Алфавит - Ақпаратты кодалау үшін пайдаланылатын таңбалардың шектеулі жиынтығы.
Ақпараттық қауіпсіздік- Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай күйі.
Ақпаратты қорғау- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.
Алгоритм - Берілген есепті шешу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі. Арбитражды хаттама- Арбитр - хаттама қатысушысы, хаттаманың кезекті қадамын орындау үшін әрекет ете отырып, қалған қатысушылар оған сенеді. Ассиметриялық жүйе- Ашық кілтті криптожүйелер деп те аталады. Бұл жүйеде деректерді шифрлау үшін бір кілт, шифрды ашу үшін басқа кілт қолданылады.
Аутентификация - Бұл функция қатынасу серіктерін және деректер көзін аутентификациялауды қамтамасыз етеді.
Блоктық шифрлар- Шифрланатын мәтіннің бөлігіне қолданылатын түрлендірудің негізгі әдістерінің тізбегі.
Бірреттік шифрлау жүйесі- Кілттік тізбектің бір рет қолданылуы.
Бүтіндік- Хабарды алушы алынған хабарда оны жіберу кезінде жолай қандай да бір болмасын өзгеріс енгізілді ме, жоқ па соны тексере алады.
Гаммалау арқылы шифрлау - Шифрланатын мәтіннің символдары шифр гаммасы деп аталатын кейбір кездейсоқ тізбек символдарымен қосылады.
Гаммалау (gamma xoring) - белгілі бір заңға сәйкес шифрдың гаммасын ашық деректердің үстіне салу (беттестіру) үрдісі.