Алгебралыќ материалды оќыту методикасы



бет6/8
Дата08.12.2022
өлшемі311,5 Kb.
#55770
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дип.-Алгебралық-материалды-оқыту 3

Сабақтың тақырыбы: Амалдардың орындалу тәртібі.
Сабақтың мақсаты: Екі басқыштың амалдары көрсетілген жақшасыз өрнекте амалдарды орындау тәртібімен таныстыру.
Оқулықтағы 1-жаттығуды оқушылар өздігінен шығарып болғаннан кейін әрбір өрнекте қандай амалдардың көрсетілгенін және олардың қандай тәртіппен орындалғанын айтып береді. Бұдан кейін оқулықтағы (Есіңе түсір! Есіңе сақта!) тұжырымдама ережелерді оқып шығып және оны басшылыққа ала отырып, 2-жаттығуды орындау ұсынылады.
3,4-жаттығулардың алғашқы бағандары мұғалімнің басшылығымен орындалуы қажет. Мұнда әр бағандағы мысалдар салыстырылады. Олардың ұқсастығы, айырмашылығы мен өзара байланысын түсіндіріп беру талап етіледі. Жаттығулардағы қалған мысалдарды оқушылар өздігінен орындайды.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар 5-жаттығуды орындайды. Есепті оқып шығып, оны қалай шығаратындығын түсіндіреді, шешуі мен жауабын жазады. Осы есептің деректерін пайдаланып (42+10)-40, (42+10)-12 өрнектері бойынша шығарылатын кері есептер құрастырылады.

40ш – I бөшке


Болғаны
12ш – II бөшке
Алынғаны – 10ш
Қалғаны - ?
(40+12)-10=42
Жауабы:42 шелек су қалды.
40ш – I бөшке
Болғаны
? - II бөшке
Алынғаны – 10ш
Қалғаны – 42ш
(42+10)-40=12
Жауабы: бірінші бөшкеде 40 шелек су бар.

7-жаттығуды оқушылар өздігінен орындайды. Теңдік тура болатындай етіп жақшалар қою талап етіледі.


Шығармашылық тапсырманың шешуі: 8 саны.
Тапсырманы кері қарай қарастыра отырып, дедукция әдісімен шешуге болады. Қосындыны 6-ға бөлгенде 7 шығады делінген. Ендеше ол қосынды
7·6=42. Әрі қарай 42-2=40. Сонда 40:5=8
Ойлаған сан 8 болып шықты.
Үйде 6-жаттығуды орындау ұсынылады.
Сабақтың тақырбы: 23+2 және 25-2 жағдайларындағы қосу мен азайту.
Сабақтың мақсаты: Бірліктерге бірліктерді қосуға және бірліктерден бірліктерді азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру. Екі амалмен шығарылатын есепті және ондықты аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізуге отыра, амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау, есте сақтау, өз бетімен шешім қабылдап, қортынды ой – пікір білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілеттерін дамыту. Берілген тапсырмалар бойынша оқушының өзінің белсенді ойлау әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыру, сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Оқу мен ойлау әрекетінің тиімді тәсілдері, оқушының өз беттерімен ойлану нәтижесінде қортынды пікірге келу, дәлеледеу, сұрақ-жауап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет