ордасының қаз тұрып, қанатын кеңге жаюына жергілікті қазақ
халқы орасан зор көмегін тигізді.
1923 жылы Қарқаралылықтар мен техникумның драма үйірмесінің мүшелері бірге отырып
С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарын”, М.Əуезовтің “Еңлік-Кебегін” сахнаға шығарды.
Бұдан кейін араға төрт жыл салып оқу орнының алғашқы түлектері туған жерде қажырлы
енбек етуге бел буып, ұстаздық ете бастады. Училищенің алғашқы түлектерінің арасында
А.Ахметов, А.Баймаханов, М.Беков, А.Жəкіманов, З.Пушков, Р.Ғылымбеков, Р.Омаров,
Н.Түсіпов, Р.Тұрғанбаев, А.Юсупбаев сияқты азаматтар болды. Олар көпшілікке жақсы белгілі
жиырмасыншы, отызыншы жылдардың ауыр кезенін басынан кеше отырып, халық көкірегіне
білім сəулесінің жарық нұрын шашу сияқты абыройлы істі жоғары жауапкершілікпен атқарды.
Ел басына түскен ауыр нəубетті техникум ұжымы да ұйымшылдықпен көтеріп, кездескен
қиындықты жеңе білді. Аштықтың ауыр жылдарында техникумға жетекшілік еткен Құрман
Хамитов деген азаматтың жоғарғы адамгершілігі көпшіліктің есінде. Ол педагогикалық
техникумды 1929 ж. үздік бітіріп, өз білімін Мəскеу қаласында одан əрі жалғастырды. 1931 жылы
техникумға қайтадан оралып, ұстаздық одан соң директорлық қызметтерді абыроймен атқарды.
Əсіресе ел басына төнген ауыртпалық, аштық жылдары ол оқушылардың сапалы білім алуына бар
күш–жігерін жұмсап, өз қамқорлығын көрсете білді.
Педагогикалық техникум 1937 жылы Қарқаралы қазақ педагогикалық; училищесі болып
қайтадан құрылды. Жеңіс жылы Абай бабамыздың
100
жасқа толу мерекесі ұлан-байтақ
республикада кеңінен аталып өтіп, училищеге ақын есімі берілді. 1950 жылы училище қасиетті
Қарқаралы жерінен Қарағанды, одан кейін Саран қаласына көшірілді.
Училищедегі оқу-тəрбие жумысы уақыт өткен сайын одан əрі жетілдіріле, терендетіле
түсуде. 1986 жыл бұл оқу орнының ұжымы атқарылған осындай игілікті істердің нəтижесінде
Бүкілодақтық байқаудың екінші дəрежелі дипломын жеңіп алды. Ал 1972 жылы училиищенің
кұрылғанына 50 жыл толу мерейтойында Қазақ ССР Жоғарғы Кенесінің Құрмет грамотасын, 1977
жылы ССРО Ағарту министрлігінің Құрмет грамотасын жəне де басқа құрметті атақтарды
лайықты түрде жеңіп алып, өз мəртебесін көтере түсті.
Қазіргі таңда бұл училищеде алты мамандық бойынша күндізгі
жəне сырттай бөлімдерде
мамандар даярлануда. Оқу орнында қазақ, орыс бөлімдерімен қатар неміс бөлімі де бар.
Училищенің қазақ бөлімінде сегіз топ - екі жүзден астам оқушы білім алуда. Бұл орайда
олардың іскер маман атанып, өздері қалап алған мамандықтарын жетік менгеруіне ұстаздар
қауымы лайықты үлес қосуда.
Еліміз тəуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеттік денгейге көтерілген осындай уақытта
училище үстаздары өз шəкірттеріне салалы білім, саналы тəрбие беру мəселесінде үлкен
жауапкершілік, қажырлық танытуда.
Сан мыңдаған білім беріп, үлкен өмір жолына аттандырған Абай атындағы Саран
педагогикалық колледж ұжымының келешекке деген сенімі мол.
Аталмыш қалада əртіне химик-технологтар даярлап келе жатқан өзі құралыптас Саран
химия-технологиялық техникумын құрамына қосып алған соң тіптен нығайып, гуманитарлық-
техникалық колледж атанды.
Қазір колледжде тарихшы Ш.А.Тұрғамбаева, химик-технолог
С.М.Төлегенов, Б.А.Тоқбергенов, филолог К.Өмірəліқызы атындағы дəрісханалар бар.
Саранның мақтанышы əрі өнердегі намысын жыртушы қазақ, орыс ұлт-аспаптар
оркестерлері, үрмелі-эстрада ансамбльдері сонау 50–ші жылдардан техникум мен училище
студенттерінен жасақталатын болса, сол дəстүр сол күйінде қалыпты: аспаптық өнер
ұжымдарының дені қазір де Саранның Абай атындағы гуманитарлық-техникалық колледжі
студенттерінің интеллектуалдық қажырымен жұмыс жасайды.
Сексен бес жыл уақыт айтуға жеңіл болғанмен, оның астарында өткен жылдардың үлкен ізі
жатқан сияқты. Мұның өзі үлкен ғұмыр кешкен адамның өмірі де тəрізді.
|