Жауапты редактордан
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері
ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ҰЛЫ ТІНІ
Сан ғасырлық тарихы бар, өркениетті əлемге кеңінен тараған араб, латын, кирилл, т.б. əліпбилері əр заманда ондаған тілдің жазба түрде қыз- мет етуіне негіз болып, жалпы адамзат мəдениетінің дамуына, қоғам- ның ілгерілеуіне ерекше ықпал етті. Олардың біреуі «жақсы», «керемет», екіншісі «түкке тұрғысыз», «нашар» деп үзілді-кесілді «үкім» шығаруға болмайды. Мұндай үкім əліпби туралы айтыс-таласта бұрын да көп ай- тылған, қазіргі кезде де аз айтылып жүрген жоқ. Əрине, белгілі бір тілдің дыбыстық құрылымына негізделген əліпби жүйесін екінші бір тілге ме- ханикалық тұрғыдан көшіре салу оң нəтиже бермейді: ондай графикалық жүйені меңгеру үшін мыңдаған адам, мейлі араб, немесе латын, кирилл əліпбилері болсын, артық уақыт, артық күш-жігер жұмсайды. Сондықтан мəселе белгілі бір əліпбиді нақты бір тілдің дыбыстық жүйесіне оңтайлы етіп беруде болып отыр.
XV – XVII ғғ. Қазақ мемлекеттігімен байланысты ескі қазақ жазба тілінде жазылған əртүрлі мəтін, құжат нұсқалары болды. Демек, жазба тіл болғаны хақ. Қазақ хан-сұлтандарының бұйрық-жарлықтары, көрші елдермен жазысқан дипломатиялық қатынас қағаздары, өзара жазысқан хаттары, т.б. ескі қазақ жазба тілінің үлгі-нұсқалары болып саналады. Ə.Марғұлан, Р.Сыздық, Б.Əбілқасымов т.б. ғалымдар Қадырғали би Қосымұлының тарихи жазбаларын (1601 ж.), Əбілғазы Баһадүр хан- ның «Шежіре Түрки» (1664 ж.) ескі қазақ жазба тілінің бастау көздеріне жатқызды. Профессор Бабаш Əбілқасымов «Түркістан уəлаяты» (1870
1882), «Дала уəлаяты» (1888 – 1902 жж.) газеттерін ескі қазақ жазба тілінің үлгілері деп таниды. Сондай-ақ Мəшһүр Жүсіптің жазба мұрала- рында ескі қазақ жазба тілінің үлгілері молынан кездеседі.
Рас, ескі қазақ жазба тілінің жазу жүйесі күрделі болды. Өйткені оның құрылымы əртекті (гетерогенді) болды: 1) қазақ тілінің элементтері, 2) ескі қыпшақ тілінің элементтері, 3) қарлұқ, оғыз-қыпшақ, сондай-ақ араб-парсы тілдерінен алынған ауыс-түйістер молынан кездесіп отырды. Осыған қарап, кейбір зерттеушілер бұл тілді шағатай немесе ескі татар тілі деп те тұжырым жасады. Қазақ топырағында жасалғандықтан, қазақ қоғамына қазақ мемлекетіне қызмет еткендіктен, қазақ халық тілі эле- менттері, əуелде аздау болғанымен, кейініректе молынан қолданғандық- тан, бұл тіл ескі қазақ жазба тілі деген арнайы терминмен аталып жүр.
Əрине, ескі қазақ жазба тілі бастан-аяқ қазақтың халық тілі болмаға- нымен, сауатты, хат танитын адамдардың қатынас құралы болып, қоғам- ның мəдени қажетін өтеді.
