Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау



бет69/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау
Матеряалистік ілім материя мен болмыстың өмір сүруінің екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар — кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уакыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам өз түсінігінен тысқары объективті болмысты бейнелегенде оның өмір сүрген ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.
Қеңістіктегі объектілерді кабылдау — күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын—қысқа, енді — енсіз, биік — аласа, үлкен — кіші т б .Олар бізден түрлі қашықтықта орйаласқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен, яғни бинокулярлық көрудің маңызы зор. Бір көзбен керу монокулярлық нәрселердің терендігі жөнінде дәл мағлұмат береалмайды, Бннокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ^ескінге ай-налады. Оеылайша көріп, кабылдауда заттар тутасып, олардын қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельефбедері әртарапты байқалып, анық көруге мүмкіидік туады,
Қашықтык пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенция-сы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет. Бұл жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарағанда олардың екіге бөлініп кетуін дивергенция дейді. Қөздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация (кез үйрену) дел атайды. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Кеңістікті қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кекістікті қабылдауы түрліше болып келеді.
Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулелену-мен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Қеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізуші-лер, ұшқыштар мен ғаркшкерлер, суретшілер мен әскери қызметкер-лер, дәлдік аппараттар жасайтын мамандар үшін маңызы зор.
Уақыт та — материяның өмір сүруінің объективті шындық формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңіетік пен уақыт ішінде қозғалыста болады. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады, Уақыт құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді. Уақыт қарқын арқылы өлшенеді. Қарқын — құбылыстардың бірізді тездігінің не баяулышның көрсеткіші.
Уақытты қабылдауда субъективтік мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпеи өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабыдданады- Өткен шақтын тез өтуі, келер шақтық ұзак болып көрінуі субъективтік жағдайларға байланысты. Уакыт кызықты болса, те өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет