Алғы сөз Уəли Нұргелді



бет25/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

-гүл, -шешек: бөрігүл, жанаргүл, көкбасгүл, наргүл, көкшегүл, қозы- гүл, меруертгүл, намазгүл, секпілгүл, таугүл (омандр), шегінгүл, ымырт- гүл, ақшешек, бəйшешек, гүлшешек т.б.
-тамыр: көгентамыр, қаратамыр, алтынтамыр, майтамыр, марал- тамыр, мыңтамыр, бояутамыр т.б.
-қат, -жеміс, - жидек, -бүлдірген: бөріжеміс, қаражеміс, иіржеміс, бөріқарақат, қарақарақат, қожақат, қойқарақат, қызылқат, тасқа- рақат, итбүлдірген, қойбүлдірген, тасбүлдірген, субүлдірген, итжидек, қаражидек т.б.
-жапырақ: айылжапырақ, бұйражапырақ, теңгежапырақ, жаужа- пырақ, мүйізжапырақ, мыңжапырақ, тасжапырақ, түйежапырақ, ті- кенжапырақ, шүкіржапырақ т.б.
-тікен: бозтікен, түйетікен, қаратікен т.б.
Құрама сөздердің ішінде біріккен сөздердің қатарына қосып, бірге жазуға таяныш болатын тағы бір белгі бар. Ол – құрама сөз сыңарла- рының, мысалы, шөп, көк, от, құрақ, шалғын, қурай, ағаш, егін тəрізді жалпылама мəнде болуы. Дерексіз сипаттағы бұл зат есімдер белгілі бір сөздің сүйемелімен ғана нақты бір заттың (өсімдіктің) атауы болып жұм- салады. Сондықтан бір сыңары дерексіз сипаттағы құрама сөздердің осы түрін де біріккен сөз деп танып, бірге жазуға болады.
-шөп: айдаршөп, айланшөп, ащы қарашөп, əлекшөп, балшөп, бауыр- шөп, ойраншөп, бөденешөп, кенешөп, жəбіршөп, жұлдызшөп, жұмыр- шөп, көкекшөп, кірпішөп, қандышөп, кенепшөп, қарғашөп, қорғасыншөп, қояншөп, сабыншөп, өгейшөп, сағызшөп, сүйелшөп, томағашөп т.б.
-от: ақот, қарот, киікот, балықот, маралот, семізот, бақаот т.б.
-қияқ: айылқияқ, жыланқияқ, қарақияқ, өлеңқияқ т.б.
-егін, -құрақ, -балғын, -шалғын: ақегін, көкегін, балқұрақ, боз- шалғын, ақшалғын т.б.
-қурай: ақбасқурай, балқурай, қарақурай, сарыбасқурай, сепсеқурай, қызылқурай, аққурай, талқурай (вербейник) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет