Ұйқылық тежелу, Тежелудің бұл түрін кейде жайылмалы тежелу деп те атайды. Өйткені, тежелу процесі ми қабығындағы орталықтарға түгелдей жайылғанда, ұйқы пайда болады. Ұйықтаған кезде адамның ми қабығындағы орталықтармен бірге ми бағанасындағы орталықтар да тежеледі. Мұндай қалыпта сана болмайды, сезгіштік мүлдем бәсеңдейді, шартты рефлекстер сөніп, ми тынығады. Біз бұл жайттан тежелу мен қозудың өзара тығыз байланысты физиологиялык процсстер екендігін анық аң-ғарып олардың үнемі өтш жататындығына көз жеткіземіз және бұл процестер мн жұмысының негізгі заңдарына бағынады.
Мидың талдау және біріктіру қызметі, Талдау мен біріктіру организмнің үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделіп шартты рефлекс жасауы үшін қажетті жүйелі процестер. Сондаи әрекетгері арқылы организм өзінің мінез-құлқын тіршілік ортасымен сәйкестендіріп отырады. Сондықтан, мидың талдау мен біріктіру қызмсті --органнзм өмірі үшін негізгі шарт.
Талдау дегеніміз — ортаның ішінен организмге әсер ететін күрдслі нәрселерді талдап ажырату әрекеті. Ал керісінше, сол талданған жеке нәрселер мен элементердің басын құрап біріктіру, тұтастырып комплекс жасау әрекеті. Мәселен, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әр түрлі көлеңке, болмашы иіс, ауадағы нәзік дірілдер т. б, сондай әсерлер — тамақтын не қауіп-қатерден алыс жақындығын хабарлап отыратын сигналдар. Жануарлар сол сигналдар арқылы өздеріне төнген қауіпті жағдай не тамақ туралы уақытында хабар алып отыру нәтижесіиде ғана, басқаша айтқанда, мидың талдау және біріктіру әрекетіне сүйене отырып, тіршілік етеді
Талдау мен біріктіру әрекеті хайуанаттар тіршілігінде қаншалық-ты манызды болса, ал осы жүйкелік әрекеттердің адам өмірінде атқаратын қызметі мен алатын одан да жоғары. Талдау мен біріктіру әрекеттерінмеңгеріп, олардың мән-жайын түсіну, күнделікті іс-әрекет пен тәжірибеде қолданып отыру — адам психикасын же-тілдіре түсудегі қажетті шарттың бірі.
Шартты және шартсыз рефлекстер. “Рефлекс” деген ұғымды ғылыми тұрғыдан қарастырып, оның табиғатын ашып көрсеткен — И. М. Сеченен пен И. П, Павлов. Өзінің “Бас миының рефлекстері” деген еңбегінде И. М. Сеченев: “Өмірдің, саналы және санасыз әрекетіерінің барлығы да шығуы төркіні тұрғысынан — “рефлекс-тер”деп анықтайды. Ал И. П Павловтың жоғары жүйке қызметі жайындағы идеяларының бәрі тұтасымен — рефторлық теропя “Рефлекс” — латын сөзі, қазақшаласақ, бұл сөздің мағынасы — бейнелеу. Рефлекс — организмнің жәнс оның жеке мүшелерінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабы. Қозу процесінің рецеп-тордан орталықтарға жетіп, организмнің реакциясына дейінгі жүр-ген жолы рефлекс доғасы аталады.
Рефлекс доғасы қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекторлық доға кемінде кейроннан (афференттік, аралық, эфференттік) құралады. Қарапайым рефлекторлық доғаның бойымен жүріп отыратын қозу — шартсыз рефлекстің физиология-лық негізі. Шартсыз рефлекс — тума құбылыс. Оньщ орталықтары жұлын мен мн бағанасыида орналасқан. Күрделі рефлекторлық доға бойымен жүріп отыратын қозу — шартты рефлекстердіц (жүре пайда болатын, қайталау нәтижесінде туатын рефлекстің) физиологиялық негізі. Бұл рефлекстің орталығы — ми қабығы. Күрделі рефлекторлық доғаның құрылуына көптеген нейрондар қатысады. Ми жұмыс органына хабар жеткізумен шектелмей, өзі жолдаған хабарлардан мағлұмат та алады. Сыртқы ортадан хабар ала алмаса, мидың организмі түрлі тітіркендіргіштерге жауап беруі қиындар еді. Айналадағы құбылыстар жайында тиісті мәліметтер натижесінде ғана ми нақты мұқтажын өтеуге бағдарланып отырады.
Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің тек жасалу үш мүшелі доға принципімен шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс орнына жетумен аяқталмай сондай-ақ миға қайтадан хабар жеткізіп отыратынды анықталып отыр. Қибернетика ғылымының қалып-тасып, жарыққа шығуынан әлдеқайда бұрын кеңестік физиоги ғалым П. Қ. Анохин ұсынған теория 1935 жылы белігілі болып, рефлекс жайындағы ілім шығармашылықпен мытылған-ды. Ал физиолог Н. А. Бернштейн рефлестердің доғамен емес, “рефлекс шеңбері” арқылы жасалатындығын ашып көрсетті. Бұл тұжырым-ның қазіргі кездегі нағыз ғылыми түсінік екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.
Шартсыз рефлекстер мен шартты- рефлекстердің мәні жайын жалпы рефлекторлық теория тұрғысынан қарастырғанда, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрскен кен ұтымды болмақ. Шартсыз рефлекстің мынадай ершеліктері бар: 1) Шартсыз рефлекс — тума; 2) шартсыз рефлекстер жұлында, ми бағанасында жасалады,
3) рефлекстің бұл түрі тума болғандықтан, тұрақты, 4) рефлекстің жасалуы үшін ешқандай шарттын қажеті жоқ (мысалы, тамақ ауызға түсісімен, сілекей пайда
86
болады). Ал шартты рефлекстер организмде жүре-бара, ми қабығында жасалады; ол уақытша; шартты рефлскстер жасалу үшін мида шартты және шартсыз екі түрлі тітіркендіргіш мезгіл жөнінен ұштасып, соның нәтижесінде уақытша жүйкелік байланыс орнауы қажет. Сондықтан шартты рефлекс жасалу үшін организмнің сырт-қы ортамен уакытша байланысы орнығып, атқаратын қызметіне орай ол сигналдық сипатта болады. Шартсыз рефлекс пен шартты рефлекстің жасалуы 16, 17, 18-суреттерде бейнеленген.
16-сурет. Шартты рефлекстін жасалу жолы.
I. Сілекей шығаратын шартсыз рефлекс, II. Жарықтын әсерімен мидағы көру орталығында қозудың пайда болуы. III Жарықпен (шартты тітіркендіргіш), тамақ-пен {шартсыз тітіркендіргіш) күшейту, мида бір мезгілде қозудың екі алабы пайда болады, IV. Шартты рефлекстің пайда болуы
17-сурет. Шартсыз сілекей бөліну рефлексінің сызбасы.
18-сурет. Шартты рефлектің жасалу сызбасы.
Осындай ерекшеліктеріне орай рефлекстің екі түрінің арасында ешкандай байланыс жоқ екен деген түсінік тумауы керек. И. П. Павлов пен оның ғылыми қызметкерлерінің ұзақ жылдар бойы жүргізген тәжірибелері шартты рефлекстердің сыртқы жағдайдын өзгеруіне сәйкес және сол жағдайларға бейімделу нәтижесінде шартсыз рефлекстерге әуысып отыратындыгын дәлелдеп береді. Сөйтіп екі түрлі бұл рефлекстердің арасында өзара байланыс болып отыратыншдығын нақты мысалдармен анықталды. Шартты рефлекс-тердің жасалу негізінен организмнін сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, мидың белгілі алабында қозу процесінің пайда болуы және сол тітіркендіргіштін, қайталануы мен жүйкелік байланыстар нәтижесінде нығаяды. Мұны И Павлов ми қабығындағы уақытша жүйкелік байланыс деп атады Осындай байланысты зерттеу үшін жарық жағылып, итке тамақ берілген. Кейін бұл тәжірибс қайталанбаса да, ит сілекей шығара берген. Жеке алған да оған мүлдем қатыссыз, бейтарап тітіркендіргіш болып саналатын жарык. тамақпен бекіндірілу нәтижесінде үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналу отыр. Организмге қажетті осы тәрізді құбылыстарі білдіретін әр түрлі сыртқы тітіркендіргіштердің әсері- нен пайда болатын ми қабығының қызметі сигналдық қызмет деп аталады. Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына байланысты жасалады. Мысалы, жабайы аңдардың кейбірі адамды алғаш көргенде сескенбеуі мүмкін. Бірақ адам оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқы өзгертеді, адамды керісімен тығылады, не қашуға тырысады. Демек, мұндай жағдайда жасалған рефлекс аи тіршілігі үшін өте пайдалы шартты рефлекс бодып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |