Гибрид криптожүйелер. Практикада RSA алгоритмі хабарды шифрлау үшін қолданылмайды. Алгоритмнің жылдамдығы DES алгоритмімен салыстырғанда 1000 есе баяу. Сондықтан көбінесе гибрид криптожүйелер қолданылады. Гибрид криптожүйелер ашық кілтті және жабық кілтті алгоритмдерді бірдей қолданады. Мұндай алгоритмнің орындалу реті келесідей болуы мүмкін. Жабық K кілтін RSA алгоритмінің көмегімен шифрлауға болады. Бастапқы құжаттар блоктық немесе ағында алгоритмімен К құпия кілтімен шифрланады. Сонда RSA алгоритмін бір рет қана орындауға болады. Симметриялық алгоритмдердің кемшілігі – құпия кілт ауысу процедурасы болып табылады. Төменде бұл есеп шешуінің қарапайым жолын келтірдік. Болат ашық каналмен Айгүлге К құпия кілтін былай жібереді.
Жіберуші (Болат):
Кездейсоқ х санын {0,...,2’-1}диапазонынан таңдап алады, мұндағы l 2’ Құпия кілт K=h(x) мәнін h хэш-функция көмегімен табады.