§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі. Стресс пен дистресс Адаад көңіл-күйнің көріністері — сезім мен әмоцияны акыл-ой және сана билейді. Сана — психика дамуынын ең жоғары дәрежедегі сатысы Кез келген психккалык процесті (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау т. б ) адам санасының жемісі дейміз. Солай болгандықтан, сезім мен эмоциялық күйлердің бәрі де сана арқылы реттелш отырады.
Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. “Стресс” сөзі ағылшын тілінен аударганда — зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй — соңғы 30—35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық жағдайдың қолайсыз-дығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі, дене енбегі мен ақыл-ой арқылы атқарылатын іс әрекеттің шиеленісті әрі қауіпті жағдайында өте шапшаң және жауапты шешім қабылдау. Мұндай жайттар эмоция тудырады. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімде-луі қажет. Бұл күй ғарышкер, ұшқыш, түрлі электр, жылу қуаттарын өндіретін станция операторлары мен автокөлік жүргізушілердің қимыл-әрекеттерінде ғана емес, айыпкердің жазалаушы заң кызме-терлердің, мекеме. ұжым басшыларының, оқушылардан сынақ-емтихан қабылдаушы ұстаздардың да күнделікті қызметінде жиі кездесіп отырады.
Стрестің физиологиялык негізі — американдық физиолог
У. Кенноннын (1871—1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні — ішкі оргаңизм қызметінің бір қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы жөніндсгі зерттеуі.,Мұндай тітіркендіргіштердің органнзмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік — эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-қүлқына да күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері —қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң қызба болады. Мұндай жағымсыз көріністер дистресс деп аталады. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қожыратып, оған теріс ықпал етеді Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет.
XIX тарау. ЕРІК