Ұлттық жазудың ұлы тіні
Əсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ағартушылар, белгілі түркітанушы ғалымдар жазу-сызуды реформалау қажеттілігіне айрықша назар аударып, демократиялық бағытқа қарай бетбұрыс жасау- ды көздеді. Жазу-сызуды демократияландырудың негізгі мəні жазуды барынша халық тіліне жақындату еді. Жазу жүйесіндегі таңбалар ауыз- ша тілдің дыбыстық жүйесіндегі бірліктерді бейнелеуге тиіс болды. Ал бұрынғы араб əліпбиіне негізделген түркі жазуының графикалық жү- йесінде ауызша қолданыста жоқ архаикалық элементтер мен орфогра- фиялық шарттылықтар, екіұшты оқуға болатын таңбалар жиі кездесіп отырды. Міне, мұндай жайттар араб əліпбиін түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне үйлестіру жөнінде пікірлердің жиірек айтылуына себеп болды. Бұл жерде араб əліпбиін «жарамсыз» деуден бұрын, алдымен араб əліп- биіне негізделген түркі жазуы қайсы тілдің дыбыстық жүйесінің графи- калық көрінісі деген мəселенің басы ашылмаған болатын. Шындығын- да, ол кездегі түркі жазба тілі белгілі бір халықтық тілдің («тірі» тілдің) лексикалық, грамматикалық, дыбыстық жүйесін дəлме-дəл бейнелеген емес. Ол халықтық тілден едəуір айырмасы бар кітаби тілдің тұрпат межесін белгілейтін графикалық жүйе болатын. Сондықтан сол кездегі тілдік жағдаятты халық тілі өз алдына, ал жазба тілі өз алдына жүйе деп тануға тура келді. XIX – XX ғғ. мұндай диглоссия жағдаяты ағарту ісін қалың бұқараға қарай бұру ісіне қиындық келтіре бастады. Жазу- сызуды азғана топтың емес, жалпы жұртшылықтың игілігіне айналдыру мақсаты тұрды. Бұқара жұртшылықтың сөйлейтін тілінен оқыған сауат- ты адамдар қолданатын кітаби тіл жүйесінің едəуір айырмасы болды. Осымен байланысты ағартушылар алдында екі түрлі бағыт тұрды. Бірі немесе; бұрынғы кітаби тілдің жазу жүйесін өзгертпей-ақ, халық тілінің элементтеріне кеңінен жол ашу; екіншісі – жазу-сызуды ауызша тілдің жүйесіне лайықтап жасау, яғни жазу-сызу жүйесін түбегейлі реформа- лау еді.
Жазу-сызумен байланысты бұл екі бағыт қазақ қоғамының мəдени өмірінде жарыса жүрді. «Дала уəлаяты» «Айқап» «Қазақстан» т.б. мерзімді басылымдар мен кейбір баспа өнімдері тіліне халықтық тіл дендеп ене бастағанымен, ескі жазба тілге тəн кейбір нормалар сақта- лып отырды. Оның бірнеше себептері болды. Солардың негізгілері, бір жағынан дінге, екінші жағынан, жазудағы ортақ дəстүрлі норманы сақтау дегенге саяды: «...үш жүз миллион мұсылман халықтың арасында біз, қазақ та бармыз. Бізде сол жүз миллион мұсылмандарша араб харпін қабылдап отырмыз. Біздің тіліміздегі бар дыбыстардың араб харпінде жоқтары бар, араб харпінде бар дыбыстардың біздің тілімізде жоқтары бар. Соның үшін араб харпін тілімізге дөп келерлік етіп бейімдемек,
жазуды еркін бет-бетімен жаза бермей, белгілі бір соқпаққа салмақ бізге де міндет. Бұрын бұл мəселе ескерілмесе де, енді ескерілетұғын көрі- неді. Соқпақ саламыз дегенде ескерілетін жерлер:
Біз, қазақ халқы, мұсылман дініндеміз, мұсылман болғанымыз үшін біздер мұсылман дінін үйренуге, шариғат хүкімдерін білуге, ислам дінінше амал қылуға борыштармыз. Ислам дінінше амал қылу үшін біз
«Құран» оқуға, үйренуге міндеттіміз. Соның үшін біз өзімізге арнап емле түзгенде, сол ислам дінін үйренуден алыстарлық емле қолданбауы- мыз керек. Балаларымыз діни рухта тəрбие алсын. Жұрттың бəрінің бір- дей балаларын зор медреселерге жіберіп, ислам ғылымын оқытуға пара- сатты бола қоймайды; бір қатарлы балаларын тезірек хүкімет мектебіне береді; бір қатарлы намаздығын танып, жазу-сызу білетұғын болған соң үй шаруашылығына айналдырады; соның үшін де балаларымыздың жа- сынан-ақ дін ғылымына түсініп, құран оқуға үйренуі, араб харіптеріне жаттығулары тиіс. Қазақша «Əліппе» жазушылар осы жағын өте еске- ру керек. Осы күнгі қалыпта хүкімет мектептерінде оқып жүрген қазақ шəкірттерінің көбі-ақ бұл айтылған қалыпқа келіп жетпейді. Араларын- да құран аятынан екі жол қосып оқи алмайтындары да толып жатыр, бұл – бір.
Екінші, харіп жаңа «Əліппе» жұртты қосуға да, айыруға да себеп- кер болғандықтан, біздің тұтынған харпіміз басқа түркі балаларының харіптерімен ұзақтап бөлініп кетпесе тиіс; аталарымыз «саяқ жүрсең, таяқ жерсің» депті ғой. Біз неде болса бізден гөрі мəдениет дүниясына бұрын аяқ басқан, бізден көрі ояуырақ діндес-қандасымыз ноғай жұр- тынан алыс жүрмелік. Соларменен ұрандасып, бірімізге біріміз шылбыр берісіп, бірге қимылдалық» [1].
Ал екінші бағыт ескі кітаби тілдің грамматикалық жүйесінен (араб əліпбиінен) мүлде бас тартып, орыс жазуына көшу болатын. Бұл жөнін- де кейбір қазақ оқығандарының арасында айтылып жүрген пікірлердің сыңайы мынадай: «Инспектором инородческих школ Оренбургско- го ученого округа В. Катаринским, при участии учителей-киргиз, со- ставлен и частью издан целый ряд книжек для чтения и элементарных учебников для изучения киргизами русской грамоты и русского языка... Важной особенностью всех этих книжек является то, что киргизский текст напечатан в них русскими буквами. Этим достигается та выгода, что для учащегося киргиза до невероятности облегчается возможность научится читать на родном языке, если киргизские слова изображены русскими буквами. Этим достигается та выгода, что для учащегося кир- гиза до невероятности облегчается возможность научиться читать на родном языке, если киргизские слова изображены русскими буквами.
Ұлттық жазудың ұлы тіні
Это потому, что русская азбука гораздо лучше и точнее передает звуки киргизского языка, чем арабская, при том одна и та же арабская бук- ва имеет несколько начертаний, что предоставляет главное неудобство арабского алфавита. При том же, при новом способе начертания кир- гизского текста, по одной и той же книжке могут с одинаковым успехом учиться как киргиз русскому языку, так и русский киргизскому языку. Счастливая мысль – заменить для киргиз арабский алфавит русским, как известно, впервые пришла в 70-годах известному Алтынсарину, применившему ее на деле, и с тех пор составляет мечту всех образован- ных киргиз, желающих облегчить своему народу путь к просвещению. Тем более эти книги достойны внимания, что они являются первой по- сле Алтынсарина, попыткой освободить киргизский язык от арабщи- ны и татарщины, которыми сплошь и рядом наполнены обыкновенные киргизские книжки» [2].
Қазақ тілін «арабщина», «татарщина»-дан «құтқару» идеясы шын мəнінде Н.Ильминскийдің миссионерлік саясатының «жемісі» бола- тын. Н.Ильминский қазақтарды ашықтан-ашық ислам мəдениетіне қар- сы қою əрекетінен нəтиже шықпасын жақсы білді. Қазақ қоғамындағы ислам түп тірегі жазуда екенін, бұратана халықтарды дəстүрлі дінінен айыру үшін ең алдымен олардың əліпбиін, жазу-сызуын аластау екенін жақсы түсінді. Қазақ қоғамындағы араб жазулы рухани дүниенің бəрін
«татарша», «тілі шұбарланған», «таза емес», араб-парсы сөздерімен шұ- барланған деп қазақтың ескі жазба тілі (кітаби тілі) деп аталатын руха- ни-мəдени құндылықты халық тіліне қарсы қойды. Бірін даттап, екін- шісін мақтады.
«Алфавит служит обыкновенно признаком и памятником соотноше- ний религиозных. Та почти историческая аксиома, что когда один народ принимал от другого народа веру, то вместе с верой принимал от него и алфавит.
… Если бы каким-нибудь чудом все подвластные России племена, исповедующие магомедство, вдруг приняли православную веру, то и русский алфавит вошел бы к ним без всякого затруднения. Но пока они остаются магометанской вере, до тех пор русской азбуке будет крайне трудно бороться с алфавитом арабским. Если, в виду тех или других соображений необходимо ввести в языке магометанских племен рус- скую азбуку, то нужно найти или создать какую-нибудь опору для нее в симпатии магометан. За недостатком религиозного сочувствия, можно опереться, например, на идею звукового преимущества. Арабский ал- фавит очень неудобен для языков татарских, поэтому особенно, чтобы беден знаками для гласных звуков, которыми напротив языки татарской
группы богаты», – деп Н.Ильминский араб əліпбиі түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің дыбыс жүйесін, əсіресе дауыстыларын бере алмайтынын айтып, қазақ оқығандарын иландыруға тырысады [3]. Қазақтың ескі кітаби тілінің құрылым жүйесінде кездесетін а) архаика- лық белгілерді, ə) қарлұқ, б) оғыз-қыпшақ, в) қыпшақ элементтерін, г) орфографиялық шарттылықтардың бəрін «татардікі», «қазақтікі» емес деп уағыздайды. Сол уағызға ерген кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба тілін «татарщина», «арабщина» деп жағымсыз реңмен атады. Н.Ильминский алғаш рет қазақ тілі материалдарын орыс жазуына түсіріп, орыс əліпбиімен берудің үлгісін жасады. Ондағы көздеген мақ- саты орыс əліпбиін қазақ оқығандарының санасына сіңіру, сөйтіп араб əліпбиін «жарамсыз» етіп, қазақ қоғамын ислам мəдениеті мен рухани дүниелерінен шеттету еді. Оны Н.Ильминскийдің мына сөзінен айқын аңғаруға болады: «Так и у нас в России единство алфавита, даже самое точное, не приведет к внутреннему единению инородцев с русскими, пока первые не объединятся с нами в вере православной. Я даже пола- гаю, что иноверные инородцы, имеющие свою религиозную письмен- ность, как, например, татары-магометяне, или ламайцы-буряты, не при- мут русского алфавита ни целиком, ни с каким угодно приспособления- ми и прибавками. Все наши инородцы, как и русский сельский народ, находятся в периоде религиозного миросозерцания и руководствуются
религиозными мотивами».
Н.Ильминскийдің қазақ тілі дыбыстарын орыс əліпбиіндегі əріптер- мен таңбалауы онша сəтті бола қойған жоқ. Араб əліпбиіндегі əріптер дауыстыларды таңбалауға кедей болса, орыс əліпбиі дауыссыздарды таңбалауға жеткіліксіз болып шықты. Н.Ильминскийден кейін де қазақ мəтіндерін орыс əліпбиімен берудің В.В.Радлов, Ы.Алтынсарин, В.Ка- таринский, т.б. жасаған үлгілері болды. Бірақ сол үлгілердің барлығына ортақ кемшілік қазақ тілі фонологиялық жүйесінің жыға танылмауымен байланысты еді.
Міне, осы қысқаша баяндаудан халық тілінің дыбыстық жүйесін бел- гілейтін жаңа типтегі əліпби түзуде, жазу үлгісін жасауда едəуір қай- шылықтар мен қиындықтардың діни, азаматтық, дəстүрлі мəдениет пен ағартушылықтағы жаңа бағыт, т.б. тəрізді аса күшті əлеуметтік фактор- лармен байланысты екенін байқауға болады.
Сонымен, қазақ жазуына реформа жасаушылардың алдында, негізі- нен, мынадай басты міндеттерді шешу күн тəртібінде тұрды: қазақ жа- зу-сызуы қай əліпбиді қолдану керек?
Графикалық жүйенің мазмұн межесі байырғы түркі жазба тіліне тəн архаикалық элементтерді, қарлұқ, оғыз-қыпшақ (қыпшақ-оғыз), таза
Ұлттық жазудың ұлы тіні
қыпшақтық, қазақтық белгілерден тұратын құрылымдық жүйелерді бел- гілеуі керек пе, əлде бірыңғай таза халықтық тілді (сөйлеу тілін) тірек етуге тиіс пе? Жазу жүйесі жалпы халықтық тілдің құрылымын арқау етсе, қай əліпбиге (араб əліпбиіне, əлде орыс əліпбиіне) негізделуге тиіс? Тілдегі фонемалардың құрамы дұрыс анықтала ма?
А.Байтұрсынұлы жазу-сызудың арқауы халықтық тіл болу керек де- ген тұжырымды ұстанып, жазуды азғана оқығандардың емес, көпшілік- тің білім, тəрбие құралына айналдыру, яғни жазу-сызуды демократия- ландыру қағидасын дəйекті түрде жүзеге асыруды, даналықтың дəнін себуді мақсат етті.
Солай еткенде ғана жазу-сызу үлкендей азғана элитарлық топтың ғана емес, күллі халықтың игілігіне айналуы тиіс болды. Осымен бай- ланысты ағартушылардың алдында екі таңдау тұрды. Біріншісі – оқу- ағарту, сауаттандыру ісінің бұқаралық сипат алуы үшін араб графика- сына негізделген бұрынғы əліпбиді негізге алып, ескі жазба тілінің гра- фика, емле дəстүрін сақтай отырып, қолданыстағы жазу дəстүрінен қол үзбей, тек азды-көпті оңтайландыру болды. Бұл «Айқаптың» ұстанымы еді.
Екіншісі – ескі жазба тілінің графикалық жүйесінен мүлде бас тар- тып, қара халықтың ауызша тіліне негізделген əліпби жүйесін жасау. А.Байтұрсынұлы екінші жолды таңдады. Мұның бірнеше себептері болды: біріншіден, күнделікті өмірде қолданылып жүрген тілдің ды- быс жүйесін арқау етсең, жазу-сызуды халық тез игеретінін, екіншіден, Р.Сыздықтың айтуынша, XV – XVII ғғ. қазақ халқының мəдени өмірінде қазақ халқын құраған ру-тайпалардың əріден келе жатқан поэзия тілінің негізінде ауызша дамыған əдеби тіл қызмет етті [4]. Осы аталған ауыз- ша тілдің үлгілері болып саналатын шешендік сөздер, эпикалық туын- дылар, ақын-жыраулардың аса мол көркем дүниелері, мақал-мəтелдер, тұрмыс-салт жырлары, т.б. түбінде жазба тіл нормаларына тірек болға- нына, сондай-ақ қазақ тілінің бірегей, біртұтас тіл екеніне Ахаң жете мəн беріп, тереңнен түсінді. Бұл факторлар жазуды халық тіліне негіз- деудің тиімділігін көрсетті. Ал өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде диалек- тілік құбылыс басым болғандықтан, халық тілі біртұтас болмады. Ха- лық арасында аса кең тараған эстетикалық-тəрбиелік, танымдық мəні, көріктеуіш құралдары, азаматтық-қоғамдық үні айрықша ауызша əде- биет үлгілері бар екенін, оның қалыптасқан тілдік, стильдік нормалары жаңа сападағы жазу-сызу түзуге мықты тірек болатын əлеуметтік-тілдік фактор екенін А.Байтұрсынұлы терең түсінді.
Жалпы тіл білімінде тұңғыш фонологтар деп əдетте əліпби түзушілерді айтады (олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес).
А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің дыбыстары жөніндегі фонологиялық көзқарасы алдымен өзі түзген əліпбиден көрінеді. «Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның тоғызы дауысты, он тоғызы дауыссыз. Дауысты дыбыстар .../а/, .../о/, .../ұ/, .../ы/, .../е/ жəне ə, ө, ү, і. Дауыссыз дыбыстар мынау: .../б/, .../п/, .../т/, .../ж/, .../щ/, .../д/, .../р/, .../з/, .../с/, .../ғ/, .../қ/, .../г/,
.../ң/, .../л/, .../м/, .../н/. Жарты дауысты дыбыстар: шолақ .../у/, һəм шо- лақ .../й/». Бірақ А.Байтұрсынұлы тоғыз дауыстының бас-басына таңба алмай, «Бес дауысты» жүйемен əліпби түзе келіп, олардың əрқайсысын бір-бір əріппен белгілейді. Сөйте отырып, əлгі əріптер арқылы жазу- да əр фонеманың екі түрлі əуезін (жуан, жіңішкелігін) сол фонеманың таңбасына сыйғызып береді. Сөйтіп, төрт дауыстының бас-басына əріп алмай-ақ, дəйекші арқылы жуан немесе жіңішке (дəйекші болмауы – жуан оқуды, дəйекші болуы – жіңішке оқуды) əуезде оқылатындай жазу жүйесін жасайды. А.Байтұрсынұлы əліпби жүйесінің, түптеп келгенде, сол кездегі жəне қазіргі жазу жүйесінен өзгешелігі əріптердің əрі дыбыс- тық мəнді, əрі сөз əуезін (жуан-жіңішке əуезін) білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде. «Біте қайнасқан» бұл ерек- шелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесінен ерекше үйлесім табады:
«Тəнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды солай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты да- уысты дыбыстар жуан айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыс- тардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, басқа дыбыстар- дың да жуан-жіңішке айтылғандығы да айырылғандығы» [5].
А.Байтұрсынов түзген əліпби жүйесінде фонемалар мен əріптердің сандық қатынасы 28/фонема/ 24/ əріп/ болып шығады. Мұндай қатынас,
«əліпбидегі əріптің саны фонеманың санына аз кем төмен болуға тиіс» деген жазу теориясындағы ең жақсы əліпби шартымен үйлесіп жатады. А.Байтұрсынұлы тек əліпби түзіп қойған жоқ, фонология теориясын- дағы айырым белгі əдісін қолдану арқылы қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен түзілімін 9 дауысты, 19 дауыссыз деп тұңғыш рет дəл анықтады. Дауыс- тылар мен дауыссыздарға берген сипаттамасына қарағанда А.Байтұр- сынұлы дауыстыларды біздің байқауымызша, функционалдық басыңқы жүйе, ал дауыссыздарды функционалдық бағыныңқы жүйе деп таниды. Мұндай лингвистикалық танымның мəні айрықша. Əдетте басыңқы жүйе- нің (дауыстылардың) бағыныңқы жүйеге əсері, ықпалы күшті болады. Соның салдарынан бағыныңқы жүйенің (дауыссыздар) жүктемесі де кө- бейе түседі. Мəселен, дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың реңктері əлдеқайда көп болып, басыңқы жүйенің ыңғайына қарай жуан, жіңішке, еріндік, езулік болып түрленіп отырады. Бұл тұста қазақ тілтаным ғылы-
Ұлттық жазудың ұлы тіні
мында Ə.Жүнісбек халық тілі дыбыстарының фонетикалық төсенінішін (матрицасын) жан-жақты жүйелеп бергенін атап айтамыз. Сөйтіп, жуан немесе жіңішкелік белгі бүкіл сөз бойы тұтаса айтылып, əуен-əуез бірлі- гіне айналады. «Байтұрсынұлы əліпбиіндегі» (жалпы тіл біліміндегі ата- уы, Самойловичтің термині) дəйекші əуен-əуез бірлігін бейнелесе, жеке əріптер жекелеген дыбыстық бірліктерді көрсетеді. А. Байтұрсынұлы жазуының графемалық жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан сегменттік, əрі суперсегменттік бірліктерді (жуан, жіңішкелікті) белгіледі. Сондықтан да бұл жазу жүйесі қазақ тіліндегі сингармонизм табиғатымен барынша үй- лесімді болды. А. Байтұрсынұлы жазу жүйесінің бұрынғы араб əліпбиі негізіндегі ескі қазақ жазу жүйесінен, орыс əліпбиіне негізделген жазу жүйесінен принципті айырмасы осында еді. А.Байтұрсынұлына дейін араб əліпбиіне негізделген қазақ жазуының тұрпат межесі жуан немесе жіңішке белгілерді дауыссыздардың ырқына бағындырып бейнеледі, яғни дауыстылардың жуан немесе жіңішкелік белгілері дауыссыздардың жуан немесе жіңішкелік таңбасына қарай оқылды. Ал орыс əліпбиіне негіздел- ген жазу болса, біріншіден, сөздің жуан немесе жіңішкелігіне тəн бел- гілерді жеке дыбыстармен «бөлшектеп» берді, екіншіден, дауыссыздар жүйесінің дауыстылар жүйесіне бағыныңқылық қатынасы ескерілмеді.
А.Байтұрсынұлы түзген əліпбиді сол кезеңдегі фонологиялық мек- тептің аға буын өкілдері, əлемдік лингвистиканың көшбасшысы болған Е.Д.Поливанов, сондай-ақ Н.Ф.Яковлев тəрізді көрнекті фонологтар аса жоғары бағалады. Түркітанушы К.К.Юдахин мен А.М.Сухотин латын жазуына көшкенде қырғыз халқының Байтұрсынұлы əліпбиі сол күй- інде қолданғанын атап айтады. Мұның өзі А.Байтұрсынұлы əліпбиінің ұлтаралық мəртебесін көрсетеді.
Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы түзген əліпби жазу тəжірибесінде жұртшылықты сауаттандыру ісіне өте оңтайлы болғанын Міржақып Дулатұлының мына пікірінен айқын байқауға болады: «Қазақ тілін қолына қалам ұстағаннан бері шылғи қазақша жаза бастаған Байтұрсынов қазақ емлесін шығарды, оқу құралдарын жазды. Осы екі жылдың ішінде
«Қазақ» газетасының тіл, емле туралы қылған қызметі көзге көрінерлік болды. Екі жылдың ішінде орта есеппен 250 мың дана «Қазақ» нөмірі тарады, жаңа сөйлеммен 15-тей кітап шықты, бұлар 45 мың данадай бар. Осының бəрі қазақ арасына тарап жатыр. Бұл емлені тосырқап түсін- бейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ» емлесін мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шəкірттер, учитель- дер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ» нөмір- лерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, иншалла, мұнан кейін артпаса, кемімес деген үміт зор» [6].
А.Байтұрсынұлы бұрын тек бір ғана формада, яғни ауызша түрде қыз- мет етіп келе жатқан ауызша əдеби тілдің графикалық, орфографиялық жүйесін жасап, оның жазбаша түрде қызмет етуін зерделеп берді. Таңба теориясы тұрғысынан алғанда А.Байтұрсынұлының жасаған араб əліп- биі негізіндегі жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпыхалықтық тілдің бір формасы болып табылатын ауызша əдеби тілдің дыбыс бірлік- терін, ал мазмұн межесі тұрғысынан сол тілдің мағыналық бірліктерін белгіледі. А.Байтұрсынұлының лингвистикалық мұрасын жан-жақты зерттеп, арнайы монография жазған Өзбекстандық ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор Махамбет Жүсіпов қазақ тіл білімі тарихында А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің дыбыстық бірліктер түзілімін дəлме-дəл анықтауы арқылы ұлттық жазудың тұңғыш фонемо- графиялық жүйесін жасағанын атап айтады.
Сөйтіп, ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы қазақ жазу-сызуын демократиялық бағытқа (халық тіліне) бұрды; қазақ жазуы фонетикалық жазудан фонемографиялық жазуға қадам басты; ұлттық жазудың негізі қаланды. Қазақ жазуының онтогенездік дамуындағы бұл ерекше кезең- де Ахмет Байтұрсынұлы ақыл-парасатты, қажыр-қайратты лингвисти- калық ой тереңдігі жағынан дəуірдің дара тұрған біртуар ұлы тұлғасы болды.
Алайда қазіргі қолданылып жүрген орыс графикасына негізделген жазуды, біздің ойымша, ұлттық сипаттағы жазу деп тануға болмайды, өйткені, біріншіден, əліпби құрамында қазақтың дыбыс жүйесін бей- нелемейтін əріптер бар. Екіншіден, қазақтың төл сөздері қазақ тілінің дыбыс ережесімен, ал толып жатқан кірме сөздер (экономика, меди- цина, цех, футбол, т.б.) орыс орфографиясының ережесімен жазылып жүр. Кеңестік кезеңде Орталықтың нұсқауымен жасалған, тоталитарлық режімнің салдары. Кіндігі орыс тіліне байланып қалған мұндай қостіл- ді жазу-сызуды ұлттық сипаттағы рухани дүниеміз деп тану екіталай. Сондықтан да даналықтың диқаншысы болған Ахаңнан тағылым ала отырып, қазақ жазуын түбегейлі реформалау арқылы оған ұлттық сипат беру кезек күттірмес өзекті мəселелердің бірі болып отыр.
Дыбыс – фонема – графема – əріп – əліпби
Достарыңызбен бөлісу: |