3. Мәліметтерді шифрлеу стандарты.
Мәліметтерді шифрлеу стандарты бірінші рет 1975 жылы баспаға шықты. Басында ол жан жақты зерттеуге және сындарға тап болды. Шифрлеу алгоритмін құрудың бірден бір қиындығы, дешифрлеу алгоритмінің қарапайымдылығын сақтай отырып қажетті күрделілікпен қамтамасыз етуде болып табылады.
Қарапайым шифрлеу схемасы әдетте әмбебап болып келеді және де ол тек битер немесе символдар тізбегінен ғана тұрмайды. Стандарттың ерекшелігі мынады, ол мәліметтер блогына амалдар қолдануға мүмкіндік тудырды, нәтижеде шифрлеудің жаңа түрі пайда болды. Стандарт және оны қолдану криптографияда бірнеше жаңа концепциялардың пайда болуына алып келді.
Шифрлеу алгоритмінің Стандарты бірнеше ерекшеліктерден тұрады. Оның қасиетінің бірі - қосымшалық. Егер кодтар тізбегі ретінде x, y және k болып, олар y=k(x) қатынасымен байланыста болса, онда ол қатынас тізбегін қосымша кодтармен алмасытыруға болады, атап айтқанда мысалы, 0-ді 1-ге алмастыру арқылы немесе керісінше. Әйтсе де бұл әдіс аса сақтықты талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |