Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



бет49/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 2. Ұлттық мінез
Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлтын, хадықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың. этносың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы — тарихи шындық жзне объективті фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-касиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқынын мінез-құлкына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдлық пен кеңпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен мен,пейілділ өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлық пен пайымшылдық қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де нез-құлық сииаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспешілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылық-тары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы шешен-дік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. бір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттерді жай-жапсары — әлеуметтік психология саласы — этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Адамнын мінез-құлқының өзгеріп отыруына әлеумттік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапалары қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және объективтік фактор.
Мінездің физиологиялық негізі. Динамикалық стертип және мінез. Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік бегілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай механизмдердің бірі — динамикалық стереотип — жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі. Бұл — жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі. Ол үнемі болып отыратын шартты тіркендіргіштер-дің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты. Динамикалық стереотип осы тітіркендіргіштерге белгілі бір жағдайға байланысты реакциялар беріп, әсерленіп отырады. Бұл құбылыстың мәні нақты жағдайдың өзгеруіне сәйкес орталық жүйке жүйесінде әрқилы қылып пайда болуында.
Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсету де ерекше орын алатын жайт-жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И. П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі. 1. Ойшыл тип — бұл, негізінен, сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы 2. Көркем тип — бірінші сигналдық шартты рефлекст басымдылығы. 3. Орташа тип — мұнда екі сигнал жүйсінің бір де бірі басымдық көрсете алмайды. Адамдадьщ көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезінде булардан басқа да мінез ерекшеліктерінін, пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтиал. Темпераменттеріне сәйкес әр түрлі типтегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып кследі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет