Екінші бөлімі
АДАМНЫҢ ДАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
СИПАТТАРЫ
VIIІ тарау. ТЕМПЕРАМЕНТ
§ 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың, әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі — бір түп ағаштағы 200000-жуык жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі; екіншісі— темпераменті, мінез-құлқы жағьшан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі — дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әр-қайсысының саусақ бедері біріне-бірі
ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара езгешеліктің бірі — осы темперамент. “Темперамент” сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ “красис” деген грек сөзін латынша-— темпераментум дейді. Мұйдай атаудың мәні нәрселерің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік — ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне елді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігшің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған — ертедегі грек жұртының дәрігер-ғалымы Гиппократ (б. з. д. 460—356 жж.) болды. өз шәкірттерімен бірге органнзм өзгешеліктері денедегі "тіршілік шырындарына" байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын — қан, салкындататын — сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратъш — ка-
ра, Бұлар бірімен-бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасынын, қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешелігі болады. Қанның пронорциялық мөлшері болса — сангвиник (латыпша — сангуис); сел көп болса — флегматик (грекше — флегма), өт көп болса холерик (грекше — холе) және күшті пропорция қара өтте болса — меланхолик — грекше — мелайнехоле қара өт) дсп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |