*Ойын: “Қайда бардым,не көрдім?”.
Ойын бастаушы.
Қайда бардың, не көрдің? Зерек болса егер кім,
Деген ойын бастайық. Бәйгені алсын қасқайып.
1. – Жазда барып өзеннің ,
Жағасына бөгелдім.
Кім айтады қанеки,
Мен ол жерден не көрдім?
Балалар:
- Өзен, тас құм , шалғын , су, гүл, тал, т.б.
Ойын бастаушы:
2. – Қыста барып өзеннің , жағасына бөгелдім,
Кім айтады қанеки, мен ол жерден не көрдім?
Балалар:
- Қар, мұз, тас , тал, т.б.
Ойын бастаушы:
3. – Жазда тауға өрмелеп, шаршап талай бөгелдім,
Кім айтады қанеки, мен ол жерден не көрдім?
Балалар:
Тас, гүл, шөп, қарағай, өзен, көл, т.б.
Ойын бастаушы:
Не көрдім мен тағы да?
Мұрат:
Аспан, құз, күн, ағаштар .....
(Бұл ойын , Алматы, Астана, Москва, сияқты ірі қалаларға бардым, ол қалаларда мен не көрдім? – деген сұрақтарды кою арқылы жалғастыруға болады).
Достарыңызбен бөлісу: |