Алғы сөз
«Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық
əдебиеттер көрсеткішін Н.В.Гоголь атындағы облыстық əмбебап - ғылыми кітапханасы 1971
жылдан бастап жыл сайын құрастырып шығарады.
Бұл көрсеткіште облысымыздың тарихындағы, экономикасы мен мəдениетіндегі көрнекті
даталарға, белгілі қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталарына қысқаша анықтама жазылып,
əдебиеттердің ұсыныстық тізімі беріледі.
Көрсеткіш материалдары хронология бойынша тізілген жəне де «Анықтамасыз жəне
əдебиеттер тізімісіз қосымша даталар» тізімі бар. Айы мен күні белгісіз даталарды кітапханаларда
жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.
Материалдарды жинақтауда Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың каталогы, өлкетану
картотекасы мен электрондық өлкетану каталогы пайдаланылды.
Əдебиеттер тізімін кейінгі кітаптармен жəне мерзімді басылымдар материалдарымен
толықтырылып отырылады.
Қазақ жəне орыс тілдерінде жасалған көрсеткіш кітапханашыларға, оқырмандарға, барша
өлкетану əдебиеттерін насихаттаушыларға арналған.
Аталып өтілетін даталар
22 қаңтар
1922
Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Мəлік Имашевтің
туғанына 90 жыл
4 наурыз 1942
Жазушы Жеңіс Қашқыновтың туғанына 70 жыл (1942-2006)
11 сəуір 1937
Балқаш қаласының құрылғанына 75 жыл
22 сəуір 1937
Ақын Шынболат Ділдебаевтың туғанына 75 жыл (1937- 1998)
1 мамыр
1912
Кеңес Одағының Батыры Иван Михайлович Колодийдің туғанына
100 жыл (1912-1954)
2 мамыр
1912
КСРО халық əртісі Күлəш Бəйсейітованың туғанына 100 жыл
(1912-1957)
10 маусым
1912
Жазушы Жайық Бектұровтың туғанына 100 жыл (1912-1998)
25 маусым
1937
Техника ғылымдарының докторы, профессор Виталий Павлович
Малышевтың туғанына 75 жыл
27 қыркүйек
1937
Өлкетанушы, Қарқаралы ауданының құрметті азаматы Юрий
Григорьевич Поповтың туғанына 75 жыл
10 қазан
1937
Медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Мақаш
Тыныштықбайұлы Əлиақпаровтың туғанына 75 жыл
25 қазан
1912
Кеңес Одағының Батыры Андрей Емельянович Дударенконың
туғанына 100 жыл (1912-1945)
29 қараша
1902
Жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 110 жыл (1902- 1985)
5 желтоқсан
1912
Аудармашы Əбітай Атығаевтың туғанына 100 жыл (1912 - )
12 желтоқсан
1942
Жазушы Ақселеу Сейдімбековтың туғанына 70 жыл (1942 – 2009)
19 желтоқсан
1942
Кеңес Одағының батыры Нұркен Əбдіровтің Ұлы Отан соғысында
ерлікпен опат болуына 70 жыл (1919 – 1942)
29 желтоқсан
1927
Қазақ ССР-інің халық əртісі, домбырашы Мағауия Хамзиннің
туғанына 85 жыл (1927 – 2000)
Желтоқсан
1922
Саран педагогикалық училищесінің құрылғанына 90 жыл
Желтоқсан
1937
Қарағанды облыстық мұрағатының құрылғанына 75 жыл
1882
Ақын Ғаббас Айтбаевтың туғанына 130 жыл (1882-1929)
1912
Ақын Ықлас Адамбековтың туғанына 100 жыл (1912 – 1941)
1917
Кеңес Одағының Батыры Амантай Дəулетбековтың туғанына 95
жыл (1917 – 1943)
1922
Кеңес Одағының Батыры Петр Иосифович Теряевтің туғанына 90
жыл (1922 – 1945)
1932
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына 80 жыл
1932
Сəкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының құрылғанына
80 жыл
1937
Ақадыр кентіне 75 жыл
1937
Социалистік Еңбек Ері Төлеген Дүйсенбайұлы Адам-Юсуповтың
туғанына 75 жыл
1972
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің
ашылуына 40 жыл
22 қаңтар 1922 Қарағанды қаласының Құрметті
азаматы Мəлік Имашевтің туғанына 90 жыл
Имашев Мəлік Имашұлы 1922 жылы 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан
облысы, Қатанқарағой селосында дүниеге келеді. Еңбекке он жасынан
араласады, мал бағып, жем-шөп дайындайды. Əке-шешесінің ауруына
байланысты үй шаруашылық жұмыстары, яғни барлық ауыртпалық өз
мойынында болды.
1941 жылдың қыркүйегінде 19 жасар Мəлік Имашұлы əскерге
шақырылып, Киев қаласынан көшірілген Талдықорған қаласына орналасқан
ұшқыштар училищесіне жіберіледі. Бір жылдан астам ұшу мен соғыс өнерін меңгерген 60
курсанттың ішінен 25 оқу үздігі қатарында майданға аттанды. Алғашқы бомбалау əуе жорығын
Мəлік Имашұлы 1942 жылы 172-ші əуе полкында Ржев жəне Вязьма қалаларының маңында
орналасқан жау объектілерін бомбалаудан бастайды. Одан кейін 50-ші армияның 432-ші əуе
бомбалаушы эскадрилиясы қурамында əуе шайқастарында соғысқа қатысады. Соғысты
Кеннигсберг пен Балтық теңізінің Пилау жəне Фишхаузен теңіз айлақтарын қоршауға алып,
жауды бомбалап талқандаумен аяқтады.
1947 жылы ол туған жері Қотанқарағой селосына жеңіспен оралады. Сол жылы аудандық
партия комитетінің нұсқаушылығына, жарты жылдан кейін партия комитетінің меңгерушілігіне
бекітеді. 1949 жылы Мəлік Имашұлы Алматы партия мектебіне түсіп үздік бітіреді. 1951 жылы
Қарағанды қаласына жіберіледі. Бұл жерде Қарағанды қалалық партия комитетінде, Киров
аудандық, Шет аудандық, Қарағанды облыстық партия комитеттерінің хатшысы, Қарағанды
облыстық кəсіподақтары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады.
1973 жылы Мəлік Имашұлына Одақтық дəрежедегі зейнетақы тағайындалды. Алайда 50-
жастағы жас зейнеткер үшін үйде отыру табиғатына жат еді. Ол облыстық «Полиграфия»
басқармасына жетекшілік етеді. Облыста баспахана мен баспагерліктің, журналистиканың
дамуына сүбелі өзіндік ерекшке үлесін қосты. Облыс полиграфия өндірісінің саласы сол кезеңде
Қазақстанда ғана емес, Одақ көлемде алдыңғы қатарға шықты.
Қарағанды облысының экономикалық жəне əлеуметтік дамуына, мəдениеті мен баспасөз
ісінің өркендеуіне қомақты үлес қосқан талантты басшы-қайраткер.
2001 жылы «Шахтер-Испат-Кармет» футбол командасын ұйымдастыру жəне қаржылық,
шаруашылық жəне кадр мəселелерін шешуге кірісті.
Бірнеше медальдар мен ордендер иегері. Қазақстанның полиграфия жəне баспа ісіне еңбегі
сіңген қызметкер атағын алды, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Əдебиеттер:
Имашев М. Адамзат азат болған күн // Орталық Қазақстан. - 2008. - 8 мамыр (№72-73) .- 3 б.
Имашев М. Асылдың асылы: тағзым. // Орталық Қазақстан. - 2006. - 21 қараша.- 4 б.
Имашев М. Бізді «Шахтер» арқылы таниды // Орт. Қазақстан.-2001. –11 тамыз.
Имашев М. Досымды сағынып еске аламын // Орталық Қазақстан. - 2007. - 24 мамыр.- 3 б.
Имашев М. Жеңіс мəресі: 2-қыркүйек - екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні //
Орталық Қазақстан. - 2006. - 2 қыркүйек.- 7 б.
Имашев М. Жеңістің маңызы төмендемейді: Ұлы Отан соғысы басталуының 60 жылдығына /
// Орталық Қазақстан. - 2001. - 20 маусым
Имашев М. Зерде жаңғырығы: ХХ ғасыр: жылдар, адамдар // Орталық Қазақстан. - 2000. - 1
қаңтар
Имашев М. Қайсар қызы қазақтың // Орталық Қазақстан. - 2009. - 20 тамыз (№ 125).- 2 б.
Имашев М. Қарағанды кеншілерінің көшбасшысы // Орт. Қазақстан.- 2001.- 20 қаңтар.
Имашев М. Қаражат қайда жұмсалады? //Соц. Қазақстан. – 1990. –22 шілде.
Имашев М. Қатар едік қашанда... // Орталық Қазақстан. - 2009. - 22 желтоқсан (№ 194).- 3 б.
Имашев М. Қияметқайыммен келген жеңіс: Ұлы Жеңіске - 60 жыл // Азия Транзит. -
Қарағанды, 2005 . - N5(мамыр).- 10 б.
Имашев М. Менің Қарағандым // Азия транзит. - Қарағанды, 1999. - 25 ақпан-3 наурыз.- 5 б.
Имашев М. Халықтың ұлы ерлігі ұмытылмайды: Ұлы Жеңіске –55 жыл // Орт. Қазақстан.-
2000.-5 ақпан.
Имашев М. Шахтерлер мен металлургтерді қолдаймын: оқиға соңынан кейінгі ой // Орталық
Қазақстан. - 2006. - 7 қазан.- 6 б.
М. Имашев туралы əдебиеттер:
Имашев Мəлік // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. -
Алматы : Атамұра, 2006. – 282 б.
***
Ақанов Т. Азамат сондай-ақ болсын: Мəлiк Имашұлы -80 жаста // Орт. Қазақстан.- 2002.- 26
қаңтар
Алпысұлы С. Қыран қиясы: [М.Имашев туралы]// Орт. Қазақстан.-2001.-15 желтоқсан
Аманбаев І. Қоғамдық мүдденiң қажырлы қызметшiсi: Мəлік Имашұлы - 80 жаста //
Орт.Қазақстан.- 2002.-26 қаңтар
Асқар Н. Ардагер ағаның жастарға аманаты: жаңа кітап // Орталық Қазақстан. - 2007. - 23
қаңтар.- 2 б.
Асқар Н. "Бір өзеннің қос жағасы-екеуміз..." // Орталық Қазақстан. - 2007. - 8 наурыз.- 5 б.
Болса ғой азаматтың бəрі сондай!... // Орталық Қазақстан. - 2007. - 27 ақпан.- 9 б.
Есмхамбетов А. Берерi сарқылмайтын, айтары азаймайтын адам: Мəлік Имашұлы - 80 жаста
// Орт.Қазақстан.- 2002.-26 қаңтар
Жуасбайұлы Ө. Жастығымның куəсі / Жуасбайұлы, Ө. // Заман. - Ақсу-Аюлы, 2006. - 20
сəуір.- 2 б.
Кəрiмов С. Жеңiске тағзым: 9 мамыр - Жеңiс күнi // Азия Транзит.- 2002.- N5.-2-3 б.
Қазақстанның құрметті журналистері // Орталық Қазақстан. - 2008. - 21 маусым (№95-96) . -
1 б.
Құрметке бөленгендер // Орталық Қазақстан. - 2008. - 3 шілде (№103) . - 4 б.
Олжабай С. Құрметті азаматтарға - құрмет // Орталық Қазақстан. - 2005. - 17 ақпан.- 8 б.
Сексенұлы С. “Олигархтарды” демократиямен үш қайнаса сорпасы қосылмайды: Газет
редакциясында өткен "Дөңгелек столға" қатысатындар осындай ортақ ұйғарымға келдi //
Орт.Қазақстан.- 2002.-10 сəуiр
4 наурыз 1942 - Жазушы Жеңіс Қашқыновтың
туғанына 70 жыл
Жеңіс Қашқынов 1942 жылғы 4 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай
ауданындағы, бұрынғы «Қуаныш» ауылында туған. 1959 жылы астанадағы
С.М.Киров атындағы №12 қазақ орта метебін, 1964 жылы ҚазМу-дің
филология факультетін бітіріп шығады. Алғашқы кезде республикалық
«Ленишіл жас» газетінде істеп, 1965 жылдан қазақ радиосында қызмет
атқарып келді. Одан кейін «Мектеп» баспасында жұмыс істеді.
Жеңіс Қашқынов өлеңді мектепте оқып жүрген кезден жаза бастаған.
Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» («Ақ желкен»),
«Қазақстан пионері» («Алау») газеттерінде жарық көрді. Балаларға арналған тұңғыш «Кешкі күн»
аталатын кітапшасы 1967 жылы, ал «Қоңыраулы сағат» атты бір томдығы 1989 жылы жарық көрді.
Бүгінде он бірге тарта жыр кітаптарын шығарған автор өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван,
грузин, қырғыз, ұйғыр тілдерінде аударылды. Ол сондай-ақ, бірқатар бауырлас жырларды ана
тілімізге аударды.
Жеңіс Қашқыновтың өлең өлкесінде қаламының ұшталып қанатының қатаюына «Орталық
Қазақстан» газеті ерекше ықпал етті.
Ж.Қашқынов шығармашылығының басты тақырыбы – халқымызыдың мəрттігі мен ерлігін
жырлауға арналған. Бұған дəлел С.Сейфуллин жайлы «Қызыл сұңқар» атты балладасы мен
Ақтоғай ауданынан шыққан, кешегі жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының
Батыры Қ.Нұржанов жайлы жазған прозалық поэзиялық шығармалары дəлел. Қ.Нұржанов жайлы
жиырма жылдан артық уақыт бойы деректер мен материалдар жинап «Батыр Қазыбек Нұржанов»
(1971 ж.) очерк кітабын, «Батырдың анасы» (1978 ж.) атты поэмасын қалың жұртшылыққа сыйға
тартты.
Жеңіс Қашқынов ақындығымен қоса, мақала, очерктер, ой-толғамдарын ортаға салып, газет-
журналдарға бұрын да жазып жүрген қаламгер тəуелсіздік таңы арайлап атқанда тарихи
тақырыптарға батыл барды. Жалаң тұрғыдан емес, зерделі зерттеулерді салыстыра, бұрындары
елден естігендерін толықтыра отырып жұрт кəдесіне ұсынды. 1994 жылы тарихи тақырыптарға
жазған мақалалар мен очерктер топтамалары үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының
лауреаты атанды. Жазушы өз шығармашылығын екі сала бойынша дамытып жалғастырады.
Тарихи тұлғалардың кескін-келбетін, іс-əрекеттерін, халқы үшін аямай жұмсаған күш-қайратын
көрсететін жарқын бейнелерін 2001 жылы шыққан «Алыптар мен арыстар» деп аталатын өлеңдер
мен дастандардан тұратын жыр жинағында сомдады.
Ж.Қашқыновтың өлең жолдарына сия бермейтін ел намысын жыртып, туған жерін кеудесін
қалқан етіп жаудан қорғаған қаһармандардың ерліктерін кеңінен көрсету мақсатында проза
жанрына бой ұруы тегін емес. 2002 жылы «Жібек жолы» баспа үйінен шыққан «Атыңнан
айналайын атамекен» аталатын кітабында Балқаш пен Қарағанды арасындағы сайын даланы
найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған батырлар, жалынды жырларымен елдің рухын көтерген
арынды ақындар, би-шешендер, Алаш көсемдері, көрнекті ғалым, мемлекет қайраткерлері,
майталман еңбек ерлері туралы деректі əңгімелер, толғаулары, портреттері енген.
Сонымен бірге «Ақжолтай Ағыбай батыр» (1996 ж.) туындысы жастарды Отанын шексіз
сүюге баулитыны сөзсіз.
Жазушы 30 жылдан аса Балқаш көлінің əсем көрінісін жырлап қана қоймай, суының
тартылып, балығының азаюына байланысты көптеген проблемалық мақалалар жазып, Қазақ
радиосы арқылы: «Балқаштың бағын байламаңдар!» деп қалың елге үн тастағанын білеміз.
Əдеби газет-журналдар мен бірнеше жыр мүшəйраларының жеңімпазы, Ақтоғай ауданының
құрметті азаматы.
Жеңіс Қашқынов Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Еңбектегі ерлігі
үшін» медалімен, грамоталармен марапатталған.
2006 жылдың қаңтар айында 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Ж.Қашқыновтың шығармалары:
Қашқынов Ж. Абай мен ару. // Жыр тəңірі / құраст. Ғ. Қайырбеков ; ред. М. Жұмағалиев. -
Алматы : Өнер, 1995. - 103 б.
Қашқынов Ж. Атыңнан айналайын атамекен: деректі əңгімелер, толғаулар, портреттер / Ж.
Қашқынов, 2002. - 200 б.
Қашқынов Ж. Диқан мерейі: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.- 72 б.
Қашқынов Ж. Қазыбек Нұржанов: очерк / Ж. Қашқынов, 1972. - 24 б.
Қашқынов Ж. Найзатас: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.- 72 б.
Қашқынов Ж. Он тоғызыншы биіктік: поэмалар мен өлеңдер / Ж. Қашқынов, 1988. - 53 б.
Қашқынов Ж. Соқпақтар: Өлеңдер, толғаулар, балладалар.- Алматы: Жазушы, 1973.- 64 б.
***
Қашқынов Ж. Абылайдың жауға шапқан қос батыры // Азия Транзит. - Қарағанды, 2001 . -
№11.- 21-24 б.
Қашқынов Ж. Ағыбай - бөлтірік тоғаны: Шұбартпалы Ағыбай батырдың туғанына - 200 жыл
// Орталық Қазақстан. - 2002. - 15 мамыр
Қашқынов Ж. Ақтоғайым - алтыным... // Орталық Қазақстан. - 2006. - 11 ақпан.- 8 б.
Қашқынов Ж. Апайтөс батыр - Жалаңтөс// Азия Транзит.- Қарағанды, 2002.-N2.-39-42 б.
Қашқынов Ж. Арман асуында: Өлең-очерк // Орталық Қазақстан.- 1967.- 1 қазан
Қашқынов Ж. Арыстардың құт мекені: Ақтоғай ауданының арыстары туралы // Орталық
Қазақстан. - Қарағанды, 2000. - 17 мамыр
Қашқынов Ж. Атыңнан айналайын, Қарқаралы: Жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан. -
2004. - 19 тамыз.- 12 б.
Қашқынов Ж. Ауылдың аптал азаматы: Ауыл - 2003-2005 // Орталық Қазақстан. - 2004. - 21,
24 ақпан.- 6, 4 б.
Қашқынов Ж. Əнім Қарағанды // Орталық Қазақстан. - 2004. - 26 ақпан.- 12 б
Қашқынов Ж. Балаларға базарлық: Жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан. - 2003. - 18
желтоқсан.- 5 б.
Қашқынов Ж. Балқашым - қасиетті, киелі көл: жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан. - 2005. -
24 қыркүйек.- 10 б.
Қашқынов Ж. Баһадүрдің сом тұлғасы // Орталық Қазақстан. - 2002. - 6 қараша.- 11 б.
Қашқынов Ж. Бұқар баба // Орталық Қазақстан. - 1993. - 15 мамыр
Қашқынов Ж. "Бұл ғасыр менен екі-ақ жас үлкен": Ғабит Мүсіреповтің сөзі// Қазақ əдебиеті.-
2002.- 14 маусым(N24).-5 б.
Қашқынов Ж. Ғабиден аға - ұлағатты дана: Жазушы Ғ.Мұстафиннің туғанына - 100 жыл //
Орталық Қазақстан. - 2002. - 12 қазан.- 10 б.
Қашқынов Ж. Дала данышпандары // Қазақ батырлары.- 2003.- желтоқсан(N12).-6 б.
Қашқынов Ж. Егіз шумақтар: Поэзия // Қазақ əдебиеті. - 2003. - 19 желтоқсан.- 11 б.
Қашқынов Ж. Елу ерім: Жыр–байғазы // Орт. Қазақстан.- 1995.- 28 қырк.
Қашқынов Ж. Еңбек торысы: Ғалым-геолог Т.Ақышев туралы// Орталық Қазақстан.- 2000.- 6
қыркүйек
Қашқынов Ж. Еңбектің қара нары: Ауыл жылдары - 2003-2005 // Орталық Қазақстан. - 2004. -
18 мамыр.- 6 б.
Қашқынов Ж. Қамқор болған əкедей: Ақын Сырбай Мəуленовтің туғанына - 80 жыл //
Орталық Қазақстан. - 2002. - 27 қараша.- 11 б.
Қашқынов Ж. Қарақұла қабыланы: Толғау // Орталық Қазақстан. - 2003. - 21 маусым.- 6 б.
Қашқынов Ж. Қарт мекенім - Қарқаралы // Орталық Қазақстан. - 2004. - 19 тамыз.- 7 б.
Қашқынов Ж. Қасиетті, киелі Қарқаралы// Орталық Қазақстан.- 2000.- 8 қаңтар
Қашқынов Ж. Қасымның туған жері - Қызыл Көшен: жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан. -
2005. - 20 қаңтар.- 14 б.
Қашқынов Ж. Қасымсың, сол баяғы бір Қасымсың: Қ.Аманжоловтың туғанына-90 жыл //
Орталық Қазақстан. - 2001. - 14 шілде
Қашқынов Ж. Не сыбаға тартады жаңа ғасыр?: поэзия // Қазақ əдебиеті. - 2005. - 1
шілде(N26).- 9 б.
Қашқынов Ж. Оның сүрлеу соқпағы: Жазушы С.Сматаев - 60 жаста// Орталық Қазақстан.-
2001.-16 маусым
Қашқынов Ж. Софының соқпағы: Белгілі жазушы Софы Сматаев 60 жаста // Қазақстан
ZAMAN. - 2002. - 20 желтоқсан.- 6 б.
Қашқынов Ж. Табыну: С.Сейфуллиннің туғанына 110 жыл // Орталық Қазақстан. - 2004. - 7
қазан.- 11 б
Қашқынов Ж. Тастанбек: [Дастан]// Орталық Қазақстан.- 2001.-17 қаңтар
Қашқынов Ж. Темеш – Дəмеш: Дастан: /Т.Жүргенов пен Д.Ермековаға ескерткіш/ // Орталық
Қазақстан.- 1995.- 14 қаңт.
Қашқынов Ж. Тектіден текті туар [Мəтін] : [ Көрнекті ғалым Мүсілім Əмірханұлы Ермеков
туралы] // Азия Транзит. - Қарағанды, 2003 . - №8.- 37-39 б.
Қашқынов Ж. Туған жер – Атамекенім: Жыр дəптерінен // Орталық Қазақстан.- 1998.- 3
ақпан
Қашқынов Ж. Туған жерге ту тіктім: өлеңдер// Жұлдыз.- 2002.- N3.-3-4 б.
Қашқынов Ж. Тоқырауын топжарғандары: мұра // Орталық Қазақстан. - 2005. - 24 наурыз.-
10 б.
Қашқынов Ж. Ұлтжанды ақын // Орталық Қазақстан. - 2003. - 23 тамыз.- 8 б.
Қашқынов Ж. Хан Кене, Ер Ағыбай, Батыр Науан: дастан// Қазақстан сарбазы.- 2002.- 12
наурыз.-6 б.,Орталық Қазақстан.- 2001.-1 қыркүйек, Азия Транзит.- Қарағанды, 2001.-N11.-19, 20
б.
Қашқынов Ж. Шайтанкөл, Қасым ақын - егіз ұғым: Жыр дəптерінен// Орталық Қазақстан.-
2002.-5 қаңтар
Қашқынов Ж. Шашасына шаң жұқпаған Шашекең: Ақынның 135 жылдығына// Орталық
Қазақстан.- 2001.-4 шілде, Заман. - 1996 . - №36 (қыркүйек)
Қашқынов Ж. Шежіре бауырмалдыққа баулиды// Орталық Қазақстан.- 2000.-2 тамыз
Қашқынов Ж. Шежіреші: Өлеңдер // Сарыарқа. - Жезқазған, 2002. - 19 шілде
Ж.Қашқыновтың шығармашылығы туралы:
Əдеби Қарағанды: Библиографиялық əдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-
əмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова, 2000. - 89 б.
Балалар бағының бағбандары: анықтамалық / құраст. Ш. Күмісбайұлы. - Алматы : Балалар
əдебиеті, 2008. - 293 б.
Қашқынов Жеңіс // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі»
баспасы ЖШС. 2004.- 185 б.
Қашқынов Жеңіс // Қазақстан жазушылары: анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. -
Алматы : Ан Арыс, 2009. - 234 б.
Қашқынов Жеңіс // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. -
Алматы : Атамұра, 2006. - 372 б.
Қашқынов Жеңіс // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық.- Алматы,
1987.- 347 б.
***
Ақын Жеңіс Қашқынов – 50 жаста // Қазақ əдебиеті.- 1992.- 13 наурыз
Ақын Жеңіс Қашқынов – 50 жасты // Орталық Қазақстан.- 1992.- 28 ақпан
Əлімбаев М. Бала танымдылығын арттырады: Жаңа кітап // Орталық Қазақстан.-2004.- 15
қаңтар.-8 б.
Жанысбай С. Ақынын ардақ тұтты: Ж.Қашқынов - 60 жаста // Орталық Қазақстан.- 2002.- 7
қыркүйек.-9 б.
Жеңіс Қашқынов: некролог// Орталық Қазақстан.- 2006.- 3 қаңтар.-7 б., Қазақ əдебиеті.-
2006.- 6 қаңтар(№1).-15 б.
Кептербаев С. "Ауылым - арман əнім": Өнер күнделігі // Орталық Қазақстан.-2003.- 25
желтоқсан.-6 б.
Қасым тойында қанат қаққан жұлдыздар: [Өлеңдер]// Қарқаралы.- 2001.- 29 қыркүйек
Қирабаев С. Балажан ақын: Ақын Ж.Қашынов - 60 жаста// Орталық Қазақстан.- 2002.-2
наурыз
Негимов С. Елдік пен ерлікті жырлаған: Ақын Ж.Қашынов - 60 жаста // Орталық Қазақстан.-
2002.-2 наурыз
Негимов С. Жырлары жанды баураған: Ақын Ж.Қашқынов–50 жаста // Орталық Қазақстан.-
1992.- 11 ақпан
Негимов С. Қасымды ұстаз санаған: Ақын Ж.Қашқыновтың туғанына – 50 жыл //
Қарқаралы.- 1991.-21 желт.
Негимов С. Құнды туынды // Орталық Қазақстан.- 2002.- 21 желтоқсан.-10 б.
Негимов С. Оқырманын қуантатын туынды: Жаңа кітап// Орт.Қазақстан.- 2003.- 6 қараша.-8
б.
Омарұлы Ə. Жеңіс ақынның жыр кеші // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 24 шілде
Оспанов С. Ақжарма жырлар: [Ж.Қашыновтың "Алыптар мен арыстар" кітабы туралы]//
Орт.Қазақстан.- 2002.-2 ақпан
Достарыңызбен бөлісу: |