Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
І Алгебра ұғымы туралы түсінік
1.1 Алгебра жалпы ұғым ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
1.2 Сандық өрнектер құруға үйретуде оқу есептерінің
қолданылуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7
ІІ Алгебралық материалды оқыту әдістемесі
2.1 Математикалық өрнектер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
2.2 Амалдар тәртібінің ережелерін оқып үйрену . . . . . . . . 25
2.3 Өрнектерді түрлендірумен таныстыру . . . . . . . . . . . . 27
2.4 Әріпті өрнек . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 29
2.5 Теңдік, теңсіздік, теңдеулер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 38
2.6 Есепті теңдеулер арқылы шығару. . . . . . . . . . . . . . . . . 46
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 57
Әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
КІРІСПЕ
Қазіргі заманның талаптарына сай еңбекке, қоршаған ортаға, қоғамға деген қарым - қатынастылықтар мен көзқарастарды қалыптастыру мектеп курсының барлық пәндерін оқыту процесінде жүргізіледі, орындалады. Алайда, осы бағытта математика пәнін алып қарастыратын болсақ, оның оқытудағы әдіс – тәсілді ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелеуде өте қуатты құрал болып табылатынын сөзсіз.
Математиканың әр қадамы өмірдің қажетінен туады, сабақта қарастыратын көп есептер адамның практикалық дүниесіне байланысты. Сондықтан математикалық ұғымдардың нақты және тиімді болуы оқушылардың жеке тәрбиесіне байланысты, оқу жүйесіне қойыфлаын бірінші шарт – ол оқушылардың оқу процесі өмірімен байланысты болуы. Математикадан алған білім, біліктерін оқушылар тек еңбек және оқу әрекеттерінде қолданып қоймай, сонымен қатар мәдениеттің басқа салаларын да меңгертуге де пайдалануға болады. Математиканың тәрбиелік әсер етуі – оқушылардың бойында ой - өрісті, саналы ойлай білу ерекшеліктерін, өмірге деген көзқарастарын, танымдық ерекшеліктерін, патриоттылық сезімдерін оята отырып дамыту, қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Ал, ондай жетістіктерге алгебралық материалдарды жетік меңгеру арқылы жеткізу мүмкін .
Дұрыс жолға қойылып шешілетін математикалық білім оқушының бойында өте бекем, орнықты ойлау қабілеттері мен дағдыларын қалыптастырады. Ешқандай, математикадан өзге пәндік сабақтар, оқушыға «дұрыстылық, дәлдік, әділеттілік» секілді бейтанысты тенденцияны ашып айқындап көрсете алмайды»
Нарықтық қатынастарға көшу кезінде іс - әрекетті тиімді ұйымдастыра білудің мәні өте жоғары. Оқушыларды осындай біліктілікке ие ету қажеттілігі оқытуды өмірмен байланыстыру және оқушыларды өндірістік еңбекке шығармашылықпен қатысуға даярлау талаптарынан келіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |