Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет69/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124
Сенсибилизациялатын сөзі, казақша мағынасы — сезгіш. Егер адаптация құбылысы талдағыштар
сезгіштігінін түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал сенсибилизация — сезгіштіктің тек артуьш ғана
көрсететін құбылыс Сезім мүшелерінің біреуікік әсершен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз
тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге түскен
жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл
түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Ұшқыштардын. түнгі ұшуға даярлану кезінде көздерінс
20—30 мннуг бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан. Бірсыпыра пснхологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі
демалуы, жеңіл-желпі дене имылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы
анықталған.
“Синестезия”— грек сәзі. Қазақша мәнісі қосарласқан түйсік дегенді білдіреді. Тітіркендіргштср сезім
мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды.
Мәселен, кейбір адамдар біреудің сезін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін Сондай
адамдардың бірі қызғылт түстен — жылылықты, екіншілері көгілдір жасыл түстен суыкты сезінсді. Түйсіктердің
осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйеіктерінде кездесіп отыратын осы
кұбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір
көрікісі. 
Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамастан, түйсіктін аз ғана уақыт болса да өз күтінде
қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен,
адам 2—3 секунт бойы көз алмай, шамға карап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады. Бір
122


ізді бейненің бұл түрі оң ізді бейнелер делінеді. Екі парақ ақ қағазды колға альш, бірін сол ақ күйінде қалдырып,
екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып қойып, бұдан соң қызыл қағаздан 20—30 секунттай көз
алмай отырып, көзімізді ақ қағазға сәл аударсақ, онын бетінен көгілдір түсті көруге болады, Бұл — теріс бір ізді
бейненің мысалы. Соңғы түс — алғашқы қызыл шаршының теріс бір ізді бейнесі, Бір ізді бейнелер көбіне адамға
байқала бермейді, Себебі, мұндайда тітіркендіргіштің бір түрі екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады. Оның байқалмауы
— көздің тор қабығыяын. ылғи қозғалып тұруынан. Сондықтан адамныд көзі талмайды.Орталык жүйке жүйесінің
жоғарғы бөліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бір ізді бейнелердіқ физиологиялык негізі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет