Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Жасырын уқалау (массаж) жасағанда жүректің асқынуы



бет115/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Жасырын уқалау (массаж) жасағанда жүректің асқынуы

Жүрек, өкпе, плевраны жарақаттау арқылы қабырға мен төстің, сынуы және өкпе мен гемоторокс ауруларының дамуы.


Жүректі қайта жандандыруды кез келген жағдайларда жүрек қағысы қай жерде тоқталса да дереу жасау керек. Науқасқа жан кірудің бастапқы сәті шарт, тыныс алу жолдарымен жүрекке массаж жасаудың дұрыс сәйкес келуі.
Үш кезеңді бірге қолдануы қанға оттегінің жеткілікті түсуі және басқа ағзаларға, яғни бас миына олардың жеткізілуін қамтамасыз етеді.


Бір адам арқылы тірілту
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіп, өкпеге екі рет үрлеу жіберіп, содан кейін 10-15 рет кеудеге күш салады (2:10-2:15 сәйкес).
Екі адам арқылы тірілту
Бір адам ӨЖТА-ды жасайды, ал екіншісі - ауаны ішке тартуға 4-5 рет кеудеге күш салып (1:10-2:15 сәйкес), жүрекке уқалау жасайды.
Жүрекке уқалау жасау барысында ауа үрлеуге, өкпеге дем беру барысында кеудеге күш түсіріп уқалау жасауға болмайды. Әрбір 2-3 мин сайын өткізіліп отырған шаралардың тиімділігін тексеріп отыру қажет.
Реанимациялық шаралардың тиімділігі кезінде жүрек қызметі және тыныс алуы қалпына келгенше (жүрек жиырылуы, систолдық АҚ 70-80 мм сн.бғ, РS қалпына келгенше) немесе «Жедел жәрдем» келгенше реанимациялық шараларды жалғастырып отыру керек.
Егер жүректің қызметі қалпына келсе, уқалау тоқтатылады. Ал ӨЖТА толықтай қалыпқа келтірілгенше жалғастырылады.
Тек реанимациялық шаралардың басталғанына 10-15 минут уақыт өтіп, реанимациялық шаралардың нәтижесіздігінде, яғни көз қараршықтары кеңейіп, жарыққа реакциясы жоқ болса онда ағзада мидың өлуі басталғанын ескеру қажет. Бұл жағдайда реанимациялық шаралар тоқтатылады.


Өкпенің жасанды тыныс алуы(ӨЖТА)
Мақсаты: тыныс алуды қалыпқа келтіру
Көрсетім: тыныс алудың тоқтауы
Жабдықтар: салфетка (қол орамал), секундтық тілі бар сағат.
ӨЖТА-ын жапа шеккен кісінің өкпесіне ауаны белсенді түрде үрлеу әдісімен жүргізеді.
ӨЖТА міндеттері - өкпе альвеолалары тыныс алуы жойылған немесе әлсіз көлемін алмастыру немесе орнын басу.
ӨЖТА-ын бірнеше әдістермен жүзеге асыруға болады. Соның ішіндегі ең қарапайым әдісі - "ауыздан мұрынға", "ауыздан ауызға" әдісімен өкпеге жасанды вентиляция жасау болып табылады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз етіңіз.

  1. Қолдың 1-2-ші саусақтарымен науқастың мұрнын қысып,өкпені "ауызбен-ауызға" әдісімен жасанды түрде тыныс алдырыңыз.

  2. Терең дем алыңыз, кейіннен дәкеден жасалған салфеткамен жабылған емделуші аузына өз аузыңызды тығыз түрде басып, оның тыныс алу жолдарына терең, күшті түрде дем шығарыңыз. Кеуде торын жақсылап керілетіндей етіп, ауаны жеткілікті көлемде үрлеуге тырысыңыз.

  3. Емделуші басы шалқайған күйінде сүйеп отырып шегініңіз. Ырықсыз дем шығарудың жүзеге асырылуына мүмкіншілік беріңіз. Кеуде торы орнына түсіп, бастапқы қалпына келген кезде, циклді қайталаңыз.

Тыныс алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығына қарағанда 2 есе қысқа болуы керек. Үрлеу жиілігі орташа есеппен алғанда минутына 12-14 рет болуы керек.
ӨЖТА "ауыздан мұрынға" әдісімен жүргізген кезде, емделуші жағдайы өзгермейді, бірақ емделуші аузын жабады, сонымен қатар төменгі жағын алға қарай жылжытады. Ол тілді жұтудың алдын-алу үшін жүргізілетін шара. Үрлеуді науқастың мұрны арқылы жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет