Бекіту сұрақтары:
Электронды қол қою дегеніміз не?
Кілтпен басқару деген не?
Кілттердің генерациясын қалай түсінесің?
Кілттердің жиналуын қалай түсіндіруге болады?
Кілттердің таратылуы дегеніміз не?
Дәріс 3. Криптографиялық әдістердің жүзеге асуы
Мақсаты: Криптографиялық әдістердің жүзеге асуымен танысу.
Жоспар:
Ақпаратты қорғау әдісін іске асыру мәселесі екі аспектіге ие:Криптографиялық алгоритмдерді іске асыратын құралдар жасау. Осы құралдарды қолдану әдісі. Қарастырылған криптографиялық әдістерінің әрқайсысы не бағдарламалы немесе аппаратты тәсілмен жүзеге асырылу мүмкіндігі криптографиялық түрлену әдістерінің барлығы немқұрайды және соңғы алгоритмдік процедурасы түрінде көрсетілуі мүмкін екендігіне сүйенеді. Аппаратты жүзеге асырылуда шифрлеу мен шифрды ашу процедуралары арнайы электронды кескіндермен орындалады. Анағұрлым көп таралу қоспа әдістерді жүзеге асырылатын модульдерге ие болды. Шифрлеудің шетелдік сериялы құралдарының көпшілігі DES американдық стандартқа негізделген. Мысалы, Криптон құрылғысы сияқты отандық жұмыстарды шифрлеудің отандық стандарты пайдаланылады. Қорғанысты жүзеге асырудың бағдарламалық әдістерінің негізгі құндылығы олардың иілгіштігі, яғни шифрлеудің алгоритмдерін жылдам өзгерту мүмкіндіктері болып табылады. Бағдарламалы іске асырылудың негізгі кемістігі аппаратты құралдармен салыстырғанда әдеуір ауырырақ (шамамен 10 есе) әрекет етуі болып табылады. Соңғы уақытта бағдарламалы – аппаратты құралдар деп аталатын шифрлеудің қоспа құралдары көріне бастады. Бұл жағдайда компьютерде ерекше «криптографиялық операцияларды орындауға бағытталған есептеуіш құрылғы қолданылады. Бағдарламалы қамсыздандыруды өзгерте отырып, мұндай құрылғы үшін шифрлеудің сол не басқа әдісін таңдауға болады. Мұндай әдіс өз ішінде бағдарламалық және аппаратты әдістердің құндылықтарын біріктіреді. Осылайша, нақты ПЖ үшін криптоқорғаныстың жүзеге асырылу түрін таңдау елеулі мөлшерде оның ерекшеліктеріне байланысты және ақпараттардың қорғаныс жүйесіне қойылатын талаптардың жан – жақты талдауына сүйенуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |