УДК 613.9+371
ББК 51.28 я 73
Жалпы психология. Оқулық. Оқу құралының авторлары: Алдамұратов Ә. (I, II, IV—VIII, XIII, XIV, XVI, XVIII,
XIX тараулары), Рақымбеков Қ. (XI, XII, XV тараулары), Іргебаева Н. (III тарауы), Бапаева М. (IX тарауы), Нығметова Г.
(X тарауы), Түрікпенов Ж- (XVII тарауы). – Алматы: «Эверо», 2011.- 216 б.
ISBN 5-7404-0117-8
Адам жан дүниесінің қнлы-қилы кыр-сыры мек тіршілік әрекетін зерттейтін писихолия ғылымының сан-салалы
екендігін айқын. Жантану жайындағы бірден-бір жетекші ғылым болғандықтан, оның қарастырар мәселелері қашан да
маңызды. Бұл ретте айта кетер бір жайт — казақ этносына тән өзіндік писихикалық
ерекшеліктердің психология
ғылымында бұрын-соңды қамтылмағандығы. Бұл оқу құралының авторлары осындай мәселелерді жалпы
писнхолилиялық мәселелермен байланыстыра отырып сөз етеді.
Оқу құралы жоғары
оқу орындарының студенітерінс, пскхолог мамандарға және бұл пәнді өздігінен оқып
үйренуші қалың оқырманға арналған.
Жоғары оқу орындарына арналған “Жалпы психология” атты бұл оқу құралы — қазақ тілінде жазылған қолтума
еңбек, Құралды жазуға ұзақ жылдар бойы республика жоғары оқу орындарында психологня пәні бойынша дәріс беріп
келе жатқан тәжірибелі оқытушылар қатысты, Мазмұны мен кұрылысы жөнінен алғанда, аталмыш оқу құралы елімізде
соңғы жылдары осы пән бойынша жоғары оқу орындарына арналып жасалған мемлекеттік бағдарлама талаптарына
сәйкес жазылды.
2
АЛҒЫ СӨЗ
Психология ғылымы қазақ елінің
өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән ретінде оқытылған емес. Алайда,
халқымыздың тыныс-тіршілігінде, сана-сезімінде, ауыз әдебиетінде адам жан дүниесінің белгілі бір жүйесі жайлы, оның
сыр-сипаты мен әр алуан құпия қасиеттері туралы сөз ететін туындылар мек өнегелі ой-пікірлер өте мол. Ондай
мысалдарды біз шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер-ден,
ақын-жыраулардық толғауларынан, батырлар жырынан,
туған
жері мен елінің бірлігін аңсаған билер сөзінен, жалпы айтқанда,
хадықтың өшпес қазынасы — ана тіліміздің сөз
корынан жиі кездестіреміз.
Адам жан дүниесінің сыры мен жүйесі халқымыздың түрлі толғаныстарын, ақыл-ойы мея сезімдік танымын, көңіл
күйі мен арман-тілегін білдіретін тел туындыларында сақталған. Бұл пікіріміздің
шынайы мәні мен айғағы болып
табылатын мұралар — халықтық саз аспаптары арқылы орындалатын әндер мен күйлер, жырлар мен толғау өлеңдер. Саз
өнерінің ырғағы мен әуені халықтың жан дүниесінің сырын көпшілікке нәзік үнмен жеткізіп отырған. Қазақ хадқының
тұрмыс-тіршілігі психологиялық күйге, нәзік сезімге, көңіл құштарлығына неше түрлі игі ниеттілектерге толы болған.
Міне, осы аталған жайттардың бәрі адам жан дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық мәселелер болып
есептеледі.
Бұл құралда психология
ғылымының өзекті мәселелері, бағыт-бағдары жалпы көпшілікке ұғынықты, түсінікті
тілмен баяндалады.
Оку құралының
мазмұны төрт бөлімнен құралып, он тоғыз тарау-ға таратылған.
Оқу құралының құрылысы мен мазмұны, қамтылған мәселелердің ғылыми негіздері мен берілу жүйесі, тіл
жатықтығы, қажеттігі мен зәрулгі жөнінде студенттер мен психолог-мамандардыд және оқыр-мая қауымның ой бөлісуін
сұраймыз.
Авторлар
3