Алғы сөз «Өлкетану əдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы»


  Халық  ақыны  Иманжан  Жылқайдаровтың  туғанына



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата15.02.2017
өлшемі4,52 Mb.
#4183
1   2   3   4   5   6   7

1886  Халық  ақыны  Иманжан  Жылқайдаровтың  туғанына 

125 жыл 

 

Өз 



ортасында 

шешендігімен, 

шежіреші, 

жыршы-жыраулығымен 

танылған  халық  ақыны  Иманжан  Жылқайдаров  1886  жылы  Қарағанды 

облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген.  

Ол  халқына  қадірлі  болған  адам.  Иманжанның  əкесі  Жылқайдар  от 

ауызды, орақ тілді шешен болған. Ал, анасы Қалипа атақты Жəуке батырдың 

інісі  Шоңның  қызы,  ақылына  көркі  сай  жан  болған  екен.  Иманжан  атақты 

Сəмбет  күйшіден  домбыра  тартуда  үйренеді.  Жастайынан  өлең-жыр,  өлең-

жыр, домбыраға құмар болған Иманжан есейе келе серілік, салдық, ақындық 

жолға  түсті.  Ескіше  оқып  хат  таныды.  Зерек  те,  алғыр  Иманжанның  білімге 

құштарлығын байқаған алғашқы ұстазы Əмірғали Құлтыбайұлы оған: «Ақын 

болғың  келсе  шығыс  шайырларынан  оқып  үйрен»  деп  кеңес  беріп,  өзі  оған 

араб, парсы, шағатай тілдерін үйретеді. Шығыс əдебиетін оқып үйренген Иманжан өзінің тұңғыш 

өлеңін  де  суреттегі  сұлуға  арнап  «Гүлжаһанға»  деген  атпен  жазғаны  белгілі.  Соден  бастап, 

Иманжанның  ел  арасында  ақындық,  жыршылық  атағы  шыға  бастайды.  Оның  өлеңдері  мен 

жырларының  негізгі  тақырыбы  Отан,  туған  жер,  елдік  пен  ерлік,  адамгершілік  болып  жалғаса 

береді. 

Иманжанның  арнасы  кең.  Ол  нені  айтып,  нені  жырласа  да  жүрегімен  жарыла  ақтарылып, 

тебірене  толғанады.  Айтпақ  ойына  образдар  мен  тың  теңеулерді  таба  біледі.  Ақынның  ақындық 

қуатының  өзі  де  дəл  осында  болса  керек.  Ол  табиғатты  адамның  ой-сезім  дүниесіне  бағындыра 

жанды  бейнедей  суреттейді.  Жаратылыстың  өзінде  бар  сұлулықты  поэзия  арқылы  онан  да 

ажарлап, көркемдеп, көз алдыңа келтіреді.  

Ақын  шығармашылығының  елеулі  бір  саласы  балалық  шақты  жырлауға  арналған.  Осыған 

орай,  1959  жылы  жарық  көрген  өлеңдер  жинағының  «Жастарым  жайна»  деп  аталуы  əбден 

орынды. Бұл жинаққа ақынның жиырмаға тарта өлеңдері енген. Ақын өлеңдері арқылы жастарды 

оқуға,  өнеге,  білімге  шақырады.  Қазақ  əдебиетіне  Мұқан  сынды  дарын  сыйлаған  Иманжан  ата 

əдебиет сүйер қауымның құрметтісі де, қадірлісі болып танылды.  

И.Жылқайдаровтың кейбір шығармалары «Айтыс» 1965-66 ж., «Пернедегі термелер» 1965 ж. 

Атты  жинақтарға  енген.  Ақынның  «Əділбек»  атты  поэмасы  мен  айтыстарының  көбі  қолжазба 

күйінде сақталған. 

Алматы, 

Жезқазған 

қалаларының 

құрметті 

азаматы, 

халық 


ақыны 

атанған 


И.Жылқайдаровтың терең мазмұнды өлеңдері бүгінгі жастармен бірге.  

 

Əдебиеттер

Жылқайдаров И. Жастарым жайна!: жырлар жинағы - 1959. - 63 б. 



 

Ақын  жырлары  /  Құр.  М.Дүйсенов,  Е.Ысмаилов.-Алматы:  Қазақтың  Мемлекеттік  көркем 

əдебиет баспасы, 1958.- б. 

Арқаның  ардагер  ақындарының  бір  тобы:  Қарағанды  облысына  -  70  жыл  //  Абай-Ақиқат.- 

Абай, 2006.- 1 шілде.-1 б. 

Жетiбаева Б. Əкелi- балалы сөз зергерлерi//Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 13 қараша 

Жетiбаева Б. Жерлестерiнiң жадында: Халық ақыны И.Жылқайдаров 115 жаста// Сарыарқа.- 

Жезқазған, 2001.-16 ақпан 

Жетiбаева Б. Қала төлқұжатындағы есiмдер: Иманжан Жылқайдаров // Сарыарқа.- Жезқазған, 

2003.- 26 қараша 

Жетібаева Б. Сөз зергері //Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-6 қаңтар 

Жылқайдаров Иманжан //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин, 

2006. - 275 б. 


Жылқайдаров Иманжан //Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық, 2004. - 389 б. 

Жылқайдаров  Иманжан  //Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  :  75  жыл  /  құраст.  С. 

Қамшыгер, 2009. - 178 б. 

Жылқайдаров  Иманжан  //Советтік  Қазақстан  жазушылары:  Био-библиогр.  анықтамалық. 

Құраст. С.Ахметов. Алматы, Жазушы-1987.- 267 б. 

Молдағалиева Ш. Иманжан əкейді білуші едім // Мысты өңір.- Жезқазған, 2006.- 21 шілде.- 

10 б. 

Мырзабеков Б. Тауына тартып туған ұл // Мысты өңір.- Жезқазған, 2006.- 11 тамыз.- 8 б. 



Орталық  Қазақстанның  жазушылары:  Методикалық  -  библиографиялық  материалдар.- 

Қарағанды, 1973.- б. 

Пернедегi  термелер:  Қазақ  Совет  халық  ақындарының  шығармалары  /  Жалпы  бас 

ред.С.Мұқанов.- Алматы: Жазушы, 1965.- 396 бет 

Смағұлов  Ғ.  Арқаның  ақтаңгер  айтыс  ақындары:  Жезқазғандағы  жыр  жарысына  өрелi  өнер 

өнегесi болса игi... // Орт.Қазақстан.- 2003.- 15 наурыз.-10 б. 

Тапашев М.І. Ақындық дəстүр жəне көркемдік жалғастық: (Қ. Тосанбайұлы, Б. Қожабайұлы, 

И. Жылқайдарұлы шығармашылығы негізінде); автореферат 2005. - 30 б. 

Ұлытау ақындары: мақалалар, өлеңдер, толғаулар, айтыстар / құраст. Ғ. Е. Ештанаев, 2007. - 

233 б. 


 

1931 - Қарлагтың құрылғанына 80 жыл 

 

Қарағанды  лагері,  КСРО  Ішкі  істер  халық  комиссариатының  (НКВД) 

Қарағанды  ерекше  бағыттағы  еңбекпен  түзеу  лагері.  1931  жылы  КСРО 

Бірлескен  мемлекеттік  саяси  басқармасының  (ОГПУ)  Қарағанды  алып 

кеңшары  ретінде  құрылды.  Кейін  КСРО  НКВД,  Ішкі  істер  министрлігі  Бас 

лагерьлер  баскармасының  (Гулаг)  жүйесіне  енді.  Мұнда  1959  жылға  дейін 

қылмыскерлер  мен  саяси  айыпталғандар,  одан  кейін  қылмыскерлер  ұсталып 

келді.  Директивалық  кұжаттардың  бірінде:  «ОГПУ-дің  Қарағанды  алып 

кеншарына  Орталық  Қазақстанның  орасан  зор  алқабын  игеруге  кұрметті  де 

жауапты  тапсырма  беріледі  делінген.  Аумағы  солтүстікте  Ақмоладан 

(Целиноград) 

оңтүстікте 

Балқашқа 

дейінгі, 

шығысында 

Қарағанды 

бассейнінен,  батысында  Жезқазғанға  («Степлаг»)  дейінгі  т.  ж.  маңындағы 

жерлерді  алып  жатты.  Жекелеген  пункттері  бұл  аумақтан  тысқары  жерлерде 

де  (Рузаевка,  Шу  өңірінің  бойы  т.  б.)  орын  тепті.  Барлығы  200-ден  астам  нүктелері  (лагерь 

бөлімшелері)  болды.  Орталығы  -  Долинка  селосы  Қарағандыдан  оңтүстік-батысқа  қарай  50  км 

жерге  орналасты.  Кейбір  мəліметтерге  Қарағанды  Карлагтың  ауданы  540  мың  км

2

  əкімшілік 

аппаратында  18  мың  қызметкер  болған.  Ал  тұтқындар  саны  800  мын  адамға  жеткен.  Олардың 

саны БК (б) П 17 съезінде мемлекеттік кылмыстар туралы қаулы қабылданып, И.В.Сталиннің ОК-

тің 1937 жылғы ақпан - наурыз Пленумында КСРО-да социализм позициясы нығайған сайын тап 

күресі  онан  сайын  шиеленісе  түседі  деген  қате  тезисінен  кейін  күрт  өсті.  Қаулының  14  пункті 

РСФСР  қылмысты  істер  кодексінің  58-бабына  негіз  болды.  Сонымен  бірге  саяси  айып-

талғандардың  туған-туысқандары  да  жауапкершілікке  тартылды.  Міне,  дəл  осы  кезде  Қарлагқа 

тергелмей-сотталмай  айыпталған  саяси  тұткындардың  түсуі  көбейді.  Бас  еркінен  айрылған 

адамдардың  арзан  жұмысшы  күші,  негізгі  корлардың  ең  төменгі  бағасы  жəне  амортизациялық 

шығынның  төмен  болуы  Қарлаг  басшыларына  өндірісті  ұлғайтуға  мүм-кіндік  берді.  Көкөніс, 

картоп  плантацияларымен  бірге  суландыру  жүйесі,  жасыл  желек  алқабы  жасалды.  Басқарма 

жанынан  ауыл  шаруашылық  тəжірибе  стансасы  (кейін  Карағанды  а.  ш.  тəжірибе  стансасы)  мен 

мал  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  стансасы  ұйымдастырылды.  Қарабаста  ағаш  өндеу 

комбинатыты,  Жартаста  қант  зауыты,  Топарда  шыны  зауыты,  Долинкада  механикалық-жөндеу 

зауыты,  ет  комбинаты,  май  зауыты,  диірмен,  тігін  шеберханалары,  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 

ұксататын  басқа  да  цехтар  салынып,  жұмыс  істеді.  «За  социалистическое  животноводство»  көп 

тиражды газеті шығып тұрды (1938-1955). Лагерь басқармасының бастығы - полковник В. Волков 

республикалық, облыстық жəне жергілікті партия, кеңес шаруашылық органдарының лагерь ісіне 

араласуға  ешкандай  қақысы  жоқ  болды.  Соған  орай  ол  метрополиясы  Мəскеуде  болған 



колониялық  тұрғыдағы  ерекше  оқшау  құрылым  еді.  Алжир  (Ақмоладағы  отан  саткындары 

жұбайларынын лагері) деген атпен белгілі болған №26 нүктеде (Ақмолаға жақын Малиновка с.) - 

15 мың, Степлагта 20 мың əйел тұтқында болды. Белгілі партия, кеңес кызметкерлерінің, көрнекті 

əскер  басыларының  əйелдері,  апа-қарындастары  мен  қыздары  азап  шекті.  Олардың  ішінде 

Тухачевский, Гамарниктің қарындастары, Мендешев, Кұлымбетов, Нұрмаков, Рыскұлов, Қожанов, 

Сырғабеков, Сейфуллин, Майлин т. б. жұбайлары бар. Əр жылда Қарлагта жазықсыздан-жазықсыз 

еліміздің  белгілі  ғалымдары  мен  мамандары,  əдебиет  жəне  өнер  кайраткерлері  отырып  шықты. 

Олардың  арасында  əлемнің  көптеген  академияларының  мүшесі,  био-физик,  гелиобиология  мен 

аэроионификапияның негізін қалаушы, кейіннен адамның космоска ұшуы үшін маңызы зор болған 

қан  динамикасы  жөніндегі  теңдесі  жоқ  еңбектің  авторы  А.  Л.  Чижевский.  болашақ  атақты 

селекционер,  екі  мəрте  Социалистік  Еңбек  Ері,  академик  В.  С.  Пустовойт,  радиациялық 

генетиканың  негізін  қалаушы,  академик  Н.  В.  Тимофеев-Ресовский,  жылу  техникасының  асқан 

маманы,кейін С. П. Королевтің серігі болған профессор В. Л. Пржецлавский, КСРО халық артисі 

Л.Русланова, əлемде тұңғыш балалар театрының негізін қалаушы, Социалистік  Еңбек Ері Н. Сац, 

ақындар  Н.  Заболоцкий,  Р.  Тамарина,  жазушылар  Г.  И.  Серебрякова,  Д.  Еркінбеков,  М.  Зуев-

Ордынец, əдебетші ғалымдар Қ. Мұхамедханов, Р. Нарешев т. б. болды. 

Елуінші жылдардың басында Қарлагта негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын 200-

ден астам лагерь бөлімшелері болды. 



 

Əдебиеттер

Абдакимов А. Тоталитаризм:күштеп қоныс аудару жəне зиялыларды қуғындау.- Қарағанды, 

1997.- 84 бет. 

Ақсұңқарұлы  С.  Екі  тип  немесе  екі  өлеңнің  тарихы:  Эссе//  Орт.  Қазақстан.-  2000.-13 

қыркүйек. 

Алпысұлы С. Қарлаг жəне оның зардаптары //Орт.Қазақстан.- 1997.- 26 наурыз. 

Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері: Оқу құралы.- Алматы: Санат, 1994.- 120бет. 

Əбдəкімұлы Ə. Қазақстан тарихы (ерте дəуірден бүгінге дейін).- Алматы: Респ-қ баспа каб., 

1997.- 403бет 

Əуезов Ғ. Степлаг - кеңестік концлагерь // Сарыарқа. - Жезқазған, 2008. - 31 мамыр (№ 46). – 

2 б. 

Байжантаев  Б. Жезқазғандағы ірі өндіріс ошақтарын салған кімдер? немесе қуғын-сүргіннің 



басты себебі-кеңестік тоталитарлық жүйе: 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 

күні //Сарыарқа.- Жезқазған, 2004.- 29 мамыр 

Бейсенова  Ш.  Екі  дүние  –  екі  əлем:  [немесе  Қарлагтың  бүгінгі  тұрғындары  жайлы] 

//Қазақстан əйелдері.- №3.- 30-31 б. 

Гаврилова  Е.П.    Художники: ГУЛАГ  (КарЛАГ)  -  Резюме,  наимен.,содержание-  на  каз.,нем., 

англ.яз.- Караганда: Karaqanda, 1999.- 64 с.: ил. 

Егешова Р. "АЛЖИР" жазылмайтын жара// Сарыарқа.- Жезқазған, 2001.-30 мамыр  

Егешова Р. "АЛЖИР" жазылмайтын жара// Орт.Қазақстан.- 2001.- 17 қараша   

Ермекбаев Т. Қарлаг – қасірет қамалы //Жас қазақ.- 1992.- 11 қараша 

Ерубаева К. Қазақстанның 20-30-жылдардағы саяси  дамуы// Қазақ тарихы.- 2005.- N2.-96-99 

б. 

Жаманбекұлы  Е.    ҚарЛАГ  құрбандарының  ұрпаққа  айтар  өсиеті  бар:  2000  жылы  - 



Мəдениетті қолдау жылы// Орт.Қазақстан.- 2000.-19 ақпан 

Жанғожин  А.  Туған  елінің  бір  уыс  топырағы:  31  мамыр-Саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын 

еске алу күні// Орт.Қазақстан.-2000.-3 маусым 

Жанғожин  А.Зобалаң  жылдарында:  Қазыналы    қарашаңырақ  /  А.Жанғожин,  Е.Лұқпан// 

Орт.Қазақстан.- 2004.- 8 қаңтар.-3 б. 

Жанысбай  С.  Қашқындар:  Қараталдың  Опиы  мен  Құсманы;  Дауылбай//  Орт.Қазақстан.-

2000.-19 қаңтар 

Жəнелұлы Ө. Қарлаг қарғыс таңбасы //Абайский вестник.- 1998.- 8 тамыз. 

Қайым Мұхамедханов: Тағдыр жəне Қарлаг / ред. Ғ. Қабышұлы, 2008. - 276 б. 


Қазақстан  тарихы  мен  этнологиясы  мəселелері:  Ғылыми  мақалалар  жинағы.  3-ші 

шығарылым.- Астана:Фолиант, 2000.- 216 с. 

Қарлаг : Қапастағылар қаламынан / құраст. Н. Т. Жұмаділова, 2009. - 248 б. 

Карлагтағы тұтқын əйелдер: Саяси қуғын-сүргін//Астана.- 2003.- N3.-60-62 б. 

Қарлаг //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин, 2006. - 368 б. 

Қожабеков Р. Азапты мекен – Қарлаг. // Орт.Қазақстан.- 1989.- 29 маусым 

Майбас Т. Абай атын алған аудан: облысымыздың отаулары: Абай ауданы// Орт.Қазақстан.- 

2002.- 13 ақпан- 4 б. Абай-Ақиқат.- 2002.- 16 ақпан 

Михеева Л. Құжаттар бетінде қалған шындық// Орт.Қазақстан.- 2001.-27 қазан 

Мұстафин  Е.  Жүрегі  жайсаң  жан  еді  //  Сана.-  Қарағанды,  2000.-  21  қыркүйек(N36).-4  б. 

Қарқаралы.- Қарқаралы, 2002.- 25 мамыр 

Несіпбай  А.  Карлагта  кімдер  болмаған..:  ақын  Сергей  Есениннің  ұлы  да  онда  6жыл  азап 

шегіпті// Егемен Қазақстан.- 2005.- 24 тамыз.-10 б. 

Несіпбай А. Тар жолдағы тағдыр: Қарлагтың азап торына түскен жапон əскери тұтқындары 

туралы// Егемен Қазақстан.- Алматы, 2000.- 27 қыркүйек 

НКВД Қарағанды лагерінің (Қарлаг) схемасы //Мəдениет жəне тұрмыс.-1989.-№4.- 14 б. 

Нүсіпбекова  М.  1930  жылдағы  қоғамдық-саяси  өмір//  Жалпы  тарих  жəне  құқықтану 

мектепте, колледжде жəне ЖОО-да. - Алматы, 2010. - № 1/2. - 3-6 б. 

Олжабай С. Гумилевтің де ізі бар: Облыс отаулары:  Абай ауданы //  Орт.Қазақстан.-2006.- 1 

тамыз.-7 б. 

Орайханұлы  С.  "Қураған  дүние,  құбыла  бердің  неге  сен...":  поэзия  //  Азия  Транзит.-

Қарағанды, 2005.- N8 (тамыз).-28 б. 

Орайханұлы С. Тағдыр Өлеңдер //Народная трибуна.- 1997.- 14 маусым 

Өнердегі Ұлы Отан соғысы [Мəтін]: Жеңістің 60 жылдығына арн. жоғ. оқу орындары аралық 

студенттік  ғылыми-практ.  конференция  материалдары  21-22  сəуір  /жауап.  ред.  В.В.  Егоров.- 

Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005.- 200 б. 

Приходько Е. Өткен күннің белгісі – Қарлаг // Орт.Қазақстан.-1989.- 14 қазан 

Сағынтай  С.  "Карлаг".  "Гигант"  совхозы  //  Балқантау.-  Қарағaнды,  2007.-  28  желтоқсан. 

(№24).-7 б. 

Сағынтай С. "Қарлаг" "Гигант" совхозы // Балқантау.- Қарағaнды, 2006.- 28 желтоқсан.-7 б. 

Сəулебектегі  А.  Қасіретті  Қарлаг  //  Дала  мен  қала.  -  2009.  -  1  маусым  (№  21).,  8  маусым 

(№22). – 9 б. 

Сексенұлы  С.  Жерімізде  жаны  мəңгілік  жай  тапқандар  рухына  Спасск  мемориалдық 

зиратында ескерткіш қойылды: Зерде // Орт.Қазақстан.- 2004.- 3 маусым.-1, 6 б. 

Сексенұлы  С.  Тоталитарлық  жүйенің  тұтқындары  болған  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарына 

Қарағанды жерінде ескерткіш-мемориал қойыла ма? // Орт.Қазақстан.- 2006.- 24 тамыз.-6 б. 

Серікбаева Ғ.  Жарты ғасырдан кейін табылған хат // Орт.Қазақстан.- 2003.- 31 мамыр.-6 б. 

Смағұлов Ғ. «Алжирдегі» азапты жылдар //Орт.Қазақстан.- 1998.- 27 қаңтар. 

Смағұлов С. Қуғында өткен ғұмыр// Орт.Қазақстан.- 2001.- 23 мамыр 

Тасымбеков А. Қарлаг – қасірет мекені. Азапта қалған аналар тағдыры туралы элегия 

//Мəдениет жəне тұрмыс.-1989.-№4.- 15 б. 

Тасымбеков А. Қарлаг қасіреті немесе «қалың елім қазағым»... //Заң газеті.- 1997.- №22 

(мамыр). 

Темірбеков  М.  Степлаг:  өлкедегі  қапастар  жүйесі:  31  мамыр  -  Саяси  қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алу күні // Сарыарқа.- Жезқазған, 2007.- 25 мамыр(N21).-5 б. 

Шаймұқанова  Р.А.  Қарлаг  тұтқынындағы  оқымысты  ғалымдардың  ғылыми  -  зерттеу 

жұмыстары  //  Қарағанды  университетінің  хабаршысы.  Тарих,  философия,  құқық  сериясы.- 

Қарағaнды,  2005.- №3.-84-89  б. 

Шаймұханов Д.А Азапты мекен – Қарлаг // Орт.Қазақстан.- 1990. – 12,13,16,17 қаңтар. 

Шаймұханов Д.А. Карлаг / Д.А.Шаймұханов, С.Д.Шаймұханова.- Алматы, 1997.- 104 бет. 

Шаймұханов Д.А. Карлаг:[1.Қарлаг-Гулагтың филиалы; Қарлагтың құрылуы мен дамуы] 

//Орт.Қазақстан.- 1997.- 25,29 қаңтар, 8,12,15,19,26 ақпан. 

 

 


2001 ҚР тəуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопаркке 10 

жыл

 

 

«Тəуелсіздіктің  он  жылдығына  –  10  игі  іс» 



деген  Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың  бастамасын  бүкіл 

республика  халқы  қолдап,  жер-жерлерде  түрлі 

шаралар 

атқарылды. 

Қарағанды 

қаласының 

Оңтүстік-Шығыс  бөлігіндегі  көп  жылдан  бері  бос 

жатқан  далада  жаңа  парк  салынды.  Бұл  этнопарк 

36,5  гектар  алқапты  алып  жатыр.  Бұл  Қарағанды 

облысының  кішірейтілген  көрінісі.  Мұнда  барлық 

қалалар  мен  аудандар,  оладың  өсімдік  жəне  жануарлар  дүниесі,  шаруашылық  ерекшеліктері 

бейнеленген.  Этнопаркты  облыс  тарихынан,  оның  табиғаты  мен  өнеркəсібінен,  мəдениетінен 

мəлімет беретін ашық аспан астындағы мұражай деуге болады. 

Этносаябақтың  құрылысына  бюджеттен  ақша  бөлінген  жоқ.  Ол  –  жеке  кəсіпкерлердің, 

коммерциялық  ұйымдардың,  бюджеттік  есес  кəсіпорындардың  күшімен  жəне  сенбіліктер 

ұйымдастыру арқылы «халықтық құрылысы» əдісімен салынды.  

Бұл  кешеннің  архитектуралық  жобасын  жасағандар:  қарағандылық  сəулетшілер  Ж.Əлтаев, 

Н.Ыбырайымов, Н.Əубəкіров.  

Саябақтың  ішінде  мəдени  шаралар,  концерт,  дикотека  өткізетін,  демалған  жұрт  тізе  бүгетін 

орындықтар,  қыдыратын  жолдар,  балалардың  ойнайтын  «Ертегі  даласы»,  спорт  алаңдары, 

аттракциондар, тамақтанатын кафелар орналасқан. Саябақтың бір шетінде екі көшенің қиылысына 

облыстық суретшілер өоғамы қызметкерлерінің жасаған «Сүйінші» мүсіні орын тепкен. 

Этносаябаққа  келушілер  біздің  облыстың  алыс  түпкірін  араламай-ақ,  оның  табиғат 

ерекшеліктерімен танысып, мəліметтер жинай алады. Осы тұрғыдан  келген өз өлкесінің тарихын 

білгісі  келетін  жастарға  таптырмас  демалыс  орталығы.  Бір  жағынан  демалыс,  бір  жағынан  өз 

өлкеңді  танып  білуге  мүмкіндік.  Қолдан  жасалған  этносаябақтағы  мүсіндер  Дешті  Қыпшақ 

жерінің шекараларына қойылған тас мүміндерге өте ұқсас. Олар сан түрлі. Қолына сұңқар ұстаған 

жауынгер,  əйелдер  мүсіндерін  көруге  болады.  Қарқаралы,  Ақбастау,  Қызыларай  тауларының 

маңында «қызтас», «келінтас», «кемпіртас» мүсіндері қойылған. 

Ұлытауда үш жүздің бірігуін білдіретін таңба салынған. Тасқа қашалған бұл таңбаны Ұлытау 

павильонынан көруге болады.  

Этносаябақта  Ұлытау  мен  Қарқаралыдан  басқа  Жезқазған,  Балқаш,  Теміртау,  Қарағанды, 

Саран павильондарын, Приозерск қаласы тұрғызған əскери қалашықты көре аламыз. 

Тəуелсіздік пен еркіндікті білдіретін «Сүйінші» композициялық мүсіннің биіктігі 25 метр, 12 

қырлы стелланың үстіне орнатылған арғымақ  Сарыарқаның кең даласында көсіле шауып, құстай 

ұшып  келеді.  Аттың  үстіндегі  адам  қолын  көтеріп  тəуелсіздік  туралы  қуанышты  хабарды 

жеткізуге асығып, сүйінші сұрап келе жатқан сияқты. Стеланның авторлары Ж.Молдабеков жəне 

Б.Тайталиев. 

 

Əдебиеттер

Абдолла Қ. Аллеяға ақ қайың отырғызды // Орт.Қазақстан. - 2009. - 15 қазан (№ 157). – 1 б. 

Айтуғанова  А.  Қайрат  Талдыбаев:  "Саябақ  -  мегаполистің  ажырамас  бөлігі"  // 

Орт.Қазақстан.- 2003.- 23 тамыз.-5 б. 

Əбдəкімов  Ə.  Қарағанды  этнопаркі-  қала  мəдениетіндегі  тың  бастама:  музей  өмірі  // 

Қазақстан музейлері.- 2003.- N1(2).-34-37 б. 

Қарағанды облысы Тəуелсіздіктің он жылдығына он игі іс / құраст. Ə. Əбдіəкімов, 2001 90 б. 

Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин, 2006. - 584 б. 

Мүбəрəкұлы Б. Қала күнін қалай өтті? // Орт.Қазақстан.- 2002.-13 ақпан 

Нұрша Р. Саябақ сəнденіп келеді // Орт.Қазақстан.- 2001.-25 шілде 

Сексенұлы С. Көпшіліктің күшімен салынған этносаябақ: Тəуелсіздіктің он жылыдығына - 10 

игі іс // Орт.Қазақстан.- 2001.-3 қараша 



 

 

2001 

Астанаға

 

«Отан 

қорғаушылар

» 

монументін

 

орнатқанына

 10 жыл 

 

Астана  тұрғындары  мен  қонақтарының  көз  қуанышына 



айналған  «Отан  қорғаушылар»  мемориалы  Астанадағы  «Манас» 

паркінің  дəл  ортасында  тұр.  Оны  Тəуелсіздіктің  он  жылдығына 

қарағандылықтардың  толық  өз  күштерімен  жасап,  Елордаға 

сыйлағанын екінің бірі біледі.  

«Отан  қорғаушылар»  мемориалының  биіктігі  37  метр.  Бидай 

масақтарының  айқасқан  дестесін  бейнелейтін  стелланың  төменгі 

тұсында  диаметрі  6  метрлік  шар  орнатылған.  Шардың  алдыңғы 

жағында  қос  қолдап  тостаған  ұстаған  «Ана»  бейнеленген.  Ол  сусын  ұсынып,  қонақтарын  қарсы 

алып  тұрған  тəрізді.  Бұл  халқымыздың  қонақжайлылығын  аңғартады.  Немесе  ол  сусын  беріп, 

ұлын  майданға  шығарып  тұрған  ананы  бейнелейді  Қалай  десек  те  Ананы  құрмет  тұтатын 

халықтың ұғым-нанымына сай келеді. Ал шардың екінші жартасына қазақ даласының көріністері 

салынған.  Сол  жақ  беттегі  барельфке  ежелгі  байрақ  ұстаған  қазақ  батырларының,  ел  қорғаған 

жауынгерлерінің,  халқымыздың  басынан  өткен  шапқыншылық  заманының  көріністері 

бедерленген. Оң жақтағы барельфке Ұлы Отан соғысы тұсындағы солдаттар, əр халықтың өкілдері 

сол тұстағы қару- жарақпен көрсетілген. Ал «Мəңгілік алау» батырдың қалқаны іспеттес, əрі оты 

шырағдан  арқылы  жанып  тұр.  Оның  бедер  тақтасына  алтын  əріптермен  «Отан  бірдің  тілегі  бір, 

жүрегі бір» деген даналық сөз жазылған. 

Ескерткіш жобасын жасауға ат салысқандар: суретші Əлиақпаров Мақаш Тыныштықбайұлы, 

мүсінші Баймұқашев Юрий, сəулетші Бақтыбай Тайталиев жəне Қарағанды облыстық Суретшілер 

одағының  көркемсурет  өндірістік  комбинатының  директоры  Александр  Курыцин,  инженер-

конструкор В.Троценко. т.б. 

Ескерткіш  жасаудың  негізгі  жұмыстары  «Қаркенмаш»  заводының  №1  механикалық 

құрастыру  цехында  атқарылды.  Металл  конструкцияларын  монтаждау  «Имстальком»  АҚ-ға 

жүктелді.  Жалпы  биіктігі  37,5  метр  монументтің  металл  қаңқасы  3  бөлікке  бөлініп,  əрбіреуі  12 

метр болады деп белгіленді. Бұлар «Имстальком» АҚ металл конструкция заводында дайындалды. 

Ал  «Промстройпроект»  институтында  жасалған  қола  қаңылтыр  осы  темір  діңгекке  кигізілді. 

Мемориалдың металл діңгегінің салмағы 55 тонна, қоладан жасалған бөліктері 60 тонна, ал əрбір 

барельфтің əрқайсысы 10 тонна болатын алып ескерткіштің бөлшектері Астанаға жөнелтілді. Бұл 

ескерткіштің тұратын жерін астаналықтар қара мрамормен, барельфтің сыртын қызыл мрамормен 

қаптап,тұғырды жəне оның маңын когаландыру жұмыстарымен айналысты.  

Қысқа  мерзімде  жүздеген  қарағандылықтардың  бірлескен  əрекетінің  арқасында  «Отан 

қорғаушылар» мемориалы 2001 жылы 9 мамыр Жеңіс күні салтанатты жағдайда ашылды. 



 

Əдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет