§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері Өэге психикалық процестер сияқты сезімдердің дё табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлык әрекетпен байланысты Сезімдердің физиояогиялық негізі басқа психнкалық процестермен салыстырғанда әлдеқайда күрделі Сезімнің сыртқа тебуінде мидың жоғарғы қабатында туып жататын процестер жетекші болғанымен, еезімдер мен эмоциялар-дың физиологиялық негізі бұл процестермен шектелмейді. Ми қабынан да бұрын пайда болған оның астыңғы қабатының орталық-тарында және вегетатнвтік жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты шарларының қабында сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар ирраднация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және оларды қоздырады. Соның әсерінен қан тамырларының қимыл реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады, қанм сыртқа тебеді, ішкі секреция бездерінің продуктысын, бөліп шығарады. Ми қабығының астыңғы қабаты мен вегетативтік жүйке жүйесінде өтіп жататын физиологиялық процестер шартсыз рефлекстердін жүйкелік механизміне жатады. Организмнің эмоцнялық реакциялары үшін мк кабының астыңғы қабаттары мен көру, төменгі және вегетативтік жүйке жүйесінін орталықтары ерекше қызмет атқарады.
Ішкі, сыртқы рецепторлардан келетін қозулардың барлығын көру төмпегінен өтіп, афферентік нейрондар арқылы мидың проекцияларына жетіп жатады. Ал -организмде жоғары сезімдер болмай, төменгі, қарапайым ,қорқу. долдану, қарын ашу. төнген қауіптен қорғану сезімдері болса, олардың рефлекстік доғасы миға жетпей-ақ, оның астыңғы қабатында түйісіп ұштасады. Эмоцияның мұндай физиологиялық- негізі жүйке жүйесінін, арнайы қызметі, ең алдымен, ретикулярлық формацияға (оның өрлеуші және төмендеу-ші екі түрі бар) байланысты болып, мидың қызметін жандандыр-ады.” Ал екіншіден, ми төмпегінде (таламуста), әсіресе көру төмпегінің астыңдағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуір-лерде қалыптасқан қабаты мен жарты шарлардың соңғы дәуірлерде қалыптасқан қабаты лимбикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады. Сондай-ақ, сезім мен эмоциянын дамуына елеулі әсер ететін фактор —-екінші сигналдық жүйе. Екінші сигнал жүйесі арқылы сезімдер мен эмоциялар жануарлар тіршілігіндегі биологиялык қалыптан шығып, адамның санасымен байланысады. Сөйтіп, адам сезімдерінін өрісі кеңіп, онын жануарлар дүниесінен ерекше ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалык, сезімдері жетіледі, олар қоғамдык-әлеуметтік сипатка ие болады. Сөйлеудің арқасында эмоциялык, тәжірибені мақсатты түрде басқаларға беруге мүмкіндік туып, сезім мен эмоцияларды тәрбиелеп отыруға кең жол ашылады.