Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



бет77/116
Дата11.10.2024
өлшемі1,2 Mb.
#147748
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116
Байланысты:
Алдамұратов Ә-Жалпы психология (1)

§ 3. Сөйлеудің түрдері

Адамиық сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Біріншіден, сөйлеу күрделілігіне, өзінің психнкалық және физиологиялық механизміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі — хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын — жаңғырық сөз болып бөлінеді. Осы негізде сөз-дер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу больш та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын актнвті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болын жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудін, тағы бір түрі қосалқы сөз деп аталады Сөйлеудің қосалқы түрі сөйлеудің қалыпты құрылысын қатаң талап етесе де, өздігінен сөйлеу түрі болып саналады. Қосалқы сөйлеуге, мәселен, жазба текстерді оқу жатады. Сөйлеу әрекетін топтастырып ажыратуда ерекше маңызы бар жайт — сөйлеудің еркін болуы. Бұл сөйлеуді топтастырьш бөлудегі үшінші негіз.болып саналады. Ал төртінші нсгіз бойынша сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріпе орай жіктеледі. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз — дауыстап естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу (үнсіз сөйлеу) деп екі топқа бөлеміз.


Сөйлеудін адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі — коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сейлеу (дара адамнын, сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі, әңгімелесуі), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөз больш төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл салаларының әрқайсы-сының өзіндік ерекшеліктері бар.
а) Монологтық сөйлеу — сөйлеу әрекетінін, кең тараған түрі. Мұнда айтылуға тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін камтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет