§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары Сезімнің өзіндік психикалық процесс ретіндегі ерекшеліктсрін, негізінен, қарама-қарсы сипатта болатынынан айқын аңғарамыз. Тереңірек қарастырсақ, бұл қарама-қарсылық ерекшелігінсіз эмоциялардың да болуы мүмкін емес. Сүйсіну не сүйсінбеу, ұнату не жек көру сезімі — мұның бәрі де адамның күнделікті мұқтажды-ғық қажеттілігін қанағаттандыру не жанағаттандырмау талаптары.мен байланысты адамның қылықтары мен әрекетінде ұнамды не ұнамсыз қатынастарын білдіруі деп танылуы керек. Психологияда сезімдердің мұндай сапа-сын қарама-қарсы сапалықтар деп атайды Мәселен, көңілдің күйлері — наразылық пен ризалық, шаттық пен қайғы, көңілдену мен қамығу, махаббат пен өшпенділік т б — қарама-қарсы сезімдер. Аданның сүйсіну не сүйсінбеу сезімі тек сыртқы әсерлеге ғана емес, кісінің даралық психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.
Кейіп — біраз уақыт бойы адамның көнілін билеп,міяез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Өміртіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталып,оған қуанады не күйзеледі, ашуланады, бойын ыза кернейді, біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Сонымен,кейіп дегеніміз — адамның белгілі объектіге бағытталмай-ақ, ұзаққа созылған көтеріңкі, не жабырқау қалыптағы көңіл-күйі, Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге,себептерге байланысты болады. Мәселен, ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі болып, оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып реттеле бастаса,оның бойын қуаныш кернеп, көңілі тасиды. Мұндайда шаттыктың лебі бірнеше күнге созылады. Ал біреудің дауыс көтеріп, қаттырақ айтқан сөзі, түксиюі, жек көрген интонациямен күлуі, ұнатпаған жымыюы сияқты болмашы себептер адамның көңілін жабырқатады, оның шарпуы, салдары көңілде дақ болып қала береді.
Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты кұбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, оның кейпі солғын болады. Ал дені сау, ұйкысы канық, көнілі көтеріңкі болса, адам мәз- болып, жадырай түседі. Адамның кейпіне табиғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы сияқты факторлар да айтарлықтай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат-міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойынұсынбай, өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін меңгеріп, оған иелік етеді